Армандар орындалады

Новости
19.09.2017, 11:19
3 мин чтения
Жамбыл жол бөлімшесінде ұлттық компанияның жастарды қолдау саясатын кең насихаттау мақсатында «Менеджмент жоба» және «Болашақ басқарушылар» өңіраралық білім трнингтері өтті. Екі күнге ұласқан шара жергілікті темір жол колледжінің базасында ұйымдастырылып, оның ашылуына қатысқан Жамбыл жол бөлімшесінің Бас инженері Анатолий Ким қатысушыларға сәттілік тіледі.   Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің Бас инженері Жұмағали Урсаров пен Тараз темір жол колледжінің директоры Нұржан Нұралиевтер де жастарға сәттілік тілеп, сенім білдірді. Ал Жамбыл магистарльдық желі бөлімшесінің жетекші инженері, жамбылдық жас теміржолшылардың көшбасшысы Дәулетбек Жалғасбаев биыл сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған аймақтық форумға екі жүзге тарта жастар қатысып отырғанын  алға тартты. Шарада сөз алған Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Назира Бердібекова: «Сіздерге жыл сайын еліміздің 16 қаласында өтетін өңіраралық жастар білім форумына қатысуға белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Биылғы жылы бұл шараны қорытындылаушы қалалар – Астана және Тараз қалалары. Бүгінгі күнге дейін ұлттық компанияның екі мыңға тарта жас мамандары осындай форумдарда біліктіліктерін көтеріп үлгерді. Жақсы нәтиже көрсеткен жастарымыз басшылық тарапынан қолдау тауып, жаңа лауазымдарға тағайындалды. Өздеріңіз білесіздер, ұлттық компания жастар саясатын белсенді жүргізіп отырған еліміздегі санаулы компанияның бірі. Жастарды қолдаудағы әлеуметтік пакеті ауқымды. Жұмысшыларды тұрғын үймен қамтуда, медициналық сақтандыру шараларын белсенді жүргізуде, санитарлық-курорттық демалыстарды ұйымдастыруда, сондай-ақ саламатты өмір салтын қалыптастыруда да жетістіктер өте көп. Бүгінгі күні ұлттық компанияда 52 мыңға жуық жас еңбек етеді. Сондықтан кадрларды ынталандыруда жүйелі жұмыстар қолға алынған. Оның үстіне ұлттық компания тарапынан жастарды қолдау мақсатында 2014 жылдың 30 наурызында жаңа бағдарлама бекітіліп, іске асуда. Ол бағдарлама бойынша жастардың шектеу жасы – 35 болып бекіді. Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан үйренуші,  біздің тәжірибеміз бен жобаларымызға сүйенуші компаниялар көбейгенін мақтанышпен айта аламыз. Алдағы екі күн бойы сіздерді тәжірибелі тренерлер оқытып, біліктіліктеріңізді көтереді. Үздік шыққан жастар жыл соңында Астана төрінде өтетін республикалық форумға шақырылады. Сондай-ақ үздіктер кадрлық резервке алынады. Сондықтан барынша белсенділік танытыңыздар!» деп жастарға дем берді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дархан Матаев жастарға өз өмірбаянын мысал етті.   Семей станциясына пойыз құрастырушы болып еңбек жолын бастаған ол  ұлттық компанияның жастар саясаты жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарына белсене араласуының арқасында көзге түсіп, 2012 жылы Астанаға шақырылады.                             –Шынымды айтсам, бұл мен күтпеген жаңалық еді. Жас отбасы ретінде пәтер берді. Лауазым және мансап баспалдақтарынан өтіп, қазіргі күні осы қызметті атқарып отырмын, – деген ол жастарға екі күн нәтижелі еңбек жеңісін тіледі.  Ал жамбылдық жас теміржолшылар екі күн бойы біліктіліктерін көтеріп, жаңа идеялар мен ұсыныстарын ортаға салып, сала бойынша тың жобаларын қорғап шықты. Форум барысында спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Жиын соңында қолдарына біліктілігін көтергені туралы сертификаттарын алған жастар армандардың орындалатынына сенімді еді.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ