"Сенім телефонына" сенеміз бе?
Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі жүйесінде заңдылықтарды бұзушылық, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы «сенім телефоны» қолданысқа енгізілгені қашан.
Азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қараудың біріңғай тәртібін анықтау мақсатында, сондай-ақ станционарлық телефонан тегін қоңырауды жүзеге асыруға болатын абоненттік нөмірі «46-28-02» сенім телефонынан халық хабарсыз ба, әлде жұрттың сенімінен шықпай ма, "сенім" операторына әлі күнге бірде бір адам жүгінбепті.
– Аталған байланыс жүйесі біраз уақыттан бері жұмыс істейді. Қызметі тәулік бойына ұйымдастырылған. Бірақ телефон нөміріне осыған дейін ешқандай қоңырау болған жоқ. Тұрақты тексеріліп, бақылауда тұр, – деп мәлімдеген көліктегі ішкі істер желілік бөлімінің штаб бөлімшесінің инспекторы Әлия Асқанбаеваның сөзіне сүйенсек "сенім" жүйесінің жұмысы жанданса түрлі келеңсіздіктердің уақытылы алды алынып, дер кезінде шара қолдануға септігі тиер еді.
Мысалы, бүгінде темір жол вокзалына келіп-кетуші пойыз жолаушыларымен болатын жағдайдың бірі – ұялы телефон және жеке құжаттарын жоғалтуы. Осы аталған деректер бойынша көліктегі ішкі істер органының қызметкерлерімен тиісті заңды шешімдер қабылданып келеді. Десек те дәл осындай фактілер әлі де жалғасуда. Оның басты себебі жолаушылардың жеке заттарына немқұрайлылықпен қарауы.
Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау бағытында пойыз ішінде көліктегі полиция қызметкерлері "сенім телефоны" туралы хабарлап, профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын және дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. Өткен тоғыз айдың деректерін сөйлетсек, бөлімнің қызметтік аймағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы 378 арыздар мен хабарламалар тіркелген. Сонымен қатар, үш тоқсан қорытындысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін көліктегі полиция кезекші бөліміне 1803 құқық бұзушы жеткізілген.
Тәртіп сақшыларының көзқарасынша, «сенім телефонына» сенім жоқ емес, тағы да сол халықтың немқұрайлылығы мен құлықсыздығы.
Шахизат Сарина,
Маңғыстау
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ