Өткелде тоқта, жүргізуші!

Новости
16.03.2018, 17:35
3 мин чтения
Атырау жол дистанциясы Қазақстанның батыс қақпасында орналасқан көршілес Ресей мемлекетімен шектеседі. Дистанцияда теміржолды автокөлік жолымен кесіп өтетін ірілі-ұсақты 13 күзетілмелі, 26 күзетілмейтін теміржол өтпелері орналасқан. Ақпанның 15-інен наурыздың 15-іне дейінгі  аралықта жариялаған «Назар аударыңыз, теміржол өтпесі!» айлығына орай бүгінде өтпе қауіпсіздігі алдыңғы орынға шығарылып отыр.         Бұл теміржол өтпелерінде тәулік бойы автокөліктер мен пойыздар қозғалысына жол ашып, қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып қызмет көрсету – өтпе кезекшілерінің басты міндеті. Соңғы кезде компания бойынша теміржол өтпелерінде қайғылы жағдайлардың орын алуы көбейіп отырғаны да жасырын емес. Өткен жылдың соңында Өзен−Бастау жол аралығындағы өтпеде микроавтобус пен тепловоз соқтығысып, талай адамның өмірін жалмағаны қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Осыдан кейін Компания басшылығының пәрменімен теміржол өтпелерінде, өндірістік телімдерде арнайы қауіпсіздік сабақтары жүргізіліп, дистанция қызметкерлері болған оқиғалармен құлақтандырылды. Дистанция басшылары бастап, өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлерінен құралған құраммен барлық өтпелердің жай-күйлері, жағдайы, және басқа да кемшіліктері тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша іс-шара жоспары жасақталып, оларды жоюға жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ, дистанция бойынша шектесіп жатқан Қызылқоға, Мақат, Исатай, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласының әкімшіліктеріне автокөлік жолын иеленуші және басқа да теміржол өтпелеріне қатысты мекемелермен, жергілікті халықтың қатысуымен бірлескен жиналыстар өткізу туралы қатынас хаттар жолданып, осыған орай 6 наурызда Исатай ауданының орталығы Аққыстау станциясында жергілікті әкімшіліктің, аудандық ішкі істер қызметкерлерінің, автокөліктері бар «ЖайықМұнайГаз» басқармасы, «Болат-Д» ЖШС мекемелерінің  және жергілікті халықтың қатысуымен үлкен жиын өтті. Оған Атырау жол дистанциясының бас инженері Ж.Жүнтүрбаев қатысып, көпшілікті теміржол өтпелерінде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалармен таныстырып, осы ауданға қарасты 14 теміржол өтпесіндегі автокөлік жолын иеленетін мекемелердің және жергілікті атқарушы мекемелердің жауапкершіліктеріне байланысты көптеген мәселелер қозғалды. Мысалы, өтпелерді, басқа да қауіпті нүктелерді бейнебақылау қондырғысымен қамтамасыз ету сөз болды. Осындай жиынды басқа аудандарда да ұйымдастыру жөнінде дистанция басшылары мен өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлері келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар Ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен Қызылқоға, Мақат, Исатай аудандарында орналасқан теміржол өтпелерінде рейдтер жүргізіліп жатыр. Өндірістік телімдердегі дистанция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, өтпедегі қауіпсіздік ережесі туралы жазылған парақшалар таратуда.      Осы уақытқа дейін жол ережесін бұзғандар туралы өтпе кезекшісінің мәлімдемесі бойынша жол полициясына шағым түсірілгенмен, дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты жүргізушілер жауапкершіліктен жеңіл құтылатын  еді. Ал қазір осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Атырау жол дистанциясының 2 күзетілетін теміржол өтпесіне бейнебақылау қондырғысы орнатылды. Дистанция басшысы Аманқос Жылқыбаев өтпелердегі мұндай қауіпсіздік жұмыстары айлықтан тыс уақытта да үздіксіз жүргізіле беретіндігін, мүмкіндігінше бейнебақылаумен жабдықтау қолға алынатынын жеткізді.    

Нұргүл Берікқызы,

Атырау

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ