Шығыс тармаққа басымдық берілді

Новости
20.10.2017, 10:28
2 мин чтения
Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер алдағы қысқа толықтай даярлық шараларын жүргізді. Соның ішінде байтақ Шығыс өңіріндегі барлық желі бойына қызмет көрсететін Семей электрмен жабдықтау дистанциясының қатал маусымға әзірлігі ерекше.               Бұл ретте ұзын-сонар телім бойының ең күрделі аумақтары бірінші кезекте назарға алынған. Дистанция жетекшісі Нұрлан Әзімхановтың айтуынша, биылғы жаздағы жоспарлы шаралардың барлығы орындалған. Алдыңғы кезекте дистанцияға қарысты әуе желілері басым бөлігі ауыстырылып, 100-ден астам тіректері жаңартылған. Айта кетерлігі сол, бұл бағыттағы жұмыстар қар түскенге дейін, яғни, алдағы қараша айына дейін жалғасады. Бүгінгі таңның өзінде дистанцияға қарасты барлық трансформаторлық қосалқы станцияларда қосымша қызметтік тексерулер жүргізіліп, толықтай жаңартылып жатыр. Электрмен қамту ісі бойынша өндіріске тың жаңашылдықтар көптеп енгізіліп, жаңа құрылғылар мен аспаптар қолданысқа берілуде. Атап айтсақ осыдан біраз бұрын жоғары вольтті вакуумды қосқыш алынып, Аягөз, Шар, Семей станцияларына орнатылған болатын. Сондай-ақ, осынау құрылғылардың игілігін ендігі аралықта Защита және Шемонайха, Серебрянка станциялары да көре алатын болады. Дегенмен мұндай шалғай станцияларда күрделеніп келе жатқан мәселелер де аз емес. Бірінші кезекте арнайы біліктілігі бар мамандардың қажеттілігі сезілуде. Сонымен қоса, заманауи техникалар алу қажет. Себебі, Алтайдың шығыс сілемдерінде, таулы өлкелерде жұмыс істеуде біршама қиындықтар орын алады. Мәселен, Защита, Серебрянка сынды кенді өлкелерге қарасты орманды аумақта, желі жиегіндегі биік өскен қарағай бұталары электрмен қамтушылар жұмысына көп кедергі тудырады. Қар басқан ағаш бұталарының сынып, электр желілерін зақымдайтын кезі аз болмайды. Одан өзге таулы өлкелердегі сымдарға мұз да жиі қатады екен. Мұндай бұталарды шырпу үшін арнайы техниканың көмегі керек. Жалпы, аталмыш жұмыстар желі бойында ұдайы жүргізілуі тиіс болғандықтан машиналардың қажеттілігі сезілуде. Мекеме басшысының айтуынша, биылғы жазда табиғаты аса қатаң Защита өңірі бірінші кезекте назарға алынып, қысқа даярлық жұмыстарына да  біршама басымдық беріліпті. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесіне қарасты барлық 22 станция мен 46 жол өткелдеріндегі құрылғылар 100 пайыз алдағы қысқа әзірленіпті. Бүгінгі таңда бұл аумақтағы желі бойында 588 темірбетонды арнайы тіректер бар. Дегенмен, 6608 ағаш тіректер кезеңімен жаңартылу үстінде. Бұл жұмыстар бойынша межелі шаралар уақытында орындалуда. Қазіргі күннің өзінде аталмыш өңірде ауа райы суытқанымен көзделген жұмыс барысы толастаған жоқ. Күзгі комиссиялық тексеру барысында анықталған кілтипанның барлығы соңғы бір ай ішінде толық жойылған.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ