Алғашқы пойыз астық апарды

Новости
07.11.2017, 13:43
2 мин чтения
Таяуда ғана ашылған Баку – Тбилиси – Карс магистралі арқылы Қазақстаннан аттанған алғашқы пойыз Түркияға жетті. Осы елдің Мерсин қаласына 600 тонна астық жеткізілді.          Осылайша, Қазақстаннан Түркия еліне табан тіреген алғашқы пойызы ырыс-құттың белгісіндей астық тасымалымен есте қалатын болды. Бұл туралы еліміздің және түрік елінің басылымдары да жарыса жазып жатыр. 30 контейнерлік жүк тиелген пойыз Карстан Мерсинге дейін 1258 км жолды 30 сағатта жүріп өткен.  Ал аталған Баку – Тбилиси – Карс жаңа теміржолының ресми ашылуы 30 қазанда Баку қаласынан 90 км жердегі Аляты селосында өткені белгілі.  Ұзындығы 846 км құрайтын аталған жаңа темір жол Әзербайжан – Грузия – Түркия елдері арасындағы халықаралық келісім негізінде салынды. Жоба он жыл бұрын жүзеге асырыла бастады. Бұл сонымен қатар оңтүстік Кавказ темір жолдарын Түркия арқылы Еуропаға қосу бойынша ғаламат жобаның бір бөлігі саналады. БТК темір жолы Еуропаның темір жол желілерімен Босфор бұғазындағы «Мармарай» су асты туннелі арқылы бірігеді. Бұл магистральдың Қазақстан үшін Қара және Жерорта теңіздеріне шығуына мүмкіндік беретін жаңа бағыт екені атап айтылған болатын. Sputnik-Армения агенттігінің хабарлауынша, бұл темір жол ең бірінші кезекте Қазақстан үшін тиімді болып отыр, өйткені Қазақстан Каспий теңізіндегі теңіз тасымалы арқылы Түркия мен одан әрі Еуропаның пайдалану нарығына шығуына мүмкіндік алады. Сарапшылар БТК бір бөлігі болып табылатын көліктік күретамырдың бойындағы барлық елдер, атап айтқанда Түрікменстан, Өзбекстан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан  үшін де бұл жолдың пайдасы зор болмақ деп бағалауда. БТК-ның ашылуы Қытайдан Еуропаға бағытталатын тікелей темір жол тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл мұхит арқылы тасымалдың баламасына айналып, тауардың жолдағы уақытын екіден көп есеге, яғни 12-15 күнге қысқартады. Ол тек Шығыс-Батыс ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік-Батыс дәлізінің де дамуына серпін бермек. Жаңа жолдан жыл сайын 50 млн тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Ал осы бағыттағы жолаушылар тасымалы келесі жылы жүзеге асырылмақ. Бастапқыда аталған темір жолмен жылына 1 млн жолаушы және 6,5 млн тонна жүк тасымалдау көзделуде. Жалпы алғанда БТК халықаралық темір жол жобасын жүзеге асыру және Босфор бұғазында темір жол туннелін салу оған қатысты елдердің транзиттік әлеуетін арттырып, өзара ынтымақтастықты нығайта түсуге, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге оң ықпал ететін болады.

Ұлан ОРАЗ

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ