Жаңа технология дәуірінде

Новости
24.12.2017, 16:24
3 мин чтения
«Елу жылда – ел жаңа» - демекші, бүгінде қоғам да, уақыт та, заман талабы да өзгерді. Ел экономикасының ілгері басуы жаңа технологияға, жаңаша сипатқа ие болып өзгеше қарқын алды. Бұл - Ірілендірілген Шу жол дистансасы атауына ие кәсіпорынға да тән құбылыс. Бес жүзге жуық ададм еңбек ететін Шу жолшылары  606,4 шақырым жолға қызмет көрсетеді.   Стансалық жолдар ұзындығы 137,7  шақырым, оның ішінде 115,8 кірме жолдар, 238 дана бағыттағыш бұрмалар бар.  Дистансада 3 колонна, 6 өндірістік телім, жасанды нысандар цехы, көлік блогы, диагностикалық блог, ақау тапқыш цептары, база жұмыс істейді. Дистанция жолына қарасты 14 станция бар. Олар  - Шу, Бірлік, Хантау, Жиделі, Кемер, Көктөбе, Еспе, Шоқпар, Алайғыр, Құлақшын, Бел, Аңырақай, Қордай, Құлжабасы станциялары.  Жолшылар бұрын қолмен атқарып келген жанкешті еңбекті жеңілдететін, уақыт талабына сай келетін, арнайы жаңа техникаларды қолдану арқылы дистанция ұжымы орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының тиімділігін едәуір арттырып келеді. РМ – техникасы жол жөндеуде тазалау жұмыстарын жүргізсе, ХДВ-жол техникасы арқылы тазаланған жерге қиыршық тас төгеді. Жұмыс ауқымын көз алдыңызға елестете беріңіз. Әдепкі техника рельс төселуі тиіс 200 метр жерді тазалап шықса, келесі жол көлігі осы аумаққа артық-кемі жоқ 10 вагон қиыршық тас жеткізіп, төгіп шығады. Ал, «Дуомат» техникасы төселген жолдың астына қиыршық тасты өлшемге сай етіп төсеп шығады, белгілі салмақпен көтермелей ұрып, нығыздайды, рельс үстінен өтетін ауыр салмақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұдан соң ДГС-техникасы жолдың жинақылығын қалпына келтіріп шықса, ең соңынан ПБР техникасы  қорытынды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Міне, теміржолшылар еңбегінің бір мезгілдік нәтижесі осындай. Бұл күрделі жөндеуге жатады. Әрине, айтуға ғана оңай. Әйтсе де, осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы теміржолшы аға буын өкілдерінің қол еңбегін бүгінгі жаңа технологияның жетістігімен салыстыра қарасақ, жер мен көтей өзгешелікті көреміз.    Бүгінде жергілікті теміржолшылар «ғасыр құрылысы» деп баға берген Алматы-Шу теліміндегі екінші жол құрылысының ел игілігіне берілуі  - тек Шу емес, жалпы әулиеаталық теміржолшыларға үлкен салмақ пен жауапкершілік жүтеп отыр.  Өйткені, ел әлеуетінің тасуына, экономика көшін ілгері сүйреуде, әлеуметтік саланың табысты жүзеге асуына тигізер пайдасы ұшан-теңіз жол күтімі ендігі жерде жергілікті жолшылар міндеті.  -   Алматы-1 мен Шу арасы 110 шақырым жол құрылысы өте жоғары сапалы жасалды. Оның 49,5 шақырымы бізге тиесілі. Қазір жолды сынау, техникалық бақылау мерзімі өтіп жатыр. Оның мықтылығын бекіту уақыт еншісіндегі дүние. Қазір жолаушылар және жүк тасымалы бойынша пойыздар тоқтаусыз жүріп жатыр. Бүгінгі күні жолаушылар пойызының жылдамдығын 70, ал жүк пойыздарының жылдамдығын 60 км/сағатпен жіберіп отырмыз. Жылдамдықты арттыруда да жұмыстар қолға алынған. Жалпы, екінші телімнің тиімділігі пойыздар өткізу кезеңін тоқтаусыз атқаруында. Бұрындары бір ғана телім пайдаланып тұрғанда негізінен жолаушылар пойызы кезекті станцияда алдағы пойызды күтіп, өткізіп жіберетін. Енді, әр пойыз өз бағытында қозғалады, Бұрындағы бір ғана жол пайдаланып тұрғанда жол дистанцияларының жұмысшыларына ауыр болатын. Енді, міне екінші жол қосылғалы жұмыс та жеңілдеді, жылдамдық та артты. Ендігі қозғалыс қауіпсіздігін реттеуде автоматтандырылған жүйелер жүзеге асуда,- дейді Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының орынбасары Махмудин Абдуллаев.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ