Ұмытпаймыз Сізді, аяулы Ұстаз!

Новости
23.01.2018, 12:58
3 мин чтения
Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні біздің ұстазымыз  –   М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының   «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасының профессоры Сәтбай Жұмағалиұлы мезгілсіз көз жұмды. Саналы өмірін мағыналы да мазмұнды ұстаздық қызметке арнаған жанның  енді қайтып аудиторияда қоңыр үнін естімейтінімізге,  біздің әрбір сәтті қадамымызға балаша қуанатын бейнесін көрмейтінімізге  көңіл сенер емес ... Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ұлағатты ұстаз Қабақбаев Сәтбай Жұмағалиұлы 1954 жылдың 5 мамыр күні Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Шалқар қаласындағы №2 орта мектепті «Алтын медальмен» бітіріп, Қазақ ұлттық университетінің «Механика-математика» факультетіне түскен ауыл баласының қаншалықты білімді де зерек болғанын сезінуге болады. 1978 жылы  «Математик, математика пәнінің мұғалімі» біліктілігін бойынша диплом алғаннан кейінгі өмір жолы білім мен ғылым саласымен  тығыз байланысты.    1978 – 1986 жылдары жаңадан құрылған Алматы теміржол инженерлер институтының (АлТЖИИ) Ақтөбе бөлімшесінде кафедра әдіскері, зертханашы қызметтерінде болып, ұстаздық еңбек жолын бастаған Сәтбай Жұмағалиұлы – 1986-1992 жылдары Мәскеу теміржол инженерлер институтында тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, сол жоғарғы оқу орнының  аспирантурасында оқып білімін жетілдірген.     1992 жылы Мәскеу қаласында кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алса, 2000 жылы осы салада көлемді  еңбек жазып, физика-математика ғылымдарының докторы атағына ие болды. Мәскеуден елге оралған соң  1992-1998 жылдары АлТЖИИ Ақтөбе бөлімшесінде кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарды. 1995 жылы Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты қызметіне сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласса, 1998 – 2003 жылдары ұстаздық қызметіне қайта оралып, АлТЖИИ Ақтөбе бөлімшесінің директоры, Орталық Азия Университеті батыс аймағының ректоры, 2003-2007 жылдары М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтөбе бөлімшесінде «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.  2007-2009 жылдары А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде әртүрлі қызметтер атқарып, 2008-2012 жылдары ҚР БжҒМ ҰБТ бойынша аймақтарда жұмыс жасап, министрлік тарапынан түрлі марапаттарған ие болды.  Ұлағатты ұстаз «Математика 1», «Математика 2», «Математикалық статистика», т.б. пәндерін өте жоғары әдістемелік деңгейде жүргізіп, студенттердің арасында беделі жоғары және сыйлы болды. Өз өмірінде елуден астам ғылыми-әдістемелік оқулықтар жазып, жүздеген шәкірттерін ЖОО арасындағы республикалық пәндік олимпиадаға дайындаған,  өз пәніне қатысты оқулықтарды шет тілдерінен аударып, студенттердің сапалы білім алуына барын салатын ұлағатты ұстаздың кереметтей еңбекқорлығы мен адалдығы баршаға үлгі еді.    2013 жылдың қыркүйегінен бастап соңғы демі үзілгенше «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» акционерлік қоғамы «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі болған, жалпы 43 жылдық жұмыс өтілінің 38 жылын ұстаздыққа арнап, мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, маман даярлаған ұлағатты ұстаз  Сәтбай Жұмағалиұлының   шәкірттері бүгінде жүздеп емес, мыңдап саналады. «Өлді деуге  бола ма айтыңдаршы,  өлмейтұғын артында із қалдырған», деген тәмсіл сөздің құдіреті осы. Біз Сізді мәңгі ұмытпаймыз, мың алғыс сізге аяулы ұстаз...

Шәкірттері атынан

ҚазККА Тәрбие жұмысы

және қоғаммен байланыс бөлімінің

жетекші маманы Ақылбек  Сарсенбаев

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ