Табысқа толы таңғажайып төрт күн
Новости
08.12.2017, 15:26
Апта басында шымылдығын түрген VIII республикалық форумның жабылуы салтанаты кеше ҚТЖ бас ғимаратының мәжіліс залында өтті. Тұңғыш Президент күніне арналған төрт күндік форумда бас қосқан жас теміржолшылар шын мәніде табысқа толы таңғажайып төрт күнді бастан кешкендерін паш етті.
Еліміздің барлық аймағынан 250 жас теміржолшылар қатысқан форумның жабылу салтанаты жобалар көрмесін тамашалаумен басталды. Компанияның бір топ өкілдерінің алдында «Менеджмент» бағдарламасының ең үздік жоба авторлары техникалық, еңбекті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты өз жұмыстарын таныстырды.
Салтанатты шара «ҚТЖ» ҰК» АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұлдың құттықтау сөзімен жалғасты.
– Құрметті форумға қатысушылар! Сіздерді VIII республикалық форумның жабылуымен құттықтаймын! Осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі форум Ұлттық компанияның таланттарын таразылайтын, майталман мамандарды анықтайтын мықты құралға айналды. 2010 жылдан бері 18 мың адам форум жобаларына қатысып, соның ішінде 70 жас қызметкерлер арасында ауыс-түйіс жүргізіліп, оның 11-не отандық және шетелдік оқу орындарына гранттар бөлінді.
Форумға қатысушылар арасынан бүгінде компанияда лауазымды қызмет атқарып жүрген жастар да бар. Бұл форум арқылы теміржол саласында қызмет етіп, тасада талантын тұншықтырып жүрген жастар арасынан білімді де қабілетті қызметкерлер шығып, компанияның өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Жастардың бастамаларына үнемі қолдау білдіретін ұлттық компаниямыздың да биыл мерейлі жылы. Өзінің 20 жылдық тарихында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ халықаралық деңгейдегі ауқымды жұмыстарды атқаратын алпауыт компанияға айналды. Еліміздің болашағы жастар үшін компания барлық жағдайды жасауда. Темір жол саласындағы жас мамандардың тың ұсыныстары мен бастамаларын қолдап, теміржолшылар арасынан таланттарды тауып, олардың жан-жақты дамуына үлес қосуда.
Құрметті әріптестер! Сіздерді сегізінші дәстүрлі форумның аяқталуымен құттықтай келе, білім мен біліктіктеріңізбен, жастық жалындарыңызбен компанияның, Қазақстанның қозғалыс саласының көркею жолында қызмет етіп, жемісті жетістіктерге жеткізеді деп сенемін!,-деді Нұржан Бейсенбайұлы.
Форум аясында жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жас теміржолшылар отбасы» байқауы үшінші рет өткізілді. Байқауға компанияда қызмет ететін 35 жасқа дейінгі жас отбасылар қатысатыны белгілі. Былтырғымен салыстырғанда бұл байқауға қатысушалар саны 32 пайызға артқан. Салтанатты шарада байқауда бақ сынаған алматылық Байғұнысовтар, жамбылдық Жатқанбаевтар және семейлік Түсіпбековтардың ерлі-зайыпты теміржолшылар отбасылық жұптарын тұңғыш ғарышкер, компания президентінің кеңесшісі Тоқтар Әубәкіров марапаттады.Жас теміржолшыларды рухани құндылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Есте сақтаймыз, мақтан тұтамыз, мұраға қалдырамыз!» байқауының жеңімпаздарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиев құттықтады.
Сондай-ақ, форум аясында аймақтық жас теміржолшылардың бастамасымен қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастаған болатын. Жақсылыққа жаны құмар жастар бұл істе де жоғарыдан көрінді. Жыл қортындысы бойынша «Кеңестің ең үздік аймақтық өкілдері» атанған ақтөбелік Нұрден Салыхов, алматылық Ғаламат Алтынбеков, тараздық Дәулетбек Жолдасбеков және алматылық Айгүл Дөненбаеваны «ҚТЖ–Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов марапаттады.
Форумда «Болашақ басқарушылар» байқауы бойынша жеңімпаз атанған Қапас Намазбаев пен «Үздік жобасы» үшін лайық деп танылған Нұрлан Қалынғараевқа хрусталь кубокты «ҚТЖ» ҰК» АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұл табыс етті.
Елорда төрінде сегізінші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі форум осылайша өз мәресіне жетті. Жас теміржолшылар компания басшыларымен естелікке суретке түсіп, қимай қоштасты. Қош бол форум, ҚТЖ қабырғасында өткен табысқа толы таңғажайып төрт күн... Көріскенше күн жақсы, достар, – деп қош айтысты бір бірімен жастар. Жалынды жастардың басын қосып, білім-біліктілігін арттыратын республикалық форум келесі жылы да өз жалғасын таппақ.
Біліктілікті бағалау
Форумның алғашқы күні қатысушылардың бір бөлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» өкілінің біліктілікті бағалау тест сұрақтарына жауап берді.
Орталық қызметкері Нұршат Жұматқызының айтуынша, республикалық форумға келген 50 қатысушы арасынан «Болашақ басқарушы – 2018» жүлдегерін анықтау үшін олардың біліктіліктерін бағалау маңызды. Жас теміржолшылар «Басқарушы» және «Маман» екі категориясы бойынша психологиялық сұрақтарға жауап береді екен.
– Қатысушылардың біліктіліктерін бағалайтын бұл тест жыл сайын жүйелі түрде өткізіліп келеді. Биыл да Басқарушылар үшін – 126, ал Мамандарға арнап – 142 сұрақ дайындалды.Тізім бойынша аты-жөні, қызметі көрсетілген 50 қатысушының әрқайсысы алдын ала дайындалған психологиялық және басқарушылық қабілеттерін анықтайтын сұрақтарға жауап беру арқылы біліктіліктерін арттыратын болады, – деді орталық өкілі.
Республикалық форумның алғашқы өткізілуінен бастап жыл сайын қатысып келе жатқан Қызылорда темір жолының өкілі, станция кезекшісі Ернар Зейнуллаев бұл бағалау тестінің ерекшелігіне тоқталды.
–Тесті тапсыру мақсатымыз – болашақта алда кездесетін кедергілерге қалай төтеп беретініміз және жүйелі түрде жұмыс жасауды анықтау. Әртүрлі сұрақтар болды, сондағы түсінгенім: жер шары, жалпы әлем топтасқан адамдар шоғырынан тұрғандықтан, өзара байланысты арттырып, әрқашан тығырықтан шығатын жол таба білу қажеттігі. Мен он баспалдақ бойынша сұрақтардан сүрінбей өтіп, білім мен тәжірибемді салыстырып, ең жоғарғы балға ие болдым. Бұл форумның алғашқы жылдарынан бастап келе жатқан белсенді қатысушысы болғандықтан, жыл сайынғы өзгерістер мен ілгерілушілікті байқаймын. Дәстүрлі форумға қатысу арқылы мен де өзімді жан-жақты дамытып келемін. Көргенім көп, содан нәтиже шығаруымыз керек, – деп ой бөлісті Ернар Серікұлы
Жыл үздіктері анықталды
Дәстүрлі форум аясында ұйымдастырылатын «Жас кәсіби маман – 2017» байқауы сәрсенбінің сәтінде өз мәресіне жетті. Шараның мақсаты – болашағынан үміт күттіретін білікті маманды қолдау және әлеуметтік жауапкершілікке даярлау болып табылады.
Байқауға «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарында қызмет ететін жастар қатысып, Ұлттық компанияның сан саласын қамтитын 23 түрлі аталым бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша әр аталымдағы үш қатысушы арасынан үздік шыққан жеңімпаз атанды. Сонымен, оза шауып бәйге алған үздіктерге келсек: «Жылдың жас жүк шаруашылығы маманы» номинациясымен «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ филиалы Илецк ЖТ бөлімшесінің жүк және багаж қабылдап-өткізушісі Марат Мұқашев марапатталды. «Жылдың жас спортшысы» номинациясы қарағанды вагон пайдалану депосына қарасты Жаңаауыл техникалық қызмет көрстеу пунктінің оператор Галина Золотухинаға бұйырды. «Жылдың жас программисі» болып Ақтөбенің Жем пайдалану локомотв депосының инженер-программисі Тұрар Тамбаев марапатталса, «Жылдың жас байланысшысы» болып Шымкент белгі беру-байланыс дистанциясының Қорғасын станциясындағы электромеханигі Назарбай Ыбышев атанды. «Жылдың жас еңбек қорғау маманы» номинациясымен Бескөл жол дистанциясының еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Манат Оразханов марапатталды. «Қозғалыс шаруашылығының жас маманы» болып Жамбыл ЖТ бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Медет Ұшақбаев танылды. «Жылдың жас энергетигі» Семей электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Аслан Омашевке атанды. Ал Семей белгі беру-байланыс дистанцисының инженер-электронщигі Тимофей Ломакин «Жылдың жас новаторы» болып марапатталды. Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Берікхан Тлеужанов «Жылдың жас кәсіподақ қызметкері» номинациясын иеленді.
Байқау мен форумға алғаш рет қатысып отырған Ұлттық компанияның еншілес компаниялары қатарында «ҚазАвтоЖол» мен «Airport Management Group» әуе көлігінің өкілдері Сұңғат Жұлдас пен Ілияс Нұғманов «Жылдың жас автожолшысы» мен «Жылдың жас авиаторы» атанды.
«Жол шаруашылығының жас маманы» болып Жамбыл магистралдық желі бөлімшесінің инженері Дәулетбек Жолдасбеков марапатталса, «Жылдың жас қаржы қызметкері» болып Илецк-1 станциясының тауар кассирі Айдана Бисенова танылды.
Жаңа-Семей станциясының манерв диспетчері Елена Гуржий «Жылдың жас диспетчері» атанса, «Жылдың жас кадр маманы» болып Алматы ЖТ еңбек қатынастары инспекторы Анеля Мұрашева марапатталды.
Қазіргі заман талабына сай қытай тілін терең меңгеріп, компанияның өркендеуіне үлес қосып жүрген Алтынкөл станциясының аудармашы, инженер-технологы Олжас Төлегенов «Жылдың жас лингвисі» атанды. «Жылдың жас сауда ұйымдастырушысы» номинациясымен ҚТЖ – Бас есептеу орталығының қызметкері Ержан Жиенбаев, ал «Вагон шаруашылығының жас маманы» болып Көпбаев Қуатбек марапатталды.
«Жылдың жас технигі» атағы КТЖ – Техникалық саясат департаментінің менеджері Қарлығаш Булекбаеваға бұйырды. Қандағаш станциясының бас инженері Медет Аяғанов «Жылдың жас инженері» болып танылса, Семей локомтив пайдалану депосының тепловоз машинисі Ерлан Дүйсенбин «Жылдың жас машинисі» атанды. Ал «Жылдың жас жолсерігі» номинациясы «Батыс» филиалының жолсерігі Данабек Шаймардановқа берілсе, «Жылдың жас слесары » марапаты Жамбыл ЖТ- Жамбыл вагон пайдалану депосының слесары Едіге Тажиевке табыс етілді.
Міне, дәстүрлі «Жас кәсіби маман –2017» байқауы осылайша мәреге жетіп, жас болса да өз саласы бойынша жетістікке жеткен мамандарды анықтап, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді.
Жарайсыңдар, жайдарманшылар!
Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер. «Әр әзілдің түбінде бір шындық» барын теміржолшылардан құралған жайдарманшылар сейсенбі күні өткен «ҚТЖ лигасының» финалында күліп тұрып-ақ жеткізе білді.
VIII республикалық жастар форумына қатысушыларының өнерін ортаға салып, қоғамның түйткілді мәселелерін астарлап жеткізіп, көпшілікті күлкіге көметін «ҚТЖ лигасы» ойыны ойдағыдай өтті.
Төрт топтан құралған теміржолшы жастардың жайдарман ойынына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «ҚТЖ» ҰК» АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұл, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –«Магистральдық желі дирекциясының» кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма бастығы Руслан Барбасов және «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бизнесті трансформациялау орталығы» «Өзгерістерді басқару» блогының басшысы Алибек Сұлтанов төрелік етті.
«Төртеу түгел болса – төбедегі келеді» демекші, ақтөбелік «Ақтөбе теміржол құрамасы», жамбылдық «Тараз теміржол тарландары», астаналық «Нұрлы жол» және семейлік «Алаш» тобынан құралған теміржолшылар сахнада нағыз жайдарманшылардың шебер ойын үлгісін көрсете білді. Алғашқы «Визитка» айналымында ойыншылар «Менің өлкем –Қазақстан» тақырыбында алты минуттық таныстыруларын ұсынды. Аталмыш айналымда «Ақтөбе теміржол құрамасының» әзілдері өтімді болды. Күнделікті өмірде кездесетін қызықтар мен пойыз арқылы жіберілетін сәлемделер туралы сәтті сахналап, көрерменді күлкіге қарық қылды.
Келесі «Биатлон» айналымында «Бәрі күлсін...» тақырыбында қатысушылар әртүрлі әзілдер айтып, езуге күлкі үйірді. Әділқазылар тарапынан қойылған сұрақтарға тез әрі ұтқыр жауап берген тараздық «Тараз теміржол тарландары» мен астаналық «Нұрлы жол» топтары оза шапты. «ҚТЖ-да неге жұмыс істейсіз?» деген сауалға төрт топ та қызықты, жастарша айтқанда «оригинально» жауап берді.
«Күлкі – өмірді ұзартады. Ұзартқыңыз келе ме?» деген тақырыптағы бейне байқауда ойыншылар ойларының ұшқырлығын көрсетіп, теміржол бойында, пойызда болатын қайталанбас қызықты оқиғаларды көрсетіп, көрерменді таңқалдыра білді.
Соңғы айналымда музыкалық үй тапсырмасы бойынша қатысушылар Астананың елордаға көшірілуіне –20 жыл толуына орай алдын ала дайындаған көріністерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл айналымда төрт топтың да асығы алшысынан түсті. Болат жол бойындағы күнделікті қайталанатын, бір ақ көп мән берілмейтін қалжыңдарда көрермен қауым жылжымалы құрамдай рет-ретімен, орын-орнымен қабылдап жатты. «Нұрлы жол» тобының өткен ғасырды бүгінмен байланыстыруы әсерлі де ұтымды шықты. Семейлік «Алаш» тобы тек туыстар жұмыс істейтін «династиялық» ұжымдағы жағдайды әзілмен әдемі жеткізе білді. Тараздық және ақтөбелік ойыншылардың да қалжыңдары жарасып, «теміржол –достықтың мекені» екенін сәтті аша білді. Әсіресе «Ақтөбе теміржол құрамасының» купедегі таныстықты сахналап, топтағы бойжеткен есімінің «Гданкеледі» аталуы көрерменнің екі езуін құлағына жеткізіп, күлкіге қарық қылған әзіл болғаны анық.
«ҚТЖ лига» ойынын қорытындылаған қазылар алқасы жас теміржолшы ойыншылардың нағыз жайдарманшылардан да асып түскенін айтып, алғыстарын білдірді.
–Бүгінгі ойынды көріп, дән риза болдым. Менің өз өмірім көз алдыма елестеді. Кезінде мен де сіздер сияқты сахнада өнер көрсеткем. Сол сәулелі сәтті сыйлағандарыңыз үшін алғыстан басқа айтарым жоқ. Экономикамыздың күретамыры болып саналатын саладағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Алға, теміржолшы жастар!, –деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских ізгі тілегін білдірді.
Жайдармандар ойынының қорытындысы бойынша «Үздік әзіл» номинациясы тараздық «Тараз теміржол тарландарына» бұйырды. Ал «Үздік бейне баянды» семейліктер меншіктесе, «Үздік музыкалық топты» «Нұрлыжолдықтар» қанжығасына байлады. Ойыншылар арасында дапраланып көрінген астаналық Бейімбет Ұлазбек «Үздік ойыншы» атанды.
VIII республикалық жастар форумының финалдық ойынында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, жеңіске жеткен ақтөбелік «Ақтөбе теміржол құрамасы» «V ҚТЖ лигасы –2017» кубогын иемденді.
Ойын соңында құттықтап сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұл дәстүрлі өткізілетін республикалық форумды компания басшысы Қанат Қалиұлының қолдайтынын айтып, бұл форумның жалғасатынын жеткізді.
Арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталған жеңімпаздар қазылар құрамымымен естелікке суретке түсті.
Болашаққа арналған бес қағида
VIII республикалық жастар форумына қатысушылар ҚР білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариевтың шеберлік-сыныбына қатысып, біліктіліктерін арттырды.
Болашаққа арналған бес қағида бойынша сөз қозғаған Арын Амангелдіұлы өзінің өмірлік жолындағы жиған тәжірибелерімен бөлісіп, келешекке айқын мақсат-міндеттер қойып, соған жетудің жолында еңбек етуді тілге тиек етті.
– Жалпы министрлік үшін адами әлеуетті көтеру маңызды. Осындай шаралар арқылы біз адами әлеуетті қалай көтеру жолдарын қарастырамыз. Соңғы кезде жүйкеге қатты күш салмай тек қана білімді емес білікті де арттыру мәселелеріне ден қойдық. Сол себепті қазақстандық жастардың біліктіліктерін арттыру - бірінші кезектегі мәселе. Екіншіден, әр бір үлкен компания өз жұмысында кішкентай инновацияларды дамытуы тиіс. Әр салада адам өз жұмысы бойынша бір-екі жақсылық жасайтын болса, мысалы бір процесті автоматтандыру немесе ұжымдағы адамдарды бір ортақ «чатка» енгізу сынды жұмыстарды атқарса, жалпы қоғам үшін қанша пайда?! Ал «Қазақстан темір жолы» сынды үлкен компания үшін мұндай форумдарды өткізу өте маңызды. Өйткені, тың идея ұсынып, жаңа инновацияларды жасайтын жастар, олардың арасында осындай конкурстарды, сайыстарды ұйымдастыру қаншалықты пайдалы екені айтпаса да түсінікті. Дүние жүзінде ҚТЖ сынды алып компаниялар жыл сайын әртүрлі форумдарды ұйымдастырып өткізіп тұрады. ҚТЖ да солардың бірі. Бұл елдің болашағы үшін қажет. Болашақ, әрине ол – жастардың қолында, – деген министрлік өкілі алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді.
«Жылдарға жүйелі жоспар құру», «Мамандыққа құрмет», «Дос жұртты кеңейту», «Биіктеу бұл – жауапкершілік», «Қаржы қауіпсіздігін жасау» сынды бес қағиданы жіктеп түсіндірген қозғаған Арын Амангелдіұлының «мастер-класы» жастардың көңілінен шыққаны анық. Форум қатысушылары көкейдегі жүрген түрлі сауалдарына да жауап алды.
– Бұл шеберлік сыныптан көп ой түйдім. Өз-өзіңді дамыту, болашаққа бағыт-бағдарыңды айқындау, айналаңмен жақсы байланыс орнатып қана қоймай өмірде өз мақсатыңа жете білу керектігін түйсіндім. Болар елдің баласы бір күндікпен өмір сүрмесе керек. Қандай жағдайда да мамандығыңның майталманы болып, елге адал қызмет ету жолында барыңды салуға баулыған тренингтен түйгенім осы, – деп пікір алмасты Достық станциясының жүк-қабылдаушысы Жалғас Қажиев.
Өзгеріс – өзіңнен басталады
Елімізде қосымша білім алу саласында қысқа мерзімді тренингтер жүргізіліп келеді. Республикалық форум аясында жастар әр түрлі тренингтерге қатысып, көшбасшылық қабілеттерін шыңдады.
Сейсенбі күні ҚТЖ ғимаратында басталған «Өзгерістерді басқару – Change management» тақырыбындағы тренинг сәрсенбінің сәтінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігін бағалау және персоналдық даму орталығында» жалғасын тапты.
– Біз екі күн бойы ҚТЖ жастарымен бірлесе жұмыс жасадық. Үлкен компанияда қызмет ететін сала мамандарымен сан түрлі тақырыптарды қозғап, қатысушылардың әлеуметтік позициясын, білімін көтеруге ұмтылдық. Әр адам өзін қоршаған ортамен байланысын арттырып, өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамытуы тиіс. Біз бұл тренингте жеке тұлға құндылықтарын ашу, шығармашылығын шыңдау, басқарушылық қабілеттерін арттыруға күш салдық, –деді тренер-психолог Айгерім Накупова.
Бірнеше топқа бөлінген теміржолшылар тосыннан қойылған сұрақтардан сүрінбей өтіп, өздерінің іште бұғып жатқан энергияларын аша білді. Тренер тапсырмаларын бұлжытпай орындап, түрлі ойындар арқылы ойға шабуыл жасаған жастар қарым-қабілеттерінің, интеллектуалдық ой-өрістерінің кеңдігін байқатты.
– Мен бұл форумға алғаш рет қатысып тұрмын. Басшыларымның менің кандидатурамды қолдап осы жастар жиынына жіберегеніне алғысым шексіз. Кешелі бері түрлі тренингтерге қатысып жатырмыз. Мен осыған дейін бәрін басшылық шешеді, қарапайым қызметкердің оған түк қатысы жоқ деп ойлайтынмын. Осы тренингтің арқасында біздің де өз пікірімізді айтып, ұсынысымызды білдіруге болатына көз жеткіздім. Біздің ұлттық компаниямыз еліміздің экономикалық күретамыры саналатындықтан, бүкіл қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Әсіресе, жастар үшін жақсы жағдай жасалуда. Осы форум да, өткізіліп жатқан тренингтер де соның дәлелі, – деген шығыстық Айдана Аханова енді мүмкіншілік болса жастар құрылтайынан жылда қалмайтынын жеткізді.
Үнемді өндіріс дегеніміз не?
Форум аясында жастар «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігін бағалау және персоналдық даму орталығының» ғимаратында өткен «Кайдзен – үнемді өндіріс» атты тренингке қатысты.
Жаңашалдыққа жаны құмар жастар үшін компания басшылығы биылғы республикалық форумға осы әдістің қыр-сырына баулитын мамандарды арнайы шақыртыпты. Жапондық бизнес жүргізудің негізгі бес қағидасы бар екен, ол: ұқыптылық, жұмысты ретімен істеу, тазалық, стандарттау және тәртіп. Екі күнге созылған тренингті жүргізген Күміскүл Дәулетбаева ҚТЖ жастарына деген ризашылығын жасыра алмады.
– Ұлттық компаниямен бірінші рет жұмыс жасап тұрмын. Жалпы, форумға келген жас мамандардың не нәрсеге де ынта-ықыласы өте зор, белсенді екенін байқадым. Жан-жақтан келген теміржолшы жастарды төрт топқа бөлдім. Сондағы олардың көшбасшылық қырын көріп, интеллектуалдық деңгейінің жоғарылығы мен ұсынған идеяларына қарап таң қалып, риза болдым. Біздің негізгі тақырыбымыз – үнемді өндіріс философиясы бойынша жұмыс жасау. Қазақстан темір жолында бұл философия бұрыннан енгізілген, бүгінде ара-тұра үнемді өзгерістердің құралдарын көруге болады. Бұл форумдағы жастардың ынта-жігеріне, энергетикасына таң қалмау мүмкін емес, – деп таңданысын жасыра алмады тренер.
Керексіз дүниеден бас тартып, арнайы жүйе құрып, өндірісті үнемі жетілдіріп отыруды көздейтін Кайдзен философиясымен отандық компаниялар тығыз байланыс орнатқан. Мұнда қазақстандық кәсіпорындар жапониялық тәжірибені меңгеріп қана қоймай күнделікті өмірде қолданысқа енгізуді көздейді.
– Осы тренигтен көп нәрсе үйрендім. Топ болып жұмыс жасау, өз пікіріңді ашық айту, ұжымда үнемі алда жүру сынды нәрселерді жадыма түйдім. Ұйымдастырушыларға алғысымыз кө...ө...п... – деп ой бөлісті Алматы бөлімшесінде жүк кассирі болып жұмыс жасайтын Айдана Жастаева.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Новости
26.11.2024
Более 155 мостов построят во время строительства новых железных дорог в Казахстане
Новости
26.11.2024
Олжас Бектенов дал ряд поручений Минтранспорта и КТЖ
Новости
26.11.2024
До 2027 года КТЖ построит 9 терминалов
Новости
26.11.2024
Развитие железнодорожной отрасли и транзитного потенциала рассмотрели в правительстве Казахстана
Новости
26.11.2024
Объемы контейнерных перевозок за три года выросли на 30%
Грузовые перевозки
26.11.2024
Минтранс: объем грузоперевозок вырос на 3,5% в Казахстане
Новости
26.11.2024
Более 1600 договоров с отечественными производителями заключило КТЖ в 2024 году
Инфраструктура
26.11.2024
Ремонтные работы железных дорог завершили на 96% в Казахстане
Грузовые перевозки
26.11.2024
Годовой план по сдаче грузов через Достык – Алашанькоу выполнили досрочно
Пассажирские перевозки
26.11.2024
Нацперевозчик напомнил правила использования стоп-крана в пассажирских вагонах
Новости
26.11.2024
Развитие ТМТМ обсудили в Стамбуле
Инфраструктура
26.11.2024
Инфраструктуру железных дорог продолжают улучшать в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости / Архив
26.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №100 от 26 ноября 2024 года
Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП