Азия кубогын сарапқа салды

Новости
30.03.2018, 17:59
2 мин чтения
Шымкентте теміржолшылардың «Локомотив» клубының мүшелері  және «Турон» жауынгерлік өнер федерациясының  ұйымдастыруымен жастар мен ересектер арасында екі күнге созылған Азия  кубогы болып өтті. «ЖТ Шымкент»  филиалындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев және кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайролла Сәрсеновтер кубоктың өтуіне барынша атсалысып, теміржол кәсіпорындары демеушілік жасады. Мұндай сайыс «Шымкент локомотив клубы» қайта қалпына келтірілгелі  үшінші рет ұйымдастырылуда. Жауынгерлік өнерге жататын жекпе-жек, күрес, бокс, кидбокс, у-шу, таэквандо сынды спорт түрлерінен өткен жарысқа 9-35 жас аралығындағы 80-нен аса балалар мен ересектер қатысты. Бұл жолы да Өзбекстан мен Қазақстанның әр облыстарынан бөлек, Ресейден де үміткерлер келген. Келер жылы Қырғызстан жастары да  қатысады деген сенім бар. Ұйымдастырушылардың бірі, халықаралық деңгейдегі еңбек сіңірген спорт шебері Алекстандр Теннің айтуынша, Өзбекстан мен Ресейдегі «Локомотив» клубы жоғары деңгейде жұмыс істейді. Шымкенттіктер де келешекте көршілердің деңгейіне жеткісі келеді. Қазір әр елдегі «Локомотив» спорт клубтарының арасында «Азия кубогы» сайысы жүруде. Осы жолы Шымкентте сәтті өтсе, күнтізбелік жоспарға енгізіп, жыл сайын халықаралық турнир деңгейінде ұйымдастырмақ. Тек балалармен ғана емес, ардагерлермен, мүгедектермен де жұмыс істейді. Одан ешкім спортшы болып кетпесе де, өмірге деген құлшыныстары оянып, салауатты өмірді салтқа айналдырса, соның өзі жеткілікті. – Балаға спортты мәжбүрлеп, зорықтырып үйретпеген абзал. Бала спортты өзі қаласа ғана жақсы көріп айналысады. Кейде ата-аналар балаларының ай сайын бір спорт клубынан шығып, екіншісіне жазылатынын айтып, шағымданады. Менің 5 жасар қызды дайындап жүргенімді көргендер «осыған да уақыт бөлесің бе?» деп күледі. Егер балаға қызық болса, неге уақыт бөлмеске? Бес жасынан келген бір шәкіртім қазір 15 жасар бойжеткен. Үзбей спорттың бір түрімен айналысып, белгілі бір жетістіктерге жетті. Біз олардан жауынгер жасамаймыз, тек денсаулығын шыңдап, салауатты өмір салтын қалыптастырғанын қалаймыз, сосын әрине өзін өзі қорғай алғаны да жақсы баланың. Жалпы  спортты тұрақты серік еткен бала жаман әдеттен аулақ болады, – дейді дүниежүзілік «Турон» жауынгерлік өнер федерациясының аймақтағы өкілі Александр Тен. 

Бекәли АЛТЫН, Шымкент 

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ