Жаңғырту тақырыбында брифинг өтті
Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жамбыл темір жолының бүгінгі әлеуеті және логистикалық инфроқұрылымды жаңғырту» тақырыбында брифинг өтті.
Бас қосуға «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Бас инженері Жұмағали Урсаров және Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Нуридин Қожанов қатысып, Жамбыл бөлімшесінің ағымдағы жылдың І жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысын айтып берді. Үмітбек Есмұратұлы бүгінгі күні ұлттық компанияда қосымша жүк ағымдарын тарту үшін Қазақстан аумағы бойынша жүктерді транзиттік тасымалдау саласында икемді тарифтік саясат іске асырылып, астық, қара металл, ағаш, көмір, өсімдік майын тасымалдауға қолайлы тарифтік жағдай жасалғандығын алға тартты.
– Қазіргі таңда Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық экспортты шығару бойынша ірі инфрақұрылымды жобалар іске асырылуда. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР аумағы бойынша 704 контейнерлі пойыз,соның ішінде транзиттік қатынаста 679 пойыз жүріп өтті, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13%-ға көбейіп отыр, транзиттен түскен кіріс үлесі жалпы кіріс көлемі де 35%-ға жетті. Жол бөлімшесінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде 12 000 астам адам еңбек етеді, олар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін және жүк ағымы көлемін қамтамасыз етіп келеді. 2016 жылдың 6 айы ішінде Жамбыл бөлімшесі бойынша 16 көрсеткіштің ішінен жоспарға 1 көрсеткіш, 2015 жылмен салыстырғанда 2 көрсеткіш қана орындалмады. Бүгінгі күні Мойынты-Шу телімі бойынша ауырсалмақты пойыздарды өткізу үшін KZ8A сериялы локомотивтері пайдаланылды, бұл локомотивтерді пайдалану паркінің азаюына, олардың орташа тәуліктегі жүрісіне және олардың өнімділігінің артуына сеп болды. Сондай-ақ есеп беру аралығында жол бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының 12 оқиғасына жол берілген, 2015 жылы 20 оқиға орын алған, 8 оқиғаға немесе 40%-ға азайған. Бірінші жартыжылдықта жол берілген ақаулар саны бойынша жол бөлімшесі шыдамдылықтың төменгі деңгейінде екенін айта кету қажет, – деген Үмітбек Рысбеков жамбылдық теміржолшылардың ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында атқаратын міндеттеріне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Толаскездер» беру кезінде транзиттік вагон ағымын өткізуді ұйымдастыруды бақылауды іске асыру жұмысы жалғасады. Түйіспелерден келетін ауырсалмақты жүк тиелген вагондар есебінен және вагон құрылымына сәйкес, вагондарға толық сыйымдылығына немесе трафаретті жүккөтергіштікке дейін жүк тиеу есебінен жол бөлімшесінде құрастырылатын ауыр салмақты пойыздарды көбейту жұмысы жанданбақ. «Мыңарал» стансасындағы «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС, Хантау стансасындағы «ACIG»АҚ және Жаңатас стансасындағы «Еврохим ОХК» ЖШС химиялық өндірісінің пайдалануға берілуіне байланысты жол бөлімшесінде жүк тиеу және жүк түсіру көлемі едәуір артты. Шу-Алматы-1 темір жол теліміндегі екінші жолдардың, Қаратау стансасындағы «ЕвроХим-Удобрения»ЖШС және «Talas Investment Company» ЖШС, «Тараз химия паркі»АҚ теміржол құрылымдарының, Балқаш ТЭС құрылысы аяқталғаннан кейін жол бөлімшесі бойынша жүк көлемі, жүк тиеу, жүк түсіру және жүк тасымалынан түсетін кіріс көлемі едәуір артады деп күтілуде, яғни тасымалдау қабілеті 3,2 мәртеге немесе 22 млн тоннадан 80 млн тоннаға артатын болады деген мәлімет берді Үмітбек Рысбеков.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау