Еленаның арманы
Оңтүстіктегі теміржолшы ағайынның спортпен айналысуын қалап, жарыстарға бастап барып, бабын тауып жүретін бір жан болса, ол – Елена Маньшина. 2001 жылдан бері Шымкент жол бөлімшесінің спорт нұсқаушысы міндетін атқаратын ол жанына спортсүйер теміржолшыларды жинап алып, ылғи да бір бастама көтеріп жүргені.
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ ұйымдастырған республикалық шараларға қатысып, талай рет жүлделі орындарға ие болған Елена өмірін спортсыз елестете алмайтынын айтады. Ерекше сүйетіні, ақсүйектер ойыны – шахмат. Бірінші разрядты ойыншы. 2013 жылы теміржолшылардың республикалық спартакиадасында шахматтан үшінші орын алған. Жолдасы Павел Маньшин Шымкент айналым локомотив депосында машинист, ол да шахматты жақсы ойнайды. Ал ұлдары Артем шахматтан спорт шеберлігіне кандитат.
– Бөлімшенің спорт нұсқаушысы болған соң бұрынғыдай жаттығуға көп уақыт жоқ, үйдегі «қарсыластарыммен» ойнап жаттығам, – деп күлді Елена. – Шымкенттік теміржолшыларды жарысқа дайындап, үнемі солармен бірге жүремін. Жалпы жарыссыз да түрлі спорттық шаралар ұйымдастырып, теміржолшылардың салауатты өмір салтына бетбұруына ықпал етуге тырысам. Әрине, бүгінде адамдардың спортпен айналысқысы келгенімен, тұрмыстың қиындығы алдыңғы қатарға шығып кетті. Алайда, анық қалаған адам спортты серік етуге уақыт табады. Жастар үнемі қимыл-қозғалыста жүруі тиіс. «Қимыл – көптеген дәрінің орнын басуы мүмкін. Бірақ, бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды» деген екен Ибн Сина. Спортпен айналысуға қанша тер төксеңіз, уақытыңыз зая кетпейді. Спорт тек мықты денсаулық кепілі ғана емес, ұжымды біріктеретін шара. Шаршы алаңда ақ тер-көк терге түсіп, өз командасы үшін намысты бермей жатқан әріптесіне жаны ашыған адам, жұмыста да жақындық танытады. Қиындықта көмек береді. Қуанышын бөліседі. Спортты тек деннің саулығы үшін айналысады деп түсіну, меніңше, қате пікір. Мекемелерде спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса, ұжым ұйымшыл болар еді. Бір-біріне жанкүйер болып, жаны ашып тұратындықтан, спорт адамдарды жақындастыратынын ұмытпау керек. Әсіресе, қыз-келіншектердің бір уақыт спортпен айналысуына отбасы да, мекемесі де жағдай жасаса екен, – дейді Елена.
Еленаның жұмысына қолбайлау болатын – тендер жайы. Уақытында өтсе, жұмыстың жүргені. Ал кейде қағаздарын түгендеп, қашан тендер өтетінін күтіп, айтулы мейрамдардан ай өткен соң бірақ өткізілетіні қынжылтады. Сондай-ақ, Еленаның айтуынша, қазіргі таңда теміржолшылардың жұмыстан тыс уақытта спорттық кешендерде жаттығуға мүмкіндігі бола бермейтін бір себеп, баяғыдай теміржолдың өз спорттық кешендері жоқ екендігі, бәрі жекеменшік, ақылы. Егер футбол өткізетін болса, стадионды жалға алады. Бильярдтан жарыс өткізсе, тіпті қымбатқа түседі. Сондықтан шағын болса да спорт алаңы, спорттық кешен болса, теміржолшылар кез келген бос уақытта сүйікті спорт түрлерімен айналысуға сөзсіз уақыт табар еді деп армандайды өмірін спортсыз елестете алмайтын Елена.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ