Экологиялық айлық жүруде
Ел шығысындағы теміржолшылар үшін көктемгі тазалық айлығы қызу жүріп жатыр. Осы орайда сала мамандары сенбіліктер шараларын өткізуге бағытталған экологиялық айлықты бастап кетті.
Өткен сенбі күні барша қызметкерлер күш жұмылдырып, тағы да сенбілікке шықты. Айта кетерлігі сол, санитарлық жұмыстар тек теміржол мекемелері маңына ғана емес, қала ішімен өтетін желі бойында да жүргізілді. Теміржолшыларды сенбілік жұмыстарына бөлімше басшылары бастап шықты. Қызу кіріскен олар қала ішін көктей өтетін желі бойындағы қыстан қалған тұрмыстық қалдықтар мен қураған бұталарды бір күн ішінде толық тазартып шықты. Негізінен желінің қос қапталы – жеке тұрғын үй секторлары. Күл-қоқысты теміржол бойына әкеліп төгетін тұрғындарға тыйым болмай тұр. Шағын күлтөкпеге айналған қоқыс үйінділерін тазартуға аз күш жұмылдырылған жоқ. Атап айтсақ, ПЧ-39 мекемесіне қарасты қала орталығындағы теміржол көпірінен бастап, Қабанбай-2 жол өткеліне дейінгі аралықта Семей жол дистанциясының қызметкерлері жұмыс істеді. Бұл шаһар ішіндегі ең күрделі аумақ. Себебі, Шығыс өңірі бойынша ең ірі көтерме сауда базарлары осы маңайда орын тепкендіктен әрі жаяу жүргіншілер өткелдері көп болғандықтан ластану мөлшері жоғары. Сол себепті де, қалалық мәслихат депутаты, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың бастамасымен ерекше шара қолға алынды. Аталмыш мәселеге жергілікті муниципалды полиция өкілдерінен 60 адам тартылып, желі бойын күлтөкпеге айналдырған барлық жауапсыз тұрғындарға тегіс 30 АЕК көлемінде айыппұл салынып шықты. Мәлім болғандай, олардың ешбірінде қоқыс шығаратын мекемелермен келісім-шарт болмаған.
Ал, биылғы жылы сенбілік жұмыстары біршама оңтайластырылды. Себебі, санитарлық тазалық шараларына қажетті техника, жанармай қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі тарапынан бөлінген болатын.
Сенбілік шаралары әсіресе көктемгі су тасқыны орын алған Аягөз қаласында да жоғары деңгейде өткізілді. Соңғы екі апта ішінде Аягөз және Семей шаһарында 400-ден аса теміржолшы жұмыс жасап, тазалық жүргізіп шықты. Бұл бағыттағы жұмыстар ендігі аралықта көгалдандыру, абаттандыру шараларымен жалғаспақ.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ