Ақыртас – аспан астындағы мұражай
Жамбыл облыс орталығынан қырық шақырым қашықтықта Ақыртас тарихи кешені бар. Әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіш соңғы кезде көптің назарын өзіне аударып отыр. Өткен сенбі мұнда Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру аясында туризмді дамыту мәселелері бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысқан баспасөз мәслихаты өтіп, облыс әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ қатысуымен туризмді дамыту жөнінде меморандумға қол қойды.
Меморандум Жамбыл облысындағы «Тараз қалашығы», «Ақыртас», «Меркі», «Құлан», «Ақтөбе-Баласағұн» тәрізді тарихи-мәдени мұра нысандарын кешенді зерттеуді, «Ежелгі Тараз» музейі жұмысын жандандыруды, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музейі-қорығы базасында туристік кластер құруды көздейді. Сондай-ақ Тараптар алға қойылған мақсаттарға жету үшін өңірдің ескерткіштерін сақтау, зерттеу, реставрациялау, консервациялау және насихаттау ісіне барынша қолдау көрсететін болады.
Жамбыл теміржол бөлімшесіне қарасты Ақшолақ станциясынан 6 км оңтүстікке қарай орналасқан тарихын тасқа жасырған құпия құрылыс – Ақыртас кешені ғаламдық кереметтердің қатарынан ойып орын алары сөзсіз. Таудың қызыл түсті тастарын әдемілеп ойып отырып, салмағы тонналап тартатын бітеу тас блоктар жасап шығару – адамзат баласының есте жоқ ескі замандағы өркениетінің баға жетпес құндылығы. Ежелгі дәуірдің асыл мұрасына айналып, көз тартар көркемдігімен талайдың таңдайын таң қақтырған Ақыртас кешені ата-бабаларымыздың сәулет өнеріндегі қайталанбас ғажайып қолтаңбасының бірегейі. Талай ғасырлар мен шапқыншылықтардың куәсі болған бұл кешеннің кереметтілігіне қызыққан талай ғалым кезінде өз зерттеулерін де жүргізген.
Жамбыл облысы өңірінің тарихи-мәдени мұраларын қорғау, туризмін дамыту мақсатында өңірдегі нысандарды тиімді пайдалануымыз керек. Осы облыстағы ЮНЕСКО-ның тізіміне енген «Ақыртас», «Ақтөбе-Баласағұн», «Құлан», «Өрнек», «Қостөбе» ескерткіштеріне үлкен маңыз берген жөн. Тек осы өңірдегі емес, Қазақстан, қала берді Орталық Азия елдерінде кездеспейтін, бірегей кешен болып табылатын Ақыртас ескерткішінің туристер үшін өзіндік тартымдылығы бар. Өткен жылы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығына қарасты «Көне Тараз» археологиялық паркіне, Айша бибі, Қарахан кесенелеріне және «Ақыртас» кешеніне келушілердің саны 215 мыңды құраған. Соның ішінде Ақыртасқа келушілердің саны 25-30 мыңнан аспаған. Сондықтан отандық және шетелдік туристерді осы нысанға көптеп тарту мүдделі тараптардың ортақ мақсаты болмақ, – деді А.Мұхамедиұлы.
Ал облыс әкімі Асқар Мырзахметов өз сөзінде облыста 3400-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштердің барын айтып, алдағы уақытта Ақыртас кешенінде қазақы этонауылдар туристер үшін қызмет ететінін, онда ұлттық құндылығымызды дәріптейтін дүниелердің болатындығын атап өтті.
Жиын барысында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне және Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізіміне енген «Ақыртас» кешенін және осы өңірдегі өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ