Құрық порты:  барлық теңізге жол ашылды

Новости
08.12.2017, 11:52
3 мин чтения
Бұдан былай Қазақстан тек құрлықтық мемлекет емес, ол енді барлық теңізге шыға алады. Жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Құрық портындағы паромдық өткелді іске қосу барысында осылай деді.  Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы паромдық терминалдың бірінші кезеңін іске қоса отырып, Құрық портының мүмкіндігі арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуеті артатынын жеткізді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров Құрық порты Транскаспийлік көлік дәлізінің негізгі бөлігі екеніне тоқталды. 2020 жылға таман елдің транзиттен түсетін табысы 5 млрд долларды құрамақ. Өсу динамикасын өндіруші өнеркәсіптер байқатып отыр. Экспорттық жеткізілімдер 25 пайызға дейін өсті. Биыл елдің көліктік-логистикалық жүйесін дамытуда жеткен жетістіктер де аз емес. Теңізге шығатын жолы жоқ Қазақстанды бүгінде толыққанды Еуразия құрлығындағы логистикалық хаб деуге әбден болады. Индустриализация күнінде елде ірі 5 көліктік нысанның жұмысы іске қосылды. Соның бірі – осы Құрық портындағы терминал. Құрық порты Бакуге, Грузияға, Түркияға, Босфор бұғазы арқылы Еуропаға бағдар ашуға дайын. Бұл – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік.   Еске сала кетейік, биыл қазан айында Құрық портынан Баку портына алғашқы 1 миллион тонна жүк жөнелтілген болатын.  Ресми мәліметтер бойынша порттағы бір миллион тонна жүктің 548 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттық жүктер 452 мың тоннаны құрап отыр. Тағы бір тиімді тұсы аталмыш инфрақұрылымдар теңіз маңындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді. Мәселен, Баку мен Құрық арасындағы пароммен жүру уақыты 18 сағатты құрайды. Ал, Ақтаудан Бакуге 22 сағат жібереді. Маңғыстау жерінен жөнелтілген жүк Әзірбайжан, Грузия порттары арқылы Еуропаға қарай жол тартады. Құрық паром кешенімен қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химиялық өнімдер, транзиттік жүктер, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан шыққан жүктер экспортқа шығарылады. Паром кешенінде бір теміржол айлағы, төрт теміржол көрмелік паркі бар. Теміржол станциясына кіре берісте өңдеу және сұрыптау қызметі, «Ерсай станциясы – Құрық порты» кіре беріс теміржолы, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар салынды. Аталмыш айлақтағы паром өткелі мен «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі басты және сұйық жүктердің мультимодальдық тасымалын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Каспий бағдарымен батыс бағыттағы экспорттық әлеуеті мен транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады. Сонымен, кешегі өткен телекөпірде екі бірдей маңызды жобаның тұсауын кескен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  мультимодальдық компания болып қалыптасуға барлық мүмкіндігі барын тағы бір дәлелдеді. Шымкентте ашылған көліктік- логистикалық кешен болашақта бүкіл Орта Азияның сауда-логистика орталығы болатынын болжатса, Қазақстанның теңіз қақпасы Ақтау портына қосымша Құрық портының ашылуы, ал бүгін онда жылына 2 млн жүк тасымалдауға қауқарлы  автомобильдік-паромдық кешеннің пайдалануға берілуі – теңізге шығар жолы жоқ елге су жолы арқылы әлемнің барлық порттарына шығу мүмкіндігін сыйлады.  

Ұлан ОРАЗ

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ