Сапалы қызмет сыры 

Новости
09.02.2018, 12:23
3 мин чтения
Теміржолдағы ауыр жұмыстың дені  магистральдық желі бөлімшесіне тиесілі. Атырау магистральдық желі бөлімшесі өткен жылды табысты аяқтап, жылдың он екі айында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген. Айталық,  магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол жағдайының  орташа баллдық көрсеткіші  85 балл болса, орындалуы 64 балл немесе 133 пайызды құрады. Ал белгі беру және байланыс саласы бойынша техникалық құралдар бағасы «өте жақсы» деп бағаланып  0,76 баллды құраған.  Сондай-ақ, өткен жылы дизельді отынды пайдалануда 1,4 тоннаға  үнемдеуге мүмкіндік болған. Өткен жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесі  жол шаруашылығы бойынша күрделі жөндеуді сапалы атқарып шықты. Мақат –  Атырау аралығында жоспар бойынша жасалуы тиіс  7,812 км  күрделі жөндеу толық атқарылды. Орташа жол жөндеу жоспары бойынша 10 км  жол жөндеуден өтті. Ал ескі жарамды  рельсті ауыстыру: жоспар бойынша 3,607 км болып бекітілсе,  іс жүзінде 3,907 км болып артығымен орындалды.  Ескі жарамды  бағыттама бұрмаларды ауыстыру жоспарда болмаса да, өткен жылы  5 данасы  ауыстырылған. Темірдей тәртіп болса да,  жұмыста қателесу теміржолда да орын  алып отыратыны сөзсіз. 2016 жылы өндірістік жарақат алудың бір оқиғасы тіркелсе, өткен жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесінде еңбек қорғау жағдайы бойынша өндірістік жарақат алу болған жоқ. Бөлімшеде еңбек қорғау бойынша кешенді жоспар іс-шаралардың орындалуы 13586,1 мың теңгені қамтыды. Жол жұмысшылары арнайы жұмыс киімімен, жеке қорғаныс құралдарымен, тұрмыстық және техникалық көмірмен толық қамтамасыз етілді. Жолдың үстіңгі қабаты құрылымын күрделі жөндеу жоспар бойынша 15,239 км құраса, оған бөлінген 48 508 мың теңге қаражат игерілді.  Нақтыласақ, бұл жұмыс  Құлсары жол дистанциясы бойынша атқарылды. Бұдан басқа №1066 АС-1А автоматрисаның қызмет мерзімін ұзартумен күрделі жөндеуге 17 550 мың теңге қаражат жұмсалған.  Ал шағын механизациялау құралдарын сатып алуға жоспар бойынша 80 477 мың теңге қаражат қарастырылып,   Атырау мен Құлсары дистанциялары 206 дана құрылғы сатып алынды. Сонымен қатар,  бөлімше бойынша өткен жылы  шығын жоспарының орындалуы негізгі әрекеттер бойынша 98,1 пайызды құрады. Жалпы, магистральдық желі бөлімшесінің  сапалы қызметінің сыры –  қажетті техника мен құрылғыларды дер кезінде жаңартып, заманауи түрлерімен алмастыру деп айтуға болады. Айталық,  Мақат станциясы бойынша сыртқы электрмен жабдықтау қосалқы станциясының берілуіне байланысты электр желілерін салу бойынша жобалау жұмыстарына жоспар бойынша 1 661 мың теңге қаражат бөлініп, жұмысы атқарылды. Ал бақылау пункттері мен қоршаулар құрылысы бар станциялар үшін инспекциялық жабдықты сатып алу және орнату бөлімшенің  СОБ жоспары бойынша 1198 635 мың теңгеге орындалған. Сондай-ақ,  пойыздар  қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рельс дәнекерлеу жұмыстарын ПРСМ машинасымен жүргізу жұмысы екі есе артық орындалып, көлік құралдарының қарқынды қозғалысы бар өткелдерде 16 дана жарықдиодты шамдар мен қосымша күшті дыбыстық дабыл орнатылған.  Екі  өткелде Атырау облыстық ІІД орталығына көрсетіліп тұратын бейнебақылау камералары орнатылды. Заманауи құрылғылар мамандардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсету арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуде де тындырымды жұмыстар  атқарылып, қаражаттар қарастырылған. Сайып келгенде осындай жұмыстардың нәтижесінде аймақтағы теміржолшылардың жұмыс өнімділігі артып, табысы еселене түскеніне өткен жылдың қорытындысы айғақ. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ