Ақтөбе рельсі Ресейге экспортталатын болды

Новости
22.11.2017, 13:26
3 мин чтения
Қазақстан мен Ресей арасындағы Халықаралық Үкіметаралық комиссияның Ақтөбеде өткен отырысы аясында маңызды құжатқа қол қойылды. «Ресей темір жолдары» ААҚ пен «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында отандық рельс өнімдері көрші елдің теміржол құрылысына пайдаланылатын болды. 16 қараша күні Ақтөбеде өткен  Халықаралық Үкіметаралық комиссия отырысына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, «ҚТЖ»ҰК» АҚ жетекшісі  Қанат Алпысбаев, ал көрші елден РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов пен «РЖД» ААҚ президенті Олег Белозеров бастаған қонақтар қатысты. Меймандар теміржол рельсін өндіретін ірі кәсіпорын – Ақтөбе рельсарқалық зауытында болып, өндіріс барысымен танысты.  Қонақтарға зауыттың ерекшелігі туралы ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтып берді. «Зауыт толық  заманауи технологиямен жабдықталған. Арнайы зертханасы бар. Еуразиялық Экономикалық одақтың барлық мүше мемлекеттеріне өнім жібере аламыз. Өнім сапасы өте жоғары», – деген Асқар Мамин ресейлік қонақтарға қазақ еліне қош келдіңіздер деп қонақжайлылық танытты.  Игорь Шувалов өз кезегінде Қазақстан ұзақ жылдардан бері Қазақстанмен байланыс орнатып келе жатқанын айтып өтті. «Осы уақыт ішінде  Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқанына куә болып келеміз. Екі ел басшылары үнемі екі ел арасында кооперация. интеграция құру керектігін айтып келеді. Ақтөбедегі рельс шығаратын зауыт осының бір айғағы », – деген И. Шувалов арнайы шақырту мен ыстық ықыластары үшін қазақстандықтарға алғысын жеткізді.  «Ресей темір жолдары» ААҚ пен «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға «ҚТЖ»ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев мен  «РЖД» ААҚ президенті Олег Белозеров қол қойды. Ресейліктер қазақстандық өнімді теміржол инфрақұрылымын модернизациялауға пайдалану мүмкіндігін қарастырмақ. Жоғары сапалы ұзын  рельстер  жалпы қоолданыстағы және жоғары жылдамдықтағы магистралдарға қолдануға өте қолайды деген пікірде.  « Ресей үкіметінде теміржолды жаңғырту инвестициялық бағдарламасы қабылданды. Демек, алдағы жылдары Ресейде теміржол саласы дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады, транзиттік тасымал артады. Екі ел президенттері Челябідегі кездесу кезінде де транзиттік маршрутты дамытуды тапсырған болатын», деді И. Шувалов. РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Қазақстанның үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатқанын баса айтты. «Орталық Азия аймағы әлі де дамиды. Еуразиялық экономикалық одақ әрі қарай жұмысын жандандырады. Сонымен қатар, Еуразиялық одаққа кірмейтін елдер де қатар дамуы керек. Жаңа жолдар салынады, өндіріс дамиды. Сол кезде Қазақстандағы зауыттың көп көмегі тиетін болады», – деді ол.   Айта кетейік, Ақтөбе рельсарқалық зауыты пайдалануға берілген уақыттан бері 200 мың тонна өнім шығарған, оның ішінде  теміржол инфрақұрылымы үшін 155 мың тонна,  ал эскпортқа 5 мың тонна. Мұнда жылына 430 мың тонна өнім шығарылады. Оның ішінде жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған рельстер де бар. 2018 жылы толық қуатпен жұмысқа кіріседі. 2017 жылдың 9 айында кәсіпорында 31,2 млрд теңгеге 116,4 мың тонна рельс шығарылды. Өнімнің негізгі тұтынушылары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және өзге де елдер. Рельсарқалық зауытының директоры Андрей Кузьмин ағымдағы жыл соңына дейін Ресейге ұзындығы 120 метрліңк Р65 маркілі 7,5 мың тонна рельс жөнелту жөнінде құжатқа қол қойылғанын,  бүгін-ертең рельс тасымалдайтын пойыз зауыт аумағына кіріп,  алғашқы жүк Ресейдің Челябі қаласына экспортталатынын жеткізді.  

 Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ