Бейнеу- Тассай телімінде қозғалыс артқан
Новости
24.12.2017, 16:49
Соңғы жылдары танымалдығы артып, төрт бағытқа тарайтын жол торабына айналған Бейнеу сатанциясында қозғалыс ырғағы жылдан жылға артып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда станция теміржолшылардың жұмысы да жанданған.
Айталық, Бейнеу станциясынан жүктелген вагондар саны өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 1 817-ге немесе 125 577 тоннаға артып, 4 311 вагон/248 449 тоннаға жеткен. Станциядан бірнеше шақырым қашықта орналасқан №1 бекеттен 13 254 вагон тиеліп, жіберілген жалпы жүк көлемі былтырғы мерзімнен 197 019 тоннаға көбейген.
Соның ішінде құрылыс материалдары 1607 вагон/ 68 288 тоннаға, мұнай 73 вагон/1000 тоннаға, металлолом 38 вагон/2133 тоннаға, әртүрлі жинақталған жүк 43 вагон/669 тоннаға, метал-құрылыс заттары 77 тоннаға көбейген. Сондай-ақ Бейнеуден бидай тасымалы да жүзеге асқан. Өткен жылғы есепті мерзім ішінде станциядан небәрі 3 вагон астық жіберілсе, биыл 102 вагон/6512 тонна дақыл жөнелтілген. Бейнеу астық терминалында ұзақ мерзім сақталған төменгі сұрып бидай Шымкенттегі құс фабрикасына жіберілген.
Дегенмен кейбір көрсеткіштер төмендеген. Бейнеу астық терминалына бидайдың кірісі қысқарғандықтан ұн жөнелтілімі бәсеңсіп, салыстырмалы мерзімде 163 вагонға азайған. Жем де азайған. 11 айда Орталық Азиядан қабылданған пойыздар 27-ге, кері бағытта жіберілгені 64-ке кеміген. Керісінше, Тассайдан қабылданған пойыздар 989-дан 1 324-ке, Тассайға қарай бағытталғаны 698-ден 937-ге дейін жеткен. Бұл көрсеткіш станцияға Мақаттан келген пойызда 20 710, Маңғыстау станциясынан 7 602 вагонға жоғарылаған. Локомотивтердің барлығына станцияда техникалық қызметтер көрсетіліп, сұрыптау жұмыстары жүргізілген.
- Қазір Бейнеу станциясы төрт түрлі бағытта жол торабымен жұмыс жасауда. Олар: Бейнеу-Мақат, Бейнеу-Маңғышылақ, Бейнеу-Каракалпакия, Бейнеу-Тассай. 2014 жылы Бейнеу-Тассай бағытындағы жол желісі іске қосылуына орай «Б» паркі ашылды. «Б» мен «А» паркінің арасындағы байланыс әлі қосылған жоқ. Сол себепті бағыттама бұрмаларды парктік кезекшілер бұрып дайындап жүр. Келіп-кеткен пойыздардың жүріс барысын пойыздық диспетчермен байланыс арқылы анықтап отырады. Жаңа жол торабының пайдаланысқа берілуімен жаңа жүйе де енгізіліп, қызметкерлер Ebiloc-950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін меңгерді. Әрине, жаңа тораптың ашылуы айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырғаны анық. Бұрын 3 торапты жолмен жұмыс жасағанда Атырау және Ақтөбеге бағытталған локомотивтер Бейнеу-Мақат жолы арқылы кететін. Енді Ақтөбе, Алматы, Жезқазған бағытына жол алған жүк вагондары Бейнеу-Тассаймен жіберілуде, сол арқылы станциядан бұрыңғыдан да көп пойыз қабылдап-жөнелту мүмкіндігі туып отыр,- дейді станция бастығы Есет Хайруллин.
Станцияда бүгінде 13 жол бар екен, оның үшеуі жолаушылар қатынасы үшін, қалғандары жүк пойыздарына арналған. Жаңадан салынған «Б» паркінде 6 жол бар. Бірақ әлі толықтай қосылмағандықтан тек 2 бас жолы ғана қолданыста көрінеді. Олар - 1Б (Бейнеу-Қарақалпақия), 2Б (Бейнеу-Тассай) жолдары. Станция бастығы қалған жолдар пайдалануға берілсе сұрыптау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі молайып, нәтижені бұдан да жақсарта алатындарына сенімді.
Оның айтуынша, вагон ағымдарының артуына тағы бір себеп - жалпы Маңғыстау темір жол бөлімшесінде, Бейнеу станциясы және №1 бекеттерінде логистикалық қызметтің дұрыс жолға қойылуынан. Сол үшін автомобильмен тасымалданатын жүктер де темір жол тасымалына ауыстырылып жатқан көрінеді. Бұған айқын дәлел қазір Қазақстанның кез келген жерінде түбек ұлутасының қолжетімді бағамен құрылыс нарығына шығуы. Бұл әрине маңғыстаулық, бейнеулік теміржолшылардың жұмысының бір көрінісі. Осылайша, Бейнеуден биылғы желтоқсан айына дейін 12 923 вагон, яғни былтырғыдан 1 655 вагонға артық ұлутас еліміздің түкпір түкпіріне жол тартқан.
Әйткенмен, станцияда назарға алатын тұстар да жоқ емес екен. Станция бастығы бұл тұрғыда 140 шақты адам еңбек ететін бекетте техникалық кабинеттің тарлық ететінін және онда техникалық құралдардың жетіспеушілігін алға тартады. Сонымен қатар, Бейнеу төрт жолдың түйіскен торабы болғандықтан халықаралық пойыздар көбейген. Сондықтан темір жол вокзалына келіп-кететін халық саны шетел азаматтары, жергілікті тұрғындардан бөлек шетелдіктермен де артып отыр екен. Вокзал тар болғандықтан көпшілік жолаушылар сыртта, перрондарда, кейде қауіпті аймақтарда жүреді. Демек, болашақта Бейнеуге заман талабына сай жаңа вокзал қажет деген сөз.
Шахида Жұман,
Маңғыстау.
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО