Бейнеттің зейнетін көргісі келеді...

Новости
13.02.2018, 11:57
2 мин чтения
Темір табанды жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жыл он екі ай жол бойында жүретін жаны сірі жолшылар еңбегін қалай дәріптесек те артық емес.  Әрине, бүгінде жол жөндейтін ауыр техникалардың көмегі аз емес, дегенмен басқа басқа, жол шаруашылығында адамның күші қашан да қажет. Жолшылардың жұмысын техника толық алмастыра алмайды.  Қара жұмыс өз алдына, жыл он екі ай ашық аспан астында еңбек ететін жолшылардың көбі ерте қартайып, тынымсыз тірліктің нәтижесі денсаулықтан айрылатыны да жасырын емес. Көбі бейнеттің зейнетін көрмей, қарттықтың қызығын тамашалай алмай өмірден ертерек өтіп кететінін де көріп жүрміз. Сондықтан, жолшылардың да  57 жастан кейін салалық зейнет жасына шықсақ деген тілегі бар.  Мұны біз жолшылармен әңгімелескенде жиі естиміз.   Шымкент жол дистанциясында үшінші айналымның жол шебері Мұхит Омаров бастаған жігіттер Шымкент – Қызылсай теліміне қарасты жол бойының қауіпсіздігіне жауап береді.  Олар қаңтардан бері әр жолшыға берілген бес шпалды екі жолшы бірлесіп көтеріп, күн сайын Шымкент – Қызылсай телімінде оншақты шпалды жаңартуда. Үшінші айналым жолында Ералы Сейдазовтың осы мамандықтың ыстық-суығына төзіп жүргеніне ширек ғасырға жуықтаған. Тәуірбек Ертаев жиырма бір жылдан бері өз кәсібінің шебері атанған.  Мұхит Омаровтың жолшының ауыр жұмысын иығына ілгелі  15 жыл толыпты.  Бекмұрат Төлбаев 12, Шәймерден Дүйсенбаев 10 жылдан бері жол жамап, қауіпсіздікке бір кісідей үлес қосуда. Жол шаруашылығының ыстығына күйіп, суығына тоңған бұл кәнігі мамандар  кейінгі келген жастарға кәсіптің қыр-сырын үйретіп,  жолшылардың жаңа буынын тәрибелеуде. -Күннің суығында рельстер тартылып, арасы саңылауланады. Сондықтан, қыста негізінен арасы ашылған рельстерді ауыстырып, қайта бекітеміз. Бұдан бөлек ағымдық жұмыстар бар. Біздің жігіттер Шымкент станциясындағы 23 жолдың 1-12 жолына  жауапты. Қалған 13-20 жолға төртінші айналым жолының мамандары қарайды,–  дейді Мұхит Омаров.   Өткен жылдың соңында, желтоқсан айында Түлкібас – Шымкент – Арыс – Түркістан – Сарыағаш телімдері бойындағы 43 км ағаш шпалдар тегіс темірбетонға алмастырылды. Осы науқанда үшінші айналым жолшылары демалыс тіпті мереке күндері үй бетін көрмей еңбек етті. Жұрт тынығып жатқан Тәуелсіздік күні де төрт күн қатарынан шпал ауыстырып, астындағы қиыршық тастарды жаңалады. Қыстың ауасында бел шешпей еңбек етіп, тапсырманы уақытылы орындағаны үшін Шымкент магистральді желі бөлімшесінің бастығы Марат Оңалов жігіттерге ризалығын білдірген. Желтоқсанда жаңаланған жолдар бүгінде өз жемісін беруде. Телімде  пойыздар  жылдамдығы артып,  жол  қауіпсіздігі анағұрлым артқан.      

                                                                         Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ