Жаңа техникалар жолды сауықтырды

Новости
17.10.2017, 15:39
3 мин чтения
Ел шығысындағы Семей жол дистанциясының теміржолшылары үшін биылғы күз әдеттегісінше қауырт жұмыспен өтуде. Қызу еңбектің әлі де жалғасатын түрі бар. Себебі, жоспар бойынша межеленген шараларды аяқтау қажет. Жол сауықтыру ісінде жыл үлесіндегі жоспарлы жұмыстарды діттеген мезгілінде аяқтау қажет. Бүгінгі таңда білікті басшы Рахат Ботаспаев жетекшілік ететін ПЧ-39 мекемесі Дегелең – Семей телімі бойында күрделі жөндеу жұмыстарын қарқынмен жүргізіп жатыр. Көзделген меже көлемі тым ауқымды. Шаған мен Жалпақ станциялары аралығындағы участоктың 37,700 шақырымы толықтай қайта жаңартылуда. Осыған дейін күрделі телім саналатын аумақтағы күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында басталған болатын. Енді бірер күнде тәмамдалмақ. Қажетті материалдар мерзімінде келіп түсті. Сонымен қатар, жол техникаларынан ауыр типті УК 25/18, ВЛО – 300 және темірбетонды шпал төсеуші ХДВ машиналары жұмыс барысын мейлінше жылдамдата түсуде. Жалпы, Дегелең – Талды аралығындағы жолды жаңалау шаралары осыдан бес жыл бұрын басталып қарқын алған-ды. Бүгінгі дейін түйіспесіз жолға 134 жұп бунақ рельс салынған. Аталмыш телім елдің теріскейі мен күнгейін жалғайтын, Тальго пойызы жүйткитін ерекше маңызды бағыт. Сондықтан да, бұл аумақ бойынша жолдың баллдық сапасын көтеру бірінші кезекте қарастырылған болатын.     Жалпы, жылжымалы құрамның телімнен кідіріссіз өткізілуі үшін жолдардың техникалық талапқа сай болуы басты міндет. Сол себептен, станциялық жолдарда да жөндеу жұмыстары іркіліссіз жүргізілуде. Бұл орайда, солтүстік тармақ саналатын Семей – Локоть бағытында орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған-ды. Атап айтсақ, Ауыл – Семей телімінде ауыр типті РМ-80 машинасы жұмыс істеді. Сондай-ақ, кешенді КПМ техникасының көмегімен жолды терең тазалау шаралары да тыңғылықты жүргізілді. Жұмыстар аясында аумақ бойынша алдағы жылы да атқарылар шаралар межеленіп, келергі жылдың жоспарына енгізілді. Жалпы, бүгінде аталмыш дистанция бойынша жол сауықтыру ісінде техникадан, соңғы үлгідегі заманауи жол машиналарынан қажеттілік жоқ. Осынау шаралардан тыс дистанция жұмысшылары ағымдық жұмыстар жүргізу аясында шпалдар да ауыстыруда. Қазіргі күнге дейін бірінші типті 5806 шпал мен екінші типті 3500 шпал белгіленген жоспарға сай толық төселінген. Ал, ағымдық жөндеу жұмыстары аясындағы рельс ауыстыру бойынша Р – 65 типті рельстердің 7 шақырымы ауыстырылыпты. Бұл шаралар жыл үлесіндегі елеулі көрсеткіш. –Әрине, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғау мен технологиялық процесс тәртібін сақтау аса қажетті мәселе. Бұл міндеттемелер аясында да жоспарлы шаралар бар. Оның бір парасына қысқа даярлық та кіреді. Жол сапасын артырумен қатар қатал маусымға әзірлікті де күшейттік. Соның нәтижесінде дәл қазіргі күні алдағы қысқа толықтай дайынбыз деуге негіз бар, – дейді ПЧ-39 мекемесі директорының орынбасары, атақты теміржолшылар әулетінің өкілі Серікқан Ақшалов. Қазіргі күні аталмыш дистанция жол жөндеу бойынша жыл бойына белгіленген жоспарлы жұмыстарды толықтай еңсерді. Енді қысқы күтім шараларына кіріспек.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ