Жауапкершілікті өзіңнен баста...

Новости
19.09.2017, 11:41
2 мин чтения
Шымкент іргесіндегі Қызылсай бекетінде теміржол бойында келеңсіз жағдайлардың көбейіп кетуіне байланысты мектептерде оқушылармен темір жолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру шаралары жүруде.   Кешегі аптада Қызылсай станциясының еңбек қорғау инженері  Алтынай Пірматова мен Шымкент станциясындағы ЖІІБ полиция капитаны Аида Мақашева осы маңдағы №102 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.   – Темір жол торабын белгіленбеген жерден кесіп өткен оқушыны  ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559 бап, 5 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады. Егер мал жолға шығып кетсе, мал иесі тағы жауапкершілікке тартылатыны естеріңде болсын. Біріншісінде ескертіледі, екіншісінде айыппұл салынады. Теміржол бойына мал мен жанның  шығуы көбейгендіктен, заңға өзгерістер енгізіп, айыппұл салуды көбейтпек. Оның көлемі жеті мың теңгедей болуы мүмкін. Мектеп оқушылары пойыз жолда бей-берекет жүрсе, жолдан өту тәртібін бұзса әкімшілік хаттама толтырылады. Сендердің табыстарың болмағандықтан, айыппұлды ата-анаға салады.  Оны уақытылы төлемесе банктерден несие ала алмай, шет елге шыға алмай қалады, – деген Аида Мақашева оқушыларға біраз жайтты түсіндірді. Маманның айтуынша, бір жылдары ойын балаларының пойызға лақтырған тасы жолаушыға қате тиіп, қайтыс болған жағдай да орын алған. Қазір мектептерде смартфонға тиым салғанмен,  қарапайым телефонның өзіннен музыка тыңдауға болады. Осы наушниктің кесірінен қаншама адам келе жатқан пойыздың даусын естімей, ажал құшқанын тағы қайталады.   Биыл темір жол бойында жасөспірімдер арасында бес жазатайым оқиға болса, екеуінде оқушы балалар токқа түскен. Вагонның үстіне шыққанды қызық көріп, селфиге түспек болған балаларды электр тогы ұшырып жіберген.  Осы айда Шымкент ЖІІБ тәртіп сақшылары Түлкібасқа дейінгі теміржол бойындағы станцияларды аралап, мектептерде кездесу өткізуді жоспарлап отыр.  Желілік ішкі істер бөлімінің капитаны Аида Мақашевадан білгеніміздей, соңғы жылдары теміржолда адам өлімі көбейіп кеткендіктен  көлік прокурорлары алдағы уақытта теміржол саласына да құқық қорғау органдарында орын алған қылмыстың нақты анық-қанығын зерттейтін сот- медициналық сараптау мамандары сынды эскперт маман лауазымын енгізбек екен.  Демек, ендігі жерде бөгде адамның немесе малдың кесірінен пойыз тоқтаса кінәлі тарапқа ұсыным хат жазылмақ. Айыпты анықталған соң, тиісті шара тағайындалады. Жоғарыдай айтқан  эксперт оқиға бола салысымен, қай тараптың кінәлі екенін анықтау үшін шұғыл іске кірісіп, нақты дәлелдермен жауапқа тартады. Сондықтан,  енді темір жолда абайлап жүрмеген адам айыппұл төлеумен құтылмай,  жауапқа тартылатын  болады. 

Динар МЕЙІРМАН

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ