РЖД – сенімді серіктес

Новости
15.12.2017, 10:56
2 мин чтения
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ Басқарма отырысының қорытындысына қатысып, сөз сөйледі. Ол екі ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін Қазақстан мен Ресей темір жолдарының арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың табысты болғандығын жоғары бағалады. Биылғы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды. Коммерциялық блокқа кіретін жобаның бірі Бірлескен көлік логистикалық компаниясы (БКЛК) аясында транзиттік тасымалды дамыту. Ол арқылы Қытайдан Еуропа шекарасына дейін транзиттік –көліктік логистикалық қызметтің бәсекелестікке сай жоғары жылдамдықты, бірыңғай өтпелі  мөлшерлемесі қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде, Қытайдан Еуропа бағдарына шығатын транзиттік контейнерлік тасымал көлемі жылма-жыл еселеп артып келеді. Биылғы 11 айда Азия-Еуропа бағдарындағы контейнерлік тасымал өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  1,7 есеге артып, 175 мың ЖФЭ құрады. Жыл аяғына дейін 200 мың ЖФЭ жеткізіп, 2020 жылдарға дейін 800 мың ЖФЭ ұлғайту көзделіп отыр. Биылғы жыл қорытындысы бойынша контейнерлік пойыздың орташа жылдамдығы тәулігіне мың шақырым болса, БКЛК аумағы бойынша оны тәулігіне 1100 шақырымға жеткізу жоспарлануда. БКЛК аясында Азия-Еуропа бағдарындағы бәсекелестікке сай өзара серіктестік одан әрі кеңейе түсуде. Польша инфрақұрылымының өткізу қабілетінің шектеулілігіне байланысты Еуропаға шығатын қосымша баламалы бағыттарды қарастыру қажет. Баламалы өткізу бекеті Калининград етуге болады. Сонымен қатар трансеуразия бағдарымен транзиттік жүк ағындарын ынталандыру мақсатында бірлескен терминалдар мен жүктерді шоғырландырып, тарататын нүктелерді Еуропа, Иран, Қытайдан ашуға болады. ҚР мен РФ арасындағы өзара серіктестіктің табысты операциялық тиімділік әкеліп отырған үлгі ретінде жобасы Лужская станциясындағы қазақстандық көмірді тасымалдауды ұйымдастыру болып табылады. БКЛК аумағында ықпалдасқан жоспарлау, вагон ағындарын бірыңғай жоспар бойынша жасақтау, өндірістік үдерістерді цифрландыру, қағазсыз технологияны қолдану шаралары өндірістік үдерістердің тиімділігін көтереді. «Қазіргі таңда бірыңғай көлік кеңістігін жасақтау мен ықпалдастыруды институциональдық түрде орнықтыру жүзеге асырылды. ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ ынтымақтастығы үлгі етуге тұрарлық»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

 Ескендір Ертай

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ