Күре жолдың бойында қызу тірлік...

Новости
24.11.2017, 15:39
3 мин чтения
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің еліміздің 5 облысының аумағынан өтетін қашықтығы 2787 шақырымды құрайтын болса, Қызылорда облысы аумағындағы қашықтығы 812 шақырымды құрап отыр. Қызылорда облысы аумағында халықаралық автомагистраль пайдалануға берілген күннен бастап ҚР ұлттық стандартына сәйкес келетін 41 жол бойындағы сервис нысандарын салу белгіленген болатын. Қазіргі таңда 16 сервис нысаны тұрақты жұмыс жасауда. Айталық, «Қорқыт ата», «Сығанақ», «Нұрлы жол» және «Керуен» секілді қызмет нысандары жүргіншілерге қызмет көрсетумен қатар сапарға шыққан жолаушының бір сәт дем алып, автокөлігіне қажетті күтім жасайтын орындарға айналды. Автокөлікпен сапарға шыққан жолаушының, жүк тасымалына жегілген ауырсалмақты көліктердің күрежолдың бойында жағдайын жасап отырған жолшылар қызметіне ары-бері өткен халықтың алғыстан басқа айтары жоқ. Халықаралық көлік дәлізі 2014 жылғы 10 қазанда пайдалануға берілгеннен бастап А,В,С, Д санаттағы сервистік қызмет көрсету нысандарының орналастыруы бекітілген екен. Жолдың 246 шақырымы І-техникалық, 566 шақырымы ІІ-техникалық санатына жатады. Сонан бергі уақытта сервистік нысандар кезегімен жүргіншілерге қызмет көрсете бастады. Мәселен пайдалануға берілген 16 жол сервисі нысанының арасында жолдың 1760 шақырымында орналасқан «В» санатымен салынған «Керуен» кешенінде қонақ үйі, кафе, автожанармай құю станциясы, жылы әжетхана, душ, дүкен, сейіл құру орны, медициналық жәрдем көрсету пункті, техникалық байқау станциясы, тұрақ, автожуу орны тәулік бойы жұмыс жасауда. Ал трассаның 1629 шақырымынан 5 гектарлық аумақта бой көтерген «Қорқыт ата» кешенінде жолаушылар үшін мешіт, жанар-жағармай құю станциясы, автокөлік жөндеу шеберханасы, автожуу, мотель, кафе, 250 адамға есептелген мейрамхана, бассейн, сауна, жүк және жеңіл көлікке эстакада мен автотұрақ салынған. «Нұрлы жол» кешені жолдың 1740 шақырымында салынып мұнда қонақ үйі, кафе, жылы әжетхана, душ, дүкен, медициналық жәрдем көрсету пункті, автокөлік жуу пункті, тұрақ, сейіл құру орны бар. Жалпы сервистік кешендердің барлығында салынған қызмет нысандары белгілі тәртіп пен жүйеге стандартттарға келтіріліп салынған. Сыр топырағында төселген 812 шақырымдық көлік дәлізінде 14 жол айрығы, 48 көпір, 2 темір жол өткелі, 336 құбыр және 83 мал өтетін орындар салынып күн шығыс елі мен көне құрылықтың арасын жол еткен көлік керуендерінің қатынасына мүмкіндік жасауда. – Халықаралық күре жолдың бойында биыл да қызу тіршілік жалғасуда. Жоғары талапты стандарттарға сәйкес салынатын 4 жол сервисі нысаны жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланса, тағы да 6 жол сервисі нысанының құрылысы жүргізілуде. Ал келер жылы Арал, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Д» санаты бойынша 5 автожанармай құю станциясының құрылысы жоспарланды. 2018-2019 жылдары «А» санаты бойынша 2 нысан, «В» санаты бойынша 3 нысан, «С» санаты бойынша 5 жол сервисі кешені нысаны салынылады деп жоспарлануда, – дейді «Қазавтожол» пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлім бас маманы Гүлшара Үсенова.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ