Өз затыңа ие бол...
«Өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа» деген сөз бар. Бүгінде жолаушы пойыздарында ең көп тіркелетін қалта телефоны ұрлығы осы сөздің растығын дәлелдей түседі. Көлік прокуратурасы мен аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшылары ұдайы ескертіп жүрсе де, жолаушылар өз мүлкіне ықтият болуды үйренбей-ақ келеді.
Жақында Шымкент көлік прокурорының орынбасары Еркебұлан Лесбеков пен Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Орынбасар Мәмбетов, полиция капитаны Аида Мақашевалар бастаған топ жолаушылар пойызында «Дөңгелек үстінде қабылдау» іс-шарасын өткізді.
Шымкенттен таңғы 06.55-те шыққан №55-56 Қызылорда – Көкшетау жолаушылар пойызына отырған сала қызметкерлері жолаушының купелерін аралап насихат айтты, қашанда жеке заттарына ие болуды, сақ жүруді қайталап, ұрылар кез-келген бекеттен міну қаупі барын түсіндірді. Түлкібас станциясына келген соң вокзалдағы халықты жинап тағы дәріс оқыды. Кері қарай №33-34 Ақтөбе – Алматы пойызына мініп, осы жұмысты жалғастырды.
Көлік прокурорының көмекшісінің айтуынша, 2017 жылы ҚР Бас прокуроры жалпы прокуратура органдарына қылмыстық деректер жиі тіркелетін 7 көрсеткішті белгілеген. Соның ішінде ұрлық фактілерінің не себепті көбеюін анықтау, талдау арқылы азайтуды тапсырған. Нәтижесінде «Ұрлыққа жол жоқ!» тақырыбымен бірқатар іс-шара жүргізілген. Оған қоса, Шымкент станциясындағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен бірлесіп жоспар құрып, бүгінгідей рейдтер жиі ұйымдастырылуда. Ұрлықты азайту үшін БАҚ арқылы халыққа насихаттау, жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолаушыларға телефон, мейлі басқадай қымбат заты қолды болмас үшін өз мүлкіне ықтият болуды үнемі ескертеді. Купеде бейтаныс адамдардың ортасында қажет болмаса көрсетпеген абзал. Телефонын қасына қойып пойыздан түскенде ұмытып кете беретіндер де бар. Кейбіреулер тез арада біреуге қоңырау шалу ойымен сұраса да абай болған жөн. Алып қашып кетуі немесе ұрып тартып алып кетуі мүмкін, яғни, телефон ұрлығы көбіне осындай себеп-сылтаулар нәтижесінде орын алып жатады. Ішімдік ішкендер де пойызда жеке заттарын жиі жоғалтып жатады.
Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Орынбасар Қалдыбекұлы жолаушылар пойызыны бәрінде ілеспе күзет тобы барын айтады. Түлкібастан Арысқа дейінгі телім бойында бір құрамда екі әріптесі вагондарды аралап, жолаушының жоғарыдағыдай өтінішін қабылдаған бойда іздеу шараларына кіріседі. Одан бөлек, аптаның сәрсенбі, сенбі күндері ұрлық істерді азайту үшін вагонды аралап, жолаушыларға осы мәселе жөнінде айтып, сақтандырып тұрады. Нәтижесінде бұрынғыға қарағанда телефон ұрлығымен өтініш беру азайған.
– Биыл жыл басынан 31 қылмыс тіркелді. Оның 29-ы жолаушының жеке мүлкін ұрлау болып отыр. Соның ішіндегі 11 дерек телефоны ұрлығына қатысты. Ұрлық деректер көбіне жолаушылардың ұқыпсыздығынан орын алады. Барлық купеде тоқ көзін қуаттайтын құрылғы жоқ болғасын, телефондарын дәліздегі қуат көзіне қойып, өздері купесіне кетіп қалады. Сосын пойыз әр бекетке аялдағанда сыртқа шығып, телефонын ұмытып кетеді. Үлкен бекеттерде жолаушының бірі түсіп, бірі мініп жатқан қарбаласта «танысымды шығарып саламын» деген желеумен суықолдылар лып етіп кіріп, 5-10 минуттың ішінде тоқ көзінде, купе немесе плацкартта ашық жатқан телефон басқа да бағалы заттарды үптеп кетіп жатқан оқиғалар жиі кездеседі. Ұйықтайтын уақытта та жолаушылар қаннен-қаперсіз телефон, әмияны салынған қол сөмкесін ортадағы столға қоя салады. Сенім деген жақсы ғой, бірақ өзіңе өзің мықты бол, жұртты ұры тұтпа дегенді де есте ұстаған жөн. Жоғалған жағдайда телефондар екінші рет қолданысқа шықса табылады. Өйткені, ол үшін арнайы органдар жұмыс істейтіндіктен, бүгінде қиындығы болмай қалды,- дейді Еркебұлан Лесбеков.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ