Кәсіби міндетін кедергісіз атқарсын
Новости
13.04.2018, 12:02
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев бөлімшеге қарасты мекемелердің басшылары мен жауапты мамандарын жинап қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыру мақсатында дөңгелек стол өткізді.
Жиынды өткізудің негізгі себебі «ҚТЖ» ҰК» Магистральдық желі дирекциясы бойынша бөгде адамдардың, қараусыз малдың пойызға басылуы, жол бойында ұрлық-қарлық оқиғаларының өріс алуы және жолға бөгде заттың қойылып кету жағдайларының орын алуы салдарынан жылжымалы құрамдардың қозғалысына қауіптің артуына байланысты болып отыр.
Бөлімше директоры Ибраким Басықараев өткен жылғы және жыл басынан бергі жағдайымен таныстырып, әріптестерін ынтымақпен жұмыс жасауға шақырды, теміржолшының негізгі жұмысы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау шараларына немқұрайлы қарамай, әр еңбеккердің кәсіби жауапкершілікпен жұмыс жасауын талап етті.
Қазіргі таңда Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің пайдалану ұзындығы 1051,7 км, бұл Сексеуіл-Қоскөл телімін қоспағандағы өлшем. Осы аралықтағы 32 теміржол өткелінің тек біреуінен басқасы тәулік бойы күзетіледі. Бөлімше бойынша Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл жол дистанциялары, Қазалы және Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциялары, Қазалы, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциялары телімдерде жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысы үшін жұмыс жасап келеді.
– Өткен жылы Магистральдық желі дирекциясы бойынша 67 адам, 97 мал басу оқиғасы, 284 мәрте локомотив машинистерінің шұғыл тежегіш басуы орын алған. Оның ішінде біздің бөлімшеде 7 рет адам басу оқиғасы, Сексеуіл-Жезқазған жаңа телімінде 21 мәрте мал басу жағдайы, 27 рет тепловоз машинистерінің шұғыл тежегіш қолдану жағдайы тіркелді. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» Магистральдық желі дирекциясы, ҚР ІІМ Ішкі істер көлік департаменті 2018 жылдың қаңтар айында бекіткен теміржол магистралінің құнды материалдары ұрлануының, адам басу, мал басу, жолға бөгде зат қою фактілерінің алдын алу мақсатында бірлескен іс-шара жоспары негізінде бұған дейін жүргізіліп келген профилактикалық жұмыстар енді күшейтіліп, құзырлы органдармен бірлесе атқарылатын болады, – деді бөлімше басшысы.
Бөлімше бойынша өткізілген профилактикалық шараларға тоқталсақ, станцияларда 2267 адам қатыстырылған жиын, 22032 оқушымен білім ошақтарында кездесу, 16791 рет мал иелері мен шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары, 171 мәрте ЖІІб өкілдерімен, 648 рет МАИ өкілдерімен біріккен рейд жүргізіліп, 16913 автокөлік жүргізушілеріне өткелден өту тәртібі түсіндіріліпті. 106 рет автокөлік иелерінің өткелден өту тәртібін бұзғандығы анықталып, МАИ басшылығына, ауыл, аудан әкімдіктеріне хат жолданған. 17 226 адамға қауіпсіздік қағидаттары жазылған парақшалар таратылып, 45 км жол бойына жаңадан қоршау тұрғызылған екен.
Жиында сөз алған дистанция басшылары мекемелерде атқарылған жұмыстар есебін жариялап, өз ұсыныстарын білдіріп, күрмеулі мәселелерді талқыға салды. Мәселен, пойызға басылған малдың сырғасының болмауынан мал иесінің табылмай қалуы, металл сынықтарын қабылдайтын орындарға ескерту жасап, олармен ымыраласып жұмыс жасау нәтижесінде ұрыны құрықтау, тежегіш басылған орынды кеңінен, жан-жақты тексеру ұйымдастырып, себеп-салдарын анықтау және ең бастысы, жолшылардың теміржолшыға кәсіби міндетін кедергісіз атқаруға жағдай туындату, яғни автокөлік иесі болсын, мал иесі болсын ҚР Кодексінде белгіленген талапты сақтауын, яғни өткелден өту тәртібін, малды жолдан белгіленген қашықтықта жаю секілді әркім білуге тиіс қағидалардың қатаң сақталуы талап етілді.
Дөңгелек үстел барысында айтылған жағымды жаңалықтың бірі адам басу оқиғасы жиі орын алатын, қала іргесінде Қызылорда-Белкөл перегонында алдағы күндерде көпір салу жұмысының басталатындығы болды.
– Жергілікті әкімдікке жылдар бойы Қызылорда-Белкөл арасында жаяулар өткеліне көпір салыну қажеттігін айтып, ұсыныс хат жолдап келеміз. Соның нәтижесінде биыл салынатын көпірдің жобалық-сметалық құжаттары бекітіліп, құрылысы әне-міне қолға алынады деп күтілуде, – деді Ибраким Асқарұлы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык