Кауіпсіздік дәріскері
Гүлдана Құсайынова Жамбыл локомотив пайдалану депосында пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету бойынша бас маман болып еңбек етеді. Бұл мамандық депоға өткен жылдан бастап енгізілген екен.
– Қазіргі таңда мен әдістеме жасаумен айналысудамын. Менің қызметім – жас мамандарды пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың, оның бұзылуына жол бермеудің қыр-сырына үйретіп, білімдерін жетілдіру. Жаңадан шыққан бұйрық-ережелермен таныстыру. Сол себепті машинист нұсқаушылармен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Олармен жұмыс жоспарын бірлесе жасаймыз. Қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты фактілерді талдаймыз. Әрине, біреуге бірдеңе үйрету үшін өзімнің білімім толық болуы керек. Бұл мамандық теміржолға жаңадан енгізілгендіктен, өзімнің де үйренерім әлі көп. Сондықтан күнде білімімді жетілдіріп отырамын. Құдайға шүкір, қазір қажетті ақпарат-материалдар қолжетімді. Оның үстіне, Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры бар. Сол маманнан ақыл-кеңес алып отырамын. Өткен жылы Астанада семинар өтті, сонда біраз нәрсені үйрендім. Жалпы маған өз қызметім ұнайды, адамдармен жұмыс істейсің, жастарды үйрете жүріп, өзің де үйренесің, – дейді қозғалыс қауіпсіздігі маманы.
Гүлдананың теміржолда жұмыс істеп жатқанына отыз жылдан асыпты. Он сегіз жасында бөлімшеге тауар кассирі болып жұмысқа тұрған өрімдей қыз он жылдан соң локомотив депосына оператор қызметіне ауысады. Ол кезде жөндеу және пайдалану депосы бірге болатын. Кейін екі депо өз алдына бөлініп шыққанда, Гүлдана локомотив пайдалану депосында техник болып жұмысын жалғастырады. Кейін инженер болады. Ал бүгінде пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету бойынша бас маман болып еңбек етуде. Ашық-жарқын мінезді, көңілді, кішіпейіл Гүлдананы бір көрген адам тағдыр еркелеткен жан деп ойлауы ғажап емес. Ал, шын мәнінде, тағдырдың жазуы шығар, ол жеке өмірін бауырларының бақыты үшін сарп еткен қазақ әдебиетіндегі «әпке» образын еске түсіреді.
«Ағам мен жеңгем жол апатына ұшырап, қаза болғанда артында екі ұлы қалды. Осы екі інімнің болашағына өзімді жауапты сезіндім. Міне, қазір, Құдайға шүкір, бауырларым ер жетті. Менің жолымды қуып, темір жол саласын таңдады. Қазір екеуі де машинист көмекшісі болып жұмыс істейді» деп өз сырымен бөліскен еді кейіпкеріміз.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ