Тыңдайтын құлақ болса...
Темір жолдың қауіпті аймақ екенін ұмытып, жолдың өтуге рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтетін жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі үшін Маңғыстау станциясы кезекті рейд өткізді.
Түбек темір жолының қақпасы Маңғыстау станциясының жолдарында қауіпсіздік аншлагтары мен жолдан өту белгілері толықтай бар. Атап айтқанда, «Қызмет жолы», «Сақ болыңыз!», «Өміріңізге қауіпті!», «Теміржолды белгіленген арнайы өткелден өтіңіз!», «Берегись поезда», вагондар өтетін жерде «Начало пропуска», «Конец пропуска», габаритті емес орындарда «Негабаритное место», «Теміржол – аса қауіпті аймақ» деген секілді ескертпелер ілінген. Оған қосымша тақ және жұп алқымда «Өмірге қауіпті!», «Теміржолдың үстімен жүрмеңіз!», «Абайлаңыз, жолымды қысқартамын деп жүріп, өміріңізді қысқартып алмаңыз!», «Темір жолмен жүру қауіпті», «Поездан сақтан!» деген жазулары бар плакаттар да ілінген. Алайда осыншама ескертулерге қарамастан жолдың арғы бетіндегі ауылдар тұрғындары бәрібір жолдан өту ережесін сақтамай отыр.
Маңғыстау станциясы еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік инженері Айгүл Аяпованың айтуынша, станцияның бас инженері Б.Исатаев, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маманның міндетін атқарушы А.Шарапатдинов басы-қасында жүріп, сонымен қатар желілік тәртіп сақшылары, әскерилендірілген күзет қызметі, вагон, жол шаруашылығы өкілдері қатысқан осы рейд барысында жолдан өту ережесін бұзған 7 адам тіркелген. Рейдке атсалысқан теміржолшылар ереже бұзғандармен жеке-жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға екінші рет заң бұзған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 559-бабына сәйкес жаза қолданылып, айыппұл салынатыны қатаң ескертілді.
Рейд барысында, сондай-ақ, теміржол бойында жатқан Дәулет, Қызылтөбе ауылдарының үлкен-кіші тұрғынымен де түсіндіру жұмысы жүргізіліп, жол бойында абай болуы керектігі туралы жаднама-буклеттер таратты.
Райхан РАХМЕТОВА
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ