Жүрдек пойыз жолсеріктері  

Новости
19.09.2017, 11:58
3 мин чтения
Көлік тасымалының ішінде халық сенімінен шығып отырған бірден-бір тасымал саласы темір жол көлігі десек қателеспеспіз. Тәулігіне жүздеген жолаушыға қызмет көрсетіп отырған жолсеріктер «біздің жұмысымызды бағалайтын халық» дейді.       Мұнайлы астанадан  Атырау – Маңғышлақ, Атырау – Астарахан, Атырау – Алматы, Атырау – Астана бағыты бойынша төрт жүрдек пойыз қатынайды. Тәулігіне екі мың, жаз мезгілінде екі мыңнан аса халықты қалаған жеріне жеткізетін пойыздардың арасында №41/42 «Ақжайық» Атырау – Алматы бағытындағы жүрдек пойызы мен онда қызмет ететін бригаданың орны бөлек. Алдымен өнер астанасы мен мұнайлы астана арасында халық өте жиі қатынады. Сондықтан да демалыс кездерін айтпағанда жәй күннің өзінде билет тапшы. Осы пойыздың бригадирі Әбуталип Жоламановтың айтуынша, бригада жұмыс істейтін 32 жолаушылар вагоны жолсеріктерінің орташа еңбек өтілі 25 жылды құрайды екен. Айталық, жолсеріктер Мирболат Райымханов пен Жәния Аманхосованың және пойыз бригадирі Әбуталип Жоламановтың еңбек өтілдері 30-32 жыл. Осыншама жылдар бойы жауапкершілікпен  халыққа қызмет етіп, сенімнен шығу арқылы басшылық пен әріптестері тарапынан құрметке ие болған бұл жандар жол үстінде қуанышқа да, қайғыға да куә болып жататындарын айтады. Дәл қазіргі  күз  мезгілінде той көп болатындықтан  жолда ұзатылған қызды қимай шығарып салу мен келін болып түскен қызды қуанып қарсы алғандарды жиі кездестіреді екен. –Теміржол саласында тепловоз машинисінің көмекшісі болып жүріп, 90-жылдары қысқарту болғанда, жолсерік болып ауыстым.  Содан бері үздіксіз еңбек етіп келемін. Жұмысым ұнайды. Бригадамыздың ауызбіршілігі жақсы. Атырау мен Алматы арасындағы әрбір станцияның тасына дейін таныс десем болады, – деп күледі  №4 вагонның жолсерігі Мирболат Райымханов. – Бұрынғыдай ішімдік ішу, пойызды аралап  бейберекет қыдырыс азайған бүгінде, жолаушылар да жол жүру тәртібі мен мәдениетін үйренді деген сөз. Керісінше қазір Атырау мен Алматы аралығында құда күту,шығарып салу, келін әкелу, жазда балаларды лагерьге апару мен әкелу, әскерге жастарды шығарып салу мен күтіп алу  сынды оқиғаларға жиі куә болып, топтық жолаушыларға қызмет көрсету көбейді.  Жолда толғағы қысқан әйелдерді станцияларда жедел жәрдемге тапсырғанша алғашқы көмек беру де жолсеріктердің бір міндетіне айналды...  Міне, бүгін де сапарға аттанғалы тұрған бригада мүшелері барлық вагон алдында сымдай тартылып тұр. Қаракөк формаларында ҚТЖ- «Жолаушы тасымалы» компаниясының  қызметкерлері екендерін айғақтайтын белгі бар. Міне,  айтқандай-ақ, Мирболат Аманкелдіұлының вагонына бір топ жасөспірім спортшылар келіп жайғасты. Олар Атырауда өткен спорт турниріне қатысып, туған жерлеріне қайтып бара жатыр екен. Қызметі сырт көзге оңай көрінгенімен, пойызда өз вагонында  қонақжай шаңырақ иесінің образын сомдайтын жолсеріктің жұмысын бағалайтын жолаушы, халық екені рас.  

Тұрсын ҚАЛИМОВА

АТЫРАУ

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ