HR-менеджерлер клубының төрайымы
Ақтөбеде кадр қызметкерлерінің HR-менеджерлері клубы ашылды. Оның төрайымы болып "Транстелеком" АҚ Ақтөбе филиалы кадрлар бөлімінің меңгерушісі Мариса Төлеубаева сайланды.
Клубтың алғашқы отырысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың төрағалығымен өткізілді. Кадр мамандарының қызметіне жан-жақты қолдау білдіру үшін ұйымдастырылған жиынға аймақтағы ірі, орта, шағын бизнестегі персоналды басқару қызметкерлері және өңірдегі тәжірибелі кадр мамандары қатысты.
«Өңірдегі бизнес субъектілеріндегі мамандардың жетіспеушілігі, жұмысшы мамандықтардың имиджін көтеру және жастарды жұмысқа алу мәселелерінде кадр қызметкерлерінің ықпалы тиісті деңгейде ескерілмей келеді. Біз осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында HR-менеджерлері клубын ашуды ұйғардық. Клуб жұмысында еңбек заңнамаларындағы өзгерістер талқыланып, кадрлық қызметтерде кездесетін түрлі проблемалар ортаға салынатын болады», – деді кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.
HR-менеджерлері клубының отырыстарында заңнамалардағы өзгерістер мен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың қолданылуы, еңбек қатынастары кезінде жиі орын алатын қақтығыстардың шешімдері, маман тапшылығы секілді тақырыптар қамтылады.
«Кадр мамандарының өзара ақпарат алмасатын алаңының біздің өңірімізде де ашылғанына өте қуаныштымыз. Әрбір мекеменің бет-бейнесі бұл – білікті мамандар, ал мамандарды персоналды басқару қызметкерлері таңдайды, Біздің қызметіміздің де жаңа сатыға көтерілгенін қалаймыз. Бара-бара кадр мамандары қызметкерлерді жұмысқа тартып қана қоймай, олардың жаңа ортаға тезірек үйренуіне де ықпал жасайтын болуы тиіс. Бұл үшін біз арнайы дайындықтан өтуіміз қажет. Осындай мәселелерді талқылайтын орта керек-ақ», – деді «ТрансТелеком» АҚ Ақтөбе филиалы кадрлар бөлімінің меңгерушісі Мариса Төлеубаева.
Кадр мамандарының жиынында аталмыш сала бойынша қордаланған мәселелер ортаға салынып, олардың шешімі талқыланды. Клубтың ережесі қабылданып, төрағасы сайланды, хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жедел ақпарат алмасу үшін клубтың Facebook, WhatsApp әлеуметтік желілерінде парақшасы ашылатын болды. Клубтың келесі басқосулары форум, шеберлік сабақтар, тренингтер түрінде өткізілетіндігі туралы шешім қабылданды.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ