Тиімді ұсыныс – теміржолшылардан

Новости
27.02.2018, 11:45
3 мин чтения
Ақтөбе магистральдық бөлімшесіне қарасты ғылыми-техникалық орталық басшысы Майра Өмірзақова «Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісіне өткен жылы жасалған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндап, теміржолшылар тарапынан осы жылы да тиімді ұсыныстар мол болатынына сенімді екенін білдірді.  Ұлттық компаниядағы рационализаторлық қызмет жұмысшылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыруға бағытталған. Олар белгілі техникалық шешімдерді жетілдіреді, қолданыстағы қондырғыларды модернизациялайды, өндірістің нақты шарттарына бейімдейді. Майра Өмірзақованың айтуынша, рационализаторлық қызметтің рөлін арттыру – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның  ғылыми-техникалық дамуының  маңызды алғышарттары болып есептеледі. Бүгінде рационализаторлық жобалардың компанияның дамуына септігін тигізіп жатқаны даусыз. Компанияның тұрақты дамуы, табыс мөлшерінің артуы, ұжымда әлеуметтік үйлесім болуы, т.б. осы қызметтің нәтижесі деуге болады. Орталық басшысынның есебінше, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде жылына жүзден астам рационализаторлық жоба енгізіледі. Олардың барлығы техникалық құралдар мен қондырғылардың қызметін жетілдіріп, сапасын арттыра түсуге бағытталған, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң септігін тигізіп, еңбек шарттарын жақсарта түседі. – 2017 жылдың қорытындысы бойынша магистральдық желі бөлімшелерінің филиалдарында техникалық шығармашылыққа 92 рационализатор қатысқан екен. Олар ұсынған 118 рационализаторлық ұсыныстың экономикалық тиімділігі 100 млн теңгеге жуықтайды. Жас рационализаторлардың саны алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 43%-ға артқан. 23 жас теміржолшы ұсыныс жасаған, – дейді Майра Өмірзақова. Рационализаторлық ұсыныстарды пайдалану арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу тапсырмасын орындағандардың қатарында Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясы, Ақтөбе жолаушылар вагонын пайдалану және жөндеу деполары сынды мекемелер бар. – Мәселен, Қандыағаш станциясының бас инженері Медет Аяғанов пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, вагондарды орналастыру маневр өндірісін жеңілдету, сұрыптау жолдарынан бірнеше пойыз құрамын шығарғанда СТЦ тіркеп отырушының пунктін жауып, басқа жерге ауыстыру туралы ұсынысы мақұлданды, - дейді орталық басшысы. Осы ұсыныс қабылданғалы пойыздарды жөнелту жұмыстары әлдеқайда жеңілдетіліп, өндіріс тиімділігі арта түсті. Бір мезетте 9-17 сұрыптау жолдары мен жөнелту паркінің 43-48 жолдарына пойыз құрамдарын алып, 49-50 жолдардан Жем, Шұбарқұдық бағыттарына тақ пойыздарды жөнелтуге мүмкіндік туған.  Сонымен бірге, жөнелту паркінің 18-22 сұрыптау жолдарына пойыз құрамдарын шығарған кезде 45-50 жөнелту жолдарынан Жем, Шұбарқұдық бағыттарына пойыздарды шығарып салу мүмкіндіктері пайда болыпты.  Майра Өмірзақованың айтуынша, аталған ұсыныстың нәтижесінде локомотивтерді жөнелту паркінің кіреберісіне еркін қоюға мүмкіндік бар. Сұрыптау паркінен жөнелту паркіне пойыз құрамын бір мезетте шығаруға болады. Бұл жоба 93 млн теңге үнемдеуге жол береді. – Инновациялық қызмет алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникалық жаңашылдықтарды енгізуді көздейді. Магистральдық бөлімше филиалдары 2017 жылы ақпарат көздерін пайдалана отырып, 46 техникалық жаңашылдық енгізді. Одан экономикалық тиімділік 514 мың теңгеден асып отыр. Оның ішінде 39 техникалық жаңашылдық кеңінен таратылды. Вагон шаруашылығының рационализаторлары «Ресей темір жолдары» ААҚ-на қарасты Забайкалье темір жолдарының үлгілерін пайдаланды. «Техникалық қызмет көрсету жағдайында орталық бақан мен маятникті болттарды ағытпай ауыстыруға арналған көтерме қондырғы» жобасы өндіріске енгізіле бастады. Мұндай қондырғының ерекшелігі – пойыз тоқтап тұрғанда пайдалануға болады, салмағы да ауыр емес. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде жасауға болады. Бұл жобаны енгізу арқылы 509 мың теңге үнемдеуге болады, - дейді орталық басшысы. Орталық басшысы тиімді ұсыныс теміржолшылардан болып тұрса, озық жаңашыл идеяларды қашан да қос қолдауға дайын екенін жеткізді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ