Табыс тұғырынан көрінді
Жыл сайын жаңа белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінетін Қазақстанның көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл да дүбірлі шарамен аталып өтілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында сала саңлақтарының басын қосқан салтанатты жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Ұлттық компания президенті Асқар Мамин барша әріптестерін төл мерекемен құттықтап, сала қызметкерлерінің ел экономикасының нығаюына және дамуына қосып жатқан сүбелі үлесіне ерекше тоқталды.
–«Қазақстан темір жолы» компаниясы «Нұрлы жол» бағдарламасының операторы ретінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып, транзиттік әлеуетті дамытуға бағытталған жұмысты жүргізіп, мемлекетіміздің дамуының инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз етіп келеді. Компанияның алдында зор стратегиялық міндеттер тұр. Соның ішінде еліміздегі жүк және жолаушылар тасымалын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның Еуразия континентінің транзиттік хабына айналуына күш салу – ерекше басымдық беретін бағыттар. Осындай тарихи жобаларға қатысу – біз үшін үлкен абырой, зор жауапкершілік, – деп атап өткен компания басшысы мереке иелеріне барлық жақсылықты тілеп, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шара барысында ұлттық компанияның бүгінгі жеткен жетістіктері жайында он минуттық бейнефильм көрсетілді. Жиынның салтанатты марапаттау рәсімін Асқар Ұзақбайұлымен бірге Бақытжан Әбдірұлы да жасап, биыл «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болған темір жол тарландарына марапаттарын өз қолдарымен табыстады. Сахна төріне көтерілген Құрметті теміржолшыларды Премьер-министрдің бірінші орынбасары құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Мәртебелі атаққа қол жеткізіп, оны бүгінгі күні жоғарыдағы ел азаматтарының қолынан алу құрметіне ие болғандар қатарында Атырау магистральдық желілер бөлімшесінің директоры Темірғали Күштаев жүрекжарды қуанышымен бөлісіп, ризашылығын жеткізді.
–Құрметті әріптестер, Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасымен еліміздің төрт тарабы теміржолмен жалғасты. Бес жылдың ішінде 2000 шақырымдай жолды бірде-бір мемлекет салмаған. Жаңа станциялар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болды. Теміржолшылардың еңбегін қарапайым халық көріп, жоғары бағасын беріп отыр. Мен де осы салаға өмірімнің 30 жылын арнадым, себебі теміржол тұрақтылық пен сенімділіктің ортасы. Міне, бүгін сіздердің қолдарыңыздан саланың ең құрметті марапатын алып отырғанымды мақтаныш етемін. Зор мәртебе санаймын, – деді ол.
Салтанатты жиынға еліміздің барлық облыстарынан арнайы келген сала ардагерлері – отандық темір жолдың бүгінгі дәрежеге жетуіне саналы ғұмырларын арнаған жандар құрметті қонақтар қатарында алдыңғы қатардан орын алды. Жас теміржолшылар аға буын алдында кұрметпен бас иіп, гүл шоқтарын ұсынды.
Мерекелік шара соңы Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты.
Райхан Рахметова, Астана
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау