Азаматты ісіне қарап таны...

Қуат Есімханов – Қазақстан теміржолына ғана емес, дүйім қазаққа танымал тұлға десек қателеспейміз. Саналы ғұмырын елге, халыққа қызмет етуге арнаған азаматты ҚТЖ басшылығы «Теміржолсу» АҚ басшылығына шақырып, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру миссиясын жүктегенде қателеспегені рас.
Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Қуат Есімханұлының саланы өркендетуге қосқан өлшеусіз үлесі үшін шексіз алғысын білдіріп, оның өмірі мен еңбек жолының кейінгі ұрпаққа өнеге болар дара жол екенін атап өтті. Ардагер теміржолшының құрметті еңбек демалысына шықса да оның мол ұйымдастырушылық және іскерлік тәжірибесі жастарға ауадай қажет екенін, сондықтан өзі құрып-қалыптастырған компанияда әрі қарай да кеңесші ретінде еңбек жолын жалғастыра беретінін жеткізді. Атан түйеге жүк болар ауқымды шаруаны абыроймен атқарып шыққан Есімханов жән оның командасы – теміржолсулықтардың арқасында күрежол бойындағы барлық елді мекендер тіршілік көзі таза ауыз суға қол жеткізді. Ширек ғасырдан артық уақыт су шықпай қу тақырға айналған елді мекендер жайқалған жазиралы нуға айналды. Техника, асай-мүсейін арқалап алты ай жаз ел кезген теміржолсу экспедициясын басқарып Қуат Есімхановтың өзі соңғы он жылда елдің батысы мен шығысын, оңтүстігі мн солтүстігін талай рет шиырлағаны ақиқат. 1952 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген Қуат Есімханов талай жауапты қызметтерді атқарды. Петропавл және Шығыс Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасары, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, «Қазавтокөлік» АҚ президенті, сондай-ақ, Ақсу ауданының әкімі болған жылдары халықтан тек абырой мен алғыс алғанына көпшілік куә. Қазақстан темір жолында «Теміржолжылу» және «Теміржолсу» АҚ президенті қызметін атқарған соңғы онжылдықтағы сауапты еңбегі өз алдына дара әңгіме. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Құрметті теміржолшысы» белгісінің иегері, Ақсу қаласының Құрметті азаматы былтыр «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталды. Қуат Есімхановты танитындар оны туған елі мен халқын сүйген патриот ретінде біледі, белгілі меценат, талай игілікті істердің ұйымдастырушысы болып, ел мен жер үшін айғай-шусыз, таза ниетпен еңбек еткен, ең бастысы, халық санасын отарсыздандыруға бар күш-қайратын сарқып жүрген тұлға кезінде ел ішінде ауыздан ауызға тарап, ескерілмей жүрген талай тұлғаның образын «шаң басқан архивтерден» аршып алып, жарыққа шығарғаны бекер болмаса керек. ды. Туабітті мінезі мен ұлттық құндылыққа рулық шеңберден қарамайтын парасат-пайымы арқылы оннан астам тарихи есімдердің халық жадында қайта жаңғыруына ықпал етті. Бала кезінен ән мен жырға, толғамалы, толғамды күйге қанып өскен жанның ержете келе ең алдымен Алаш ұранды азаматтарды іздеуі, солардың есімін ұлықтауды қолға алғаны заңдылық емей не?! Жалпы еңбек жолы 42 жылды құраса, соның 11 жылын теміржол саласының дамуына арнаған Қуат Есімханұлы «Теміржолсу» компаниясына басшылыққа келген күннен алдына қойған мақсаты – Мемлекет басшысының талабы бойынша дүниеге келген «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының теміржолдағы баламасы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын шегіне жеткізіп, жол бойының әр станция-бекетіне ауыз су жеткізу болды. Бүгінде бұл миссия орындалды. «Мөлдір бұлақ» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында теміржол бекеттеріндегі, станциялар мен жол айрықтарындағы сумен қамту және кәріздік жүйелер толық қалпына келтіріліп, бұл өз кезегінде Компанияның меншігіндегі шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік әперді. «Теміржолсу» АҚ алты жылдағы атқарған ауқымды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Компанияның сумен қамту желісіндегі өндірістік активінің тозығы жетуі 85 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді.Райхан РАХМЕТОВА
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ