Стратегиялық құжат тың міндеттер жүктейді

Новости
16.01.2018, 11:40
Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жаңа Жолдауын насихаттау барысында жолға шыққан ұлттық компания өкілдері жамбылдық теміржолшылармен кездесті. Аталмыш топтың құрамында «Қазақстан темір жолы- Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Төлегенов, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ  HR атқарушы директоры Шолпан Абильбекова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурсын басқару департаментінің бас менеджерлері – Аида Смагулова және Тоты Жакуповалар болды. Жиынды жүргізген ЖТ-Жамбыл жол өлімшесінің директоры Берік Ақшалов өңірлердегі теміржолшыларға Жолдауды насихаттау мақсатында шыққан ақпараттық топтың құрамымен таныстырып, сөз кезегін Оралхан Райханұлына берді. –Алдымен сіздерді өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылағандарыңызға алғыс айта келе, алдымызда үлкен мақсаттар тұрғанын жеткізгім келеді. Оның қатарында Елбасы биылғы Жолдауында теміржолшыларға да жауапты міндеттер жүктеп отыр. Өткен жылдың соңында көмір тасымалдаушы компаниялар тарапынан біраз мәселелер болды. Дегенмен ол проблеманы шештіңіздер. Өйткені сараптама жүргізгенде көмір бағасының көтерілуіне вагон жетіспеушілігі себеп болмаған. Вагон жеткілікті болды. Сондықтан ұлттық компания президенті Қанат Алпысбаевтың атынан сіздерге алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Алда салалық жарыс бар. Оған да барлық құрылымдық сала өкілдері толық дайындалады деген сенімдемін. Ондай байқаулар жұмыс өнімділігін еселейтіні белгілі. Биыл Елбасы Жолдауында көліктік логистиканы дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Бүгінде Қазақстанда жасалған локомотивтер еліміздің әр өңірінде бар. Қазақстанның локомотивтері экспортқа  шығып жатыр. Қазір Украина мемлекетінен үлкен тапсырыс бар. Рельс те өзімізде шығрылады. Сұраныс та бар. Ресей мен Өзбекстан мемлекетінен Қазақстан рельсіне сұраныс жоғары. Сондай-ақ жолаушылар вагонын да шығарып жатырмыз. Бұл жұмыстар өткен жылдардың еншісінде болғанымен, мақтанарлық, ауыз толтырып айтарлық жұмыстар. Жолдау әр ұжымда, локомотив бригадалары мен цехтарда талданады деген үміттемін. Бүгінгі жиын Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Биылғы жылдың бас құжатында нақты он тапсырма көрсетілген. Біздің басты мақсатымыз - әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену. Жолдауда көрсетілген бірінші тапсырмада Елбасы «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшылығына айналуы тиіс» дейді. Осы мақсатта, кәсіпорындарды цифрландыруда ұлттық компания жоспар жасап отыр. Алдымен пойыздар қозғалысын, АСУ ДКР, құжаттар айналымын цифрландыру, жүк тасымалы қызметін пайдаланушылардың құжаттарын электронды форматқа көшіру, жүк тасымалын қашықтан басқару шаралары қолға алған. 2018 жылы АСУ ДКР енгізу бойынша келесі жұмыс жоспары бекітіліп отыр. Ресей темір жолы арқылы станцияларға жүк тасымалын реттеуде құжат рәсімдеулерін қағазсыз, электронды форматқа көшіру. Қаржы көзінің де автоматты аудамырдарын ұйымдастыру. Бұл жұмыстардың дені заманауи ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асады. Вокзалдарды басқару ісі де цифрланады, - деді Оралхан Райханұлы. Сондай-ақ, жиында ақпараттық-насихаттық топ өкілдері теміржолшылардың айлық жалақысын көтеру мәселесі де жүк тасымалы көрсеткішімен еселенетіндігін баса айтты. Мұндай жұмыс көлемін ұлғайту жергілікті ірі ірі кәсіпорындармен жұмысты тиімді үйлестіру, «бір нүктеден екінші нүктеге» қағидасы негізінде тасымал процесін барынша, барлық мүмкіндіктермен ұйымдастыру керек-ақ. Бұл мақсаттағы жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізілуіне пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін еңсеру шараларына да басымдық беріледі. Алқалы жиын соңында ақпараттық топ өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Осыған дейін селекторлық режимде өткен жиын барысында бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев қаңтардың 9 күнгі жарияланған жаңа Жолдаудың мазмұны мен  міндеттемелері жайында сөз өрбіткен болатын.  Ал, кеше, дүйсенбі күні Семей шаһарына «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев, вице-президент Иван Костыря сынды мәртебелі меймандар арнайы келіп, жаңа Жолдаудың саяси-экономикалық һәм әлеуметтік өміріміздегі алар маңыздылығы жайында насихаттық жиын өткізді. Семей жол дистанциясының мәжіліс залында өткен жиынға бөлімше басшылары, станция бастықтары, сала ардагерлерімен қатар барша теміржолшылар жиналды. Кіріспе сөз алған бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев басқосудың негізгі мақсатына тоқтала келе, қонақтарға сөз кезегін ұсынды. Алғашқы болып мінберге көтерілген Батыр Қуанышұлы жуырда жарияланған Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтары мен теміржолшылар қауымына жүктейтін тың міндеттемелер жайында тұщымды пікір өрбітті. Бұл ретте слайд арқылы Мемлекет басшысы алға қойған міндеттемелеріне, жаңа Жолдаудың 10 пунктіне кезегімен тоқталған ұлттық компанияның бас инженері стратегиялық құжат басымдықтарын теміржол саласымен тығыз байланыстыра өрбітті. Оның ішінде заманауи технологиялар арқылы өндіріс барысында инновациялық игіліктерге қол жеткізу туралы айта келе, ұлттық компания жетістіктерінің бұл жолда әлі де мол мүмкіндіктер бар екенін жеткізді. Атап айтсақ, осыған дейін жүзеге асырылған ақпараттық жүйені кешенді дамыту, көліктік логистикалық саладағы ілкімді істер осыған мысал бола алады. Бұл ретте ел әлеуетін арттырар шаралар қатарында контейнерлік жүк тасымалын арттыру, транзит, жолаушы тасымалы бойынша сервистік саланы дамыту және де жылжымалы құрамдарды жаңарту міндеттемелері тұр. Сонымен қатар, Елбасының жетінші тапсырмасы – адами капитал бойынша да компанияның алға қойған жоспарлы жұмыстары дәйекті түрде жалғаса бермек. – Бүгінде біздің компаниямыз еліміз бойынша ең іргелі жұмыс беруші болып табылады. Жалпы саны 130 мыңнан аса адам еңбек етуде. Осы ретте әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, персонал мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Соның аясында еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық мақсатында жұмыс жүргізілуде, - деп атап өтті өз сөзінде Батыр Қуанышұлы. Бас инженер айтып өткендей, бүгінде ел теміржолшылары ТМД елдері арасында ең жоғары жалақы алады. Сол тәрізді сала қызметкерлерінің денсаулығын жақсарту, еңбекке қабілетін арттыру мақсатында да ілкім іс бар. Мұның барлығы Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтары аясында жалғаса бермек. Мәртебелі мейман сонымен қатар Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да жоғары баға беріп өтті. Семейліктер тек кәсіби қызметте ғана емес, қоғамдық шаралар да да белсенді. Әсіресе, спортты серік еткен теміржолшылар қала, облыс бойынша ғана емес, компания бойынша өткізілетін сайыстарда да топ жарып, ұлттық компания намысын қолдан бермей жүр. Ал, мұның барлығы өз кезегінде компания басшылығының да назарында. Батыр Қуанышұлы сонымен қатар ұжымдық келісім шарт мәселесі мен жастар саясаты туралы да сөз өрбітіп, жоспарлы шаралар қатарымен таныстырды. Осыдан кейін сөз алған вице-президент Иван Иванович жүк тасымалындағы электронды құжаттарды рәсімдеу, сандық жүйеге көшу мәселесі жайында кеңінен тоқталып өтті. Заман талабына сай электрондық форматта жұмыс жүргізу де Елбасы міндеттемелерінен туындайтын негізгі басымдықтар қатарын құрайды.  Түйе айтқанда, алдағы уақытта ел Президенті жүктеген тапсырмалар мен тың міндеттемелерді орындауда ел теміржолшылары да білек сыбана еңбек ету қажет. Астаналық мәртебелі меймандар барша сала қызметкерлерін осыған үндеді. Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жолдаған биылғы Жолдауында Қазақстанды көшбасшы елдердің қатарына қосу үшін шешуге тиіс негізгі он басымдықтың бірі ретінде көлік-логистика саласын атады. Бұл – ең алдымен логистикалық хаб құрып, мультимодальдық  компанияға айналу мақсатын ұстанған отандық теміржол көлігіне қатысты.  Демек, бұл міндет алдымен сала өкілдеріне зор жауапкершілік жүктейді. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде Елбасы жолдауына байланысты өткен  алқалы жиында  "ҚТЖ" ҰК" АҚ бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері  түбек теміржолшыларымен төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Маңғыстаулық теміржолшылармен кездескен топ құрамында "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Магистралдық желі дирекциясы" филиалының директоры Жарас Изгулов, бірінші деңгейлі бас менеджері Алма Сәулебаева, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің бірінші деңгейлі менеджері А.Ақтау бар. Басқосуға сондай-ақ, Маңғыстау магистральді желі бөлімшесі бастығы Мұхтар Бақтыгереев, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бурхутов, түбек теміржолының өзге де мекеме басшылары, теміржол ардагерлері мен теміржолшылар қатысты. Жарас  Изгулов Президент Жолдауының маңыздылығына егжей-тегжей тоқтала келе онда айқындалған тапсырмаларды орындау, сонымен қатар темір жол жұмысын заман талабына сай жетілдіре түсу мақсатында алға қойылған жоспарлармен де таныстырды. Елбасы жолдауында Қазақстанды көшбасшы елдердің қатарына қосу үшін шешуге тиіс негізгі он басымдықтың бірі ретінде көлік-логистика саласы аталады. Бұл бүгінгі күні бен сіз атқарып отырған жұмыстар. Әсіресе, соңғы кезде шар тарапқа жол ашып, логистика тізбектерін дамытып отырған түбек теміржолшылары мұны жақсы түсінеді. "Цифрлы Қазақстан бағдарламасының жүзеге асуы барысында пойыздар қозғалысын басқару орталығы жобасы бар. Жобаны жүзеге асыруды қамтамасыз етуіміз керек. Амандық болса, биылдан бастап 2022 жылға дейін пойыздардың орталығы жобасын  Астанаға көшіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Асу магистраль диагностикалық желіні тексеру құрылғысын да өндіріске енгіземіз. Соның ішінде биыл 6 диагностикалық вагон алдық, соны іске қосамыз. Цифрлы вокзал жобасы да қарастырылуда. Облыс орталықтарындағы темір жол вокзалдарының барлығы, соның ішінде 17 вокзал цифрлы вокзал құрамына енеді",-деген Ж. Изгулов Елбасы Жолдауына байланысты салада тағы да біраз жағымды  жаңалықтарды күтілетінін тілге тиек етті. Ал Алма Сәулебаева Президент көрсетіп берген он нақты міндетке жеке-жеке тоқталып, әрбір бағыттың мән-маңызын жіліктей тұрып жеткізді.                Түбек теміржолшыларының атынан ардагер-теміржолшы, облыстық мәслихат депутаты, Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Табылды Әміров пен теміржолшылар ардагерлері кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов сөз алып,  техникалық тұрғыда даму үдерісін бастан кешіп отырған теміржол саласында төртінші өнеркәсіптік революция тек оң әсер беретініне тоқталып,  әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржының  артуы, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу, тағы басқа жолдауда айтылған өзекті мәселелерге байланысты өз ойларымен бөлісті.   Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауын халыққа жеткізіп,түсіндіру мәселесі бойынша «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Магистарльдық желі дирекциясы» филиалының директоры Жарас Изғұловтың төрағалық етуімен алқалы жиын өтті.   Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Ықылас  Абаев Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатымен келген республикалық ақпараттық топ мүшелерімен  таныстырып, іссапар маңыздылығына тоқталды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауы туралы басты баяндама жасаған   «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Магистралдық желі дирекциясы» филиалының кадр және әлеуметтік жұмыстар департаментінің бас менеджері Алма Сәулебаева Елбасының Еліміздің дамуына арналған 10 нақты бағытына жеке дара тоқталып,   әрқайсысына түсінік беріп,   әсіресе Жолдаудағы төртінші бағытқа ерек тоқталып өтті. Себебі көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мақсаты қойылған бағыттың теміржол саласы үшін маңыздылығы зор екені белгілі. –Әр саналы адам өз отбасының келешегін қалай жоспарласа, Елбасымыз да еліміздің дамуына ықпал ететін, тәуелсіз еліміз әлемнің дамыған отыз елінің қатарына абыройлы еніп, дамуына жол ашатын бағыттарды саралап, соны жүзеге асыру жолдарын Жолдауда көрсетіп берді.  Елбасы елімізде цифрлық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажеттілігіне аса басым бағыт беріп отыр. Қазақстан арқылы өтетін жүк транзиті ауқымын ұлғайту, жүк тасымалын онлайн режимінде бақылап,олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеделдетуде цифрлық технологияның қолданысқа енуі біздің сала үшін маңызды. Көлік логистикасы да теміржол саласын айналып өтпейтіні анық,-деген Алма Тұрарқызы еліміздегі теміржол саласында өркениетті елдердегідей жаңа бағытта жұмыс істеу тәсілі енгізілетінін айтты. Компанияда жүзеге асып отырған жүйелі жұмыстарға тоқталған  баяндамашы  Атырау магистральді желі бөлімшесінің үздіктер қатарында келе жатқанын да жеткізіп,  бұдан басқа адами капиталға қатысты бағытта Қазақстан теміржол компаниясы қандай қиын қыстау кезде де жұмысшыларын жұмыспен тұрақты қамтып, еңбекақыларын уақытылы алып, білімдерін жетілдіріп, балаларының денсаулығы мен демалыстарын назардан тыс қалдырмай келе жатқан дәстүрі жалғаса беретіні айтылды. Жастар саясаты жұмысы мен жастарды теміржолда тұрақты еңбек етуге жағдай жасауда жасалып жатқан игі істер де тілге тиек болды. Жалпы Елбасы Жолдауынан бөлек еңбек шартына қатысты да мәселе айтылып түсіндірілді. Ұлттық компания алдындағы міндеттер сараланып айтып жеткізілді.  Жиында атыраулық теміржолшылар тарапынан  еңбек шарты мен логистикалық салаға қатысты сауалдар қойылып, ол сауалдарға баяндамашы тарапынан нақты жауаптар берілді. Жиында сөз алған Атырау жүк тасымалы  бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Есенаман Дабысовтар Елбасы Жолдауын түсіндіріп, мақсатты айқындап берген «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Магистарльдық желі дирекциясы» филиалының директоры Жарас Изғұлов бастаған  ақпараттық топқа алғыстарын айтты. Олар Елбасы жолдауын ел дамуының ерекше құжаты деп бағалады.

Ерман ӘБДИЕВ, Қуаныш ҚОЖАЕВ, Шахида ЖҰМАН, Тұрсын Қалимова

       
Регионы
25.07.2024
Железнодорожники Карагандинской и Акадырской дистанций пути продолжают работы по смене рельсовых опор
Новости
25.07.2024
Развитие сотрудничества в сфере железнодорожного транспорта обсудили страны ЕАЭС
Регионы
25.07.2024
Итоги отгрузки за первое полугодие 2024 года подвели в ВКО
КТЖ в лицах
25.07.2024
«Каждый день уникален и полон вызовов»: Поездной диспетчер рассказал о своей работе
Новости
25.07.2024
Транспортный контроль и лицензирование экспедиторской деятельности обсудили в Минтранспорта
Пассажирские перевозки
24.07.2024
В КТЖ выявили факт провоза безбилетного пассажира в Шымкенте
Регионы
24.07.2024
Итоги работы за первое полугодие подвели в Алматинском эксплуатационном локомотивном депо
Регионы
24.07.2024
Более 7 тысяч жителей ЗКО обратились к специалистам поезда «Саламатты Қазақстан»
Новости
24.07.2024
Более 600 железнодорожных подъездных путей переданы в доверительное управление АО «Центр транспортного сервиса»
Спорт
24.07.2024
Турнир по настольному теннису приурочили к 100-летию станции Павлодар
Регионы
24.07.2024
Фестиваль КВН прошел на станции Караганда-Сортировочная
Новости
23.07.2024
Повышение эффективности казахстанских морских портов обсудили в Актау
Регионы
23.07.2024
Внутренние тренеры КТЖ провели выездное обучение в Уральске
Регионы
23.07.2024
Итоги работы за второй квартал по предупреждению несчастных случаев подвели в Акмолинском отделении ГП
Регионы
23.07.2024
Летние путевые работы продолжают вести в Карагандинском регионе
Новости
23.07.2024
Первый контейнерный поезд пройдет через Казахстан из Ирана в Китай по коридору «Север-Юг»
Новости
23.07.2024
Правила железнодорожных перевозок изменят в Казахстане
Новости / Архив
23.07.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №60 от 23 июля 2024 года
Грузовые перевозки
22.07.2024
АО "Кедентранссервис" заключило договор с Hamburger Hafen аnd Logistik AG
Грузовые перевозки
22.07.2024
Более тысячи тонн керамической плитки отправили в Казахстан по МТК «Север-Юг»