Жоғары жауапкершілік – машинистерде
Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Семей локомотив пайдалану депосы жыл соңын қауырт шаралармен өткізуде. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен еңбекті қорғауда, жүк тасымалы мен маневрлік шараларды сапалы жүзеге асыруда елеулі айлықтар ұйымдастырылып, өндіріске оң нәтижелер енгізуде.
Өткен қараша айының 9 күні локомотив депосы бойынша қауіпсіздік айлығы бастау алған болатын. Бір ай мерзімге созылған шара барысында мекеме басшысы Дәулет Ыдырысовтың бастамасымен бірқатар тың жұмыстар орын алды. Атап айтсақ, аялық барысын қорытындылайтын селекторлық жиындар ұйымдастырылып, оған теміржол саласының барлық мамандары қатысты. Сондай-ақ, мекеме басшылығы локомотив бригадаларымен жиі кездесіп, ортақ тақырыптағы сауалдар талқыланды.
Мұнымен қатар, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында тоқсандық ұйымдастырылған болатын. Арнайы шара барысында локомотив бригадаларының келу-кету уақытындағы жүйелілік пен тепловоздардың тежегіш құрылғылары, аппаратуралар толықтай жіті тексеруден өтті. Айта кетерлігі сол, жұмысқа тыңғылықты қараудың нәтижесінде арнайы шара барысында алаңдаушылық туғызарлықтай ақаулықтар мен маңызды ескертпелер орын алмапты.
Локомотив шаруашылығындағы мұндай шаралар тек машинистерге ғана емес, инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін де маңызды. Сонымен қатар, пойыз диспетчерлеріне, пойыз құрастырушыларға да қатысты.
Бір бұл емес, «Қозғалыс қауіпсіздігі - бәрінен бұрын!» атты айлық аясында машинистер өмірі мен денсаулығын сақтау шаралары кең көлемде орын алды.
- Жалпы, күллі теміржол саласындағы ең жоғары жауапкершілік машинистер мен машинистер көмекшілеріне жүктеледі. Сондай-ақ, желі бойындағы салалас өзге қызметкерлердің ақаулық жібермеулері де назарда ұсталады. «Машинист – теміржолдың көзі мен құлағы» деген нақыл бекерге айтылмаған. Осыған орай түрлі акциялар ұйымдастырылып, әр локомотившінің мұқияттылығы жіті қадағалауға алынуда. Өткізілген техникалық дәрістер, акциялар зор нәтижеге жеткізуде. Осы ретте біздің мекемеміз жылды оң жетістіктермен қорытындыламақ, - дейді депо директоры, Құрметті теміржолшы Дәулет Ыдырысов.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ