Сапалы байланысқа сын жоқ
Новости
13.02.2018, 11:43
Сыр өңірінде Жаңақорған мен Сексеуіл станциялары арасындағы теміржол нысандары мен бекеттердегі жергілікті тұрғындарды телефон байланысының сан түрімен қамтамасыз етуші оператор – «Қызылорда –Транстелеком» мекемесі.
Компания теміржолды бойлай орналасқан тармақталған телефон байланысы желісімен өз тұтынушыларын 2011 жылдан бастап аймақ коммуникация жүйесіне ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс жүйесін) енгізіп, сала бойынша жаңаша қызмет түрлерін ұсынумен ерекшеленуде. ТОБЖ базасында магистральды сандық арналарды жалдау, деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті, интернет желісіне қатынау, жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қызметі, бейнеконференция мен телеграф байланыстары секілді телефон байланысы сервисінің түрлі мүмкіндіктерімен тұтынушыларға қызмет көрсететін телебайланысшылар ағымдағы жылды табысты бастады.
Аймақ теміржолы бойынша байланыс саласында ІТ, ТОБЖ жүйелерін алғаш енгізіп, инновациялық технологиялардың заманауи түрлерімен жұмыс жасайтын «Қызылорда-Транстелеком» мекемесі өткен жылы қаржылық қоржынын байланыс қызметінде бірнеше мемлекеттік сатып алу жұмыстары есебінен толықтырып, тапсырыстарды дер уақытында атқара білген. Мәселен, филиал ұжымы бір жыл көлемінде 47 келісімшарт жасасып, ондағы міндеттемелердің бәрін талап шеңберінде атқарған екен. Кәсіпорынның бұл жетістігі, біріншіден компанияның заманауи технологиялармен жабдықталуынан және ұжымның тез де сапалы қызмет көрсете білуінде деп бағалануда.
Өткен жылы Конту, Абай, Шөміш, Үкілісай, Ақбай, Байқожа, Қызылтам, Кейден, Аққұм және Сапақ станцияларында жергілікті тұрғындарға байланыс қызметін орнатқан мекеме өз қолданушыларына ADSL-порттары мен ОТА құрылғыларын құру жұмысын қарқынды жүргізуді бастап жыл соңына дейін филиал бойынша 741 дана ADSL-портын және 580 дана ОТА құрылғыларын орналастырған екен.
–Біздің мекеме жыл басынан бергі жоспарды өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде орындап, жыл соңына дейін қаржы көлемін 853 793 мың теңгеге жеткізе білді, яғни өткен жылмен салыстырғанда кіріс 35 986 мың теңге немесе 104,4 пайызға өсті. Жұмыс ауқымын кеңейту мақсатында салалық жұмыспен қоса облыс тұрғындарына қызмет көрсету масштабын арттырып отырмыз. Мәселен биыл Қызылорда қаласының үш-төрт мөлтек ауданында байланыс желісін пайдалануға беріп, қызмет көрсету ауқымын кеңейту жоспарда бар, – дейді «Қызылорда-Транстелеком» филиалының басқарушы директоры Нұрлла Текебаев.
Нұрлла Жанділдаұлының айтуынша, былтырғы жылы филиал бойынша екі көлемді бизнес жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде Қызылорда қаласының «КБИ», «Арай-3» және «Мұнайшы» микроаудандарында қомақты жұмыстар жүргізілген екен.
–Аталған микроаудандарда жоба жұмысы жалғасын тауып, 500 негізгі телефон желісімен 1000 GPON абоненті іске қосылуда. Сонымен қатар Ерімбетжаға ауылдық әкімдігінен округ тұрғындарын телефон байланысы түрлерімен қамтамасыз етуге ұсыныс түсіп, бизнес жоспар бойынша тиімділігіне орай 100 ОТА мен 100 интернет абонентін орналастыру жұмыстары жасалуда. Және де Төретам кенті мен Ақай ауылында ТОБЖ байланысының GPON жүйесі арқылы интернет қызметін беру, телефон мен теледидар қызметін көрсету қолға алынуда, – дейді ол.
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында да филиалдың қомақты жұмыстары жоспарланыпты, мәселен ағымдағы жылы ресейлік байланыс желісін қолданып келген байқоңырлықтардың бес шақырымдық жердегі іргелес төретамдық көршілерімен телефон байланысында («СТОП» Орынбор қаласы арқылы қойылғандықтан Байқоңыр қаласы мен Төретам станциясы тұрғындарына) сөйлесу құны халықаралық тарифпен алынатындықтан, осы қиындықты жеңілдету үшін 1500-2000 абонентті ОТА қызметі мен интернет жүйесіне қосу жұмыстары жоспарлануда екен.
Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык