«Continental Logistics – Шымкент» – көліктік кешен несімен құнды?
Новости
15.12.2017, 12:10
«Оңтүстік» көліктік-логистикалық аймағындағы «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС құрылысы әне-міне аяқталуға жақын. Оңтүстіке ғана емес, республика бойынша бірегей жоба саналатын кешеннің құрылымдық жүйесі мен ерекшелігі қандай болмақ, жалпы көліктік кешен несімен құнды, таратып көрелік.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ОҚО әкімдігі тарапынан 92 гектар жер бөлініп, 7 жобаның негізі қаланған болатын. Оның екеуі аяқталып, бүгінде ол нысандарда жұмыс жүріп жатыр. Ал 35 гектар аумақты алып жатқан көліктік кешен – «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС желтоқсанда ашылып, әне-міне іске қосылады деп күтілуде. Аталған құрылыстың жоба жетекшісі Диас Ермекбаевтың айтуынша, негізгі жұмыс аяқталған. Алайда, әлі де атқарылатын ұсақ-түйек шаруалары жетеді.
– «Көліктік-логистика аумағы» компаниясының жалпы инвестиция көлемі 15 млрд 800 млн теңгені құрайды. Осында кеден, санитарлық қызмет, басқа да тексеруші және қадағалаушы органдар «бір терезе» қағидасымен барлық қызмет түрін көрсетеді. Қазіргі таңда қоймалар жеке инвесторлардың есебінен салынуда. Бизнес жоспар бойынша бүгінде 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге қайтарым болып отыр. Яғни, біздің инвестицияларымыз толық өтелуде. Жаңадан соғылып жатқан кешендерге тауар айналымы жеткілікті болатындықтан, 3-4 жылда кеткен шығын толық өтеледі деген сенімдеміз. Оңтүстік Қазақстаннан бөлек, Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы сауда-саттықта тауар айналымын жақсы жүзеге асырған компания басшылары біздің кешенге орналасуға ниет білдіруде. Себебі, бұл сауда орталығы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында жатыр, бұл кешеннің құндылығы мен ерекшелігінің бірі, – дейді «Көліктік-логистикалық аймағы» ЖШС бас директоры Ерғали Бектаев.
«Continental Logistics – Шымкент» ЖШС құрылымдық жүйесін тарқатып айтар болсақ, климатты қойманың аумағы 12 300, құрғақ қойма 12 400, әкімшілік нысанның аумағы 2700 шаршы метр. Қоймалардың сыртқы пішіні 75 х 150 метрді құраса, ішкі көлемі 72 х 144 метрге жетеді. Мұндай «А» және «Б» класты әлемдік деңгейдегі қоймалар Еуропаның бірқатар елдерінде, атап айтсақ Германия, Италия, Ресейде қолға алынған. Оңтүстіктегі қоймалар ресейлік стандартпен салынған. Климаттық қойма тоңазытқыш, мұздатқыш сынды жекелеген камераларға бөлінген. Қабырғалары ыстық-суыққа төзімді, еденнің астынан жылыту жүйелері салынған. Жеміс-жидек, ет, сүт сынды тез бұзылатын өнімдер осында сақталады. Ал бірқалыпты температурада тұратын құрғақ қойманың іші ашық. Кітапханадағыдай қатар-қатар сөрелер қойылыпты, оған ұзақ мерзімге шыдайтын ауыл шаруашылық тауарлары, тұрмыстық техникамен қатар ұзақ сақталатын химиялық заттар тұрады. Құрғақ қойманың зат қоятын бөлігі жіңішке сымдармен қоршалса, тауарды өткізетін жерде кедендік бақылау бекеті жұмыс істемек. Қоймаларға заттарды жоғары көтеріп-түсіретін арнайы техникалық жабдықтар сатып алынып, жұмысшылар үшін қол күшін азайтады. Келген-кеткен жүк көлеміне есеп-қисап жасау үшін, шағын қызмет көрсететін кеңселер қарастырылған. Көліктер жүк қорабына затты оңай тиеу мақсатында қойма ішінен 1,5 метр кірме жолдар белгіленген. Қойманың бергі бөлігінен тауарлар автокөлікке тиелсе, екінші бөлігінде вагондар темір жолмен тасымалданады. Жаңбырлы-қарлы күндері кедергі болмас үшін, шағын кірме жолдардың төбесінен жабық-шатыр тұрғызылған.
Екі қоймада да төтенше жағдай орын алса қажет болатын жабдықтар, ауа желдеткіш пен сыртқы есік қақпалары талапқа сай. Құрылысы толықтай біткен контейнерлік алаңның аумағы 2,3 гектарға созылған. Инженерлік және кәріз жүйелерінің жұмысы аяқталыпты.
Бүгінде 20 мың шаршы метрлік 92 х162 көлемдегі контейнерлік алаң толық бетондалған. Әуелде 15 мың шаршы метр болып белгіленген осы алаңға сұраныс жоғары болғандықтан, құрылыстың екінші кезеңінде үлкейту жоспарланыпты. Алаңның төбесі ашық болып, алдымен тұтас айналасы, сосын ішінен бірнеше бөліктерге бөлініп қоршалады. Одан соң, жауында су жиналмас үшін айналасынан арық-атыздар қазылады. Алаңда жүк айналымы іске қосылғанда контейнерлер 8 қатарға дейін бірінің үстіне бірі жиналып тұрмақ. Қазір мұнда контейнерлерді көтеретін австралиялық «Феррари» техникасының корпусы әкелінген. Көлемі 12, биіктігі 6 метр болатын бұл контейнер жинағыштың барлық қондырғылары құрастырылса салмағы 70 тоннаға жетпек. 50 тонналық контейнерлерді еркін көтеріп 20 метрге дейін созылып қатарларға кезекпен қоятын алып техника Қазақстанда бірінші рет қолданысқа берілуде. Оның қасына жанынан және ортасынан 50 тонналық жүкті көтеріп жылжытатын австриядан шыққан соңғы үлгідегі айыр ашалы (козловой) кран да сатып алынған. Келешекте нағыз қарбалас жұмыс осы контейнерлік алаңда жүреді. Құрылыс бітіп, 2 қойма іске қосылғанда жүк айналымы жылына 1 млн тоннаға жетсе, жобадағы 4 қойма жұмыс істегенде жүк айналымы 2 млн тоннаға дейін артады деген болжам шындыққа әбден жанасады.
Теміржол арқылы тасымаланданатын жүктер үшін Черноводск бекеті мен екі ортада теміржол тартылған. Бүгінде іштегі жол төселуде екен. Автожол мен жаяу жүргіншілердің жолы дайын. Жарық шамдары да түгел орналастырылып, әкімшілік ғимарат нысанының құрылысы да аяқталған. Ертең жұмыс жүргенде орталық кедендік құжаттандыру бөлімі осы ғимаратқа қоныстанбақ. Орталық іске қосылғанда Черновод станциясының жұмыс ауқымы кеңейіп, қосымша кассир, құжат реттейтін мамандар жұмысқа алынып, күніне орта есеппен 50 вагон жүк жөнелтетіні болжануда.
Ал, жалпы айтар болсақ, мұндай аса ауқымды, жан-жақты жабдықталған кешен тек Қазақстан ғана емес, Орта Азияда таңдаулы болмақ. Және оның халық тығыз орналасқан, тоғыз жолдың торабы Оңтүстікте салынуы да тек тиімділік әкелмек. Облыс орталығындағы бұл алып кешенннен бөлек, аграрлық сектор қатты дамыған, диқаншылық дарыған өңірде болашақта бірнеше сауда және логистика орталықтары бой көтеріп, логистика тармақтары дамитыны белгілі болып отыр. Мысалы, Түркістанда ашылатын сауда кешеніне Түркістан ауданымен қатар, Кентау, Бәйдібек, Отырар аудандарынан келген өнімдер жиналып, жылына ең кемі 50 тонна көкөніс жеткізіліп, сұрыпталып көрші Қызылорда, Ақтөбемен қатар батыстағы облыстарына таратылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Мақтаарал және Шардара аудандарында өсетін бақша дақылдарын сақтайтын құрғақ қойма Жетісай қаласының шетінен бой көтермек. Облыс мен республиканың да көп аймағына жаз бойы осы екі ауданда пісетін бақша дақылдары таратылмақ. Ендігі жерде шалғайдағы шаруа ағайын өнімін өткізуді уайымдамай, өздерінде салынатын кешенге өткізетін болады. Әрі осында ұзақ уақытқа сақтайтын қоймалар да тұрғызылмақ. Барлық өңімдер осында сұрыпталып, аймақтарға таратылатын болады.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Пассажирские перевозки
24.06.2026
Нацперевозчик объявил о скидках до 20% на популярные туристические маршруты
КТЖ в лицах
24.06.2026
Инженера-технолога Каухар Нуртазину проводили на пенсию в Семейском отделении грузовых перевозок
Новости
24.06.2026
Встреча представителей железнодорожных профсоюзов Казахстана и России состоялась в Кокшетау
Новости
24.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железной дороге в период летних каникул
Новости
24.06.2026
Дноуглубительные работы продолжаются в порту Актау
Новости
23.06.2026
Внесших вклад в развитие взаимодействия со СМИ сотрудников отметили в КТЖ
Новости
23.06.2026
Студенты ALT Университета проходят геодезическую практику на объектах КТЖ
Регионы
23.06.2026
Итоги работы за 5 месяцев подвели в РЦУП-2
Новости / Архив
23.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №48 от 23 июня 2026 года
Новости
22.06.2026
Будущее ключевого маршрута между Европой и Азией обсуждают в Брюсселе
Новости
22.06.2026
КМГ и КТЖ обеспечили сквозной цифровой контроль логистики нефтепродуктов в Казахстане
Инфраструктура
22.06.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Талдыкоргане
Новости
22.06.2026
КТЖ создаст единую цифровую сеть LTE-R для железных дорог Казахстана и международных транспортных коридоров
Регионы
22.06.2026
Железнодорожники высадили цветы у административного здания Семейского отделения магистральной сети
Грузовые перевозки / Цифра недели / Инфографика
22.06.2026
Более 130 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Новости
22.06.2026
Победителей художественного конкурса среди детей железнодорожников наградили в Астане
Регионы
22.06.2026
Карагандинские железнодорожники высадили 60 деревьев в рамках проекта «Таза Қазақстан»
Новости
21.06.2026
Машинист поезда предотвратил наезд на пятилетнего ребенка
Новости
20.06.2026
Движение по новому автодорожному мосту открыто в Алатау
Пассажирские перевозки
20.06.2026
АО «Пассажирские перевозки» вводит дифференцированный подход к формированию стоимости билетов