Тексеру құрылғысының пайдасы

Новости
02.02.2018, 12:43
3 мин чтения
Шымкент вокзалына өткен жылдың маусымында келгенмен, қыркүйек айында іске қосылған телевизиялық рентген құрылғысының (NUCTECH tm CX100100TI) жұмысы қандай нәтиже беруде екенін анықтауға тырысқан едік.     «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖК» АҚ арасындағы келісімшартқа сай Алматы мен Астанада ақпан мен сәуір айларында, ал қалған он үш облыстың вокзалдарында жаздың басынан қолданысқа енгізілген тексеру құрылғысын халық әртүрлі қабылдады. Біреулер дұрыс көрсе, біреулер бекерге уақыт алады деп шағынданды.    Бүгінде осы жұмысқа басшылық етіп жүрген Қанатбек Рамашевтың айтуынша, құрылғының Шымкентке ерте келгенімен, кейін қосылуының себебі лицензияның кешігуінен екен. Яғни, теміржол аталған құрылғыны пайдалану үшін лицензияны үш айдан соң алған. Сондықтан, Шымкент вокзалында телевизиялық рентген құрылғысы 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Үш ай бойы қолға арналған детектор құрылғысымен тексеріп жүрген алпыс маманды Астанадан халықаралық әуежайдан әріптестері келіп, оқытып, сертификат берген. –Өткен жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін алты дерек тіркелді. Қарашаның тоғызында Нұриддин Қасымов деген жолаушының сөмкесінен Калашников автоматы табылды. Өзі аңға жиі шығады екен. Автомат тәркіленіп, Шымкент станциясындағы ЖІІБ жіберілді. Тексере келе, рұқсаты бары анықталды, бірақ алып жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төледі. Екінші дерек маусымда тіркелді. Артур Сагудинов деген Өзбекстан азаматы біздің елде алып жүруге болмайтын діни кітаптармен ұсталды. «Бхагавад-гита как она есть»деген отыз дана кітабын Өзбекстанға алып өтпекші болған. Шымкент вокзалында тексеру құралынан өтеді деп ойламаса керек. Бұл жолы да тәртіп сақшылары кітаптарды біздің елде алып өтуге тиым салынғанын түсіндіріп, әкімшілік шара қолданды. Қыркүйекте Абылайхан Кенжебеков деген жолаушы газды суық қарумен  ұсталды. Міне, осының бәрі тескеру құрылғысының пайдасы емес пе?! Телевизиялық рентген құрылғысында барлық зат анық көрінеді. Сөмкенің қай бұрышында қандай ыдыс, қай бұрышынды қандай киім жатқанына дейін. Әдетте жігіттер төбелескенде, қолдарына киіп алатын, төрт саусаққа киілетін корсет қорғану құралын екі рет тәркіледік. Ол затты да алып жүруге тиым салынған. Шымкентке жарысқа келген футболшы орыс қыз қорғану үшін ала келіпті. Бірақ, бұл әрекетінің заңға қайшы екенін білмеген. Оны да желілік ішкі істер бөліміне өткізіп,  қыз әкімшілік айыппұл төледі. Кәдесыйлық пышақтар де бірнеше рет ұсталды. Оны қорапсыз сөмкеге салып жүруге болмайды. Пышақтың қалыңдығы, ұзындығы, ойық тұсының бары мен жоғына дейін тексеріледі. Өйткені, ойығы болса, ол суық қаруға жатады. Соның бәрін өлшеп, тексеріп барып өткіземіз. Әйтпесе өтіп жатқан пышақтар көп. Жәй ғана жолаушының өзі нан, ет кесу үшін пышақ алып кетеді,– дейді Қанатбек Қарсыбайұлы. Шымкент вокзалынан тәулігіне 14 мыңға дейін, он күнде 140  мың жолаушы мен шығарып салушы, билет алушы өтеді екен. Миллионға жуық халқы бар қала десек те, вокзал қалаға келетін жолаушыларға тарлық етуде. Алдағы уақытта қайта жөндеуден өтіп,  вокзал  үлкейіп, жолаушылар емін-еркін өтпек. Сонда бүгінгідей бірнеше пойыз қатар келгенде немесе кеткенде тексеру құрылғысының айналасына халық топырлап, кептеліс болмайтын болады. Сонымен қатар 2018-2019 жылдары сыныптан тыс Арыс станциясы мен туристер көп келетін Түркістан станцияларындағы воказалдар да  осы тексеру құралымен жабдықталуы  мүмкін. Демек, тексеру құрылғысының пайдасын көрген соң осылай шешім қабылданса керек.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

 
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ