Шаған станциясы сенімді қолда...

Новости
09.08.2016, 12:39
3 мин чтения
 Семейде  кіл жастардан құралған ұжымдар көп. Дегелең – Семей телімінің бойындағы  Шаған станциясында да жаңа толқынның қатары мол. Аға буынның орнын алмастырып, саладағы қызметті қолға алған жастар арасында қазіргі күннің өзінде еңбегімен еленіп, жетістікке жетіп жүргендер көп. Станция бастығы Айдос Тоқтаров – осыдан үш жыл бұрын ғана станция кезекшісі болып еңбек жолын бастаған 29 жастағы жігітке қазіргі күні жауапты қызмет сеніп тапсырылған. Алғырлығымен көзге түскен Айдос өзіне жүктелген міндеттерді  абыроймен атқаруда. Шағын станция болғанымен тіршілігі қауырт елді мекендегі теміржолшылар өміріне қатысты барлық мәселелерді шешіп отыр.  4-ші класты Шаған станциясында қабылдау-жөнелту жолдары төртеу. Тұйық жолдар да бар.  Бірнеше жолаушылар пойызы да аял жасайды. Оның үстіне іргедегі орын тепкен Қаражыра көмір кенішінің маусымдық жұмысы басталған кезде станциядағы сегіз теміржолшының жұмысы қыза түседі. Бұл кезеңде станциядан бір ауысымда 19 жұп жүк тиелген жылжымалы құрам өтеді екен. Көмір тасымалдау маусымы бойы жұмыс бір тынбайды. – Елдің теріскейі мен күнгейін жалғап жатқан желі біздің станция арқылы өтетіндіктен тасымал қарқыны да жоғары. Біз арқылы өтетін әрбір жүк құрамын кедергісіз өткізу үшін қолайлы жағдай жасау  міндетіміз, – дейді жас станция басшысы. Жалпы, шалғайда жатқан осынау станцияда  70 шақты теміржолшы қоныстанған, олардың денін жолшылар құрайды. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалы басшылық назарынан тыс қалған емес.  Теміржолшылар арасында көпбалалы отбасылар көп. Барлығы да ұжымдық шартқа сәйкес тиісті жеңілдіктерін пайдаланып отыр. Еңбек қауіпсіздігі – Айбек Заманбекұлының ерекше мән беретін, бұлжытпай атқаратын міндетіне жатады. Теміржолшылардың өмірі мен денсаулығы қашан да басты орында тұратынын жалына ұстайтын жас басшы  қарамағындағы аз адамның қолайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға мүдделі.  Жазық далада орын тепкендіктен қыс мезгілінде бұл аймақта табиғат аса қатаң. Қарлы боран айлап соғады. Үскірік аязда теміржолшылардың беті-қолын үсік шалмас үшін далаға шығар алдында арнайы жақпамай жағылады. Бұл процесті станция бастығы өзі қадағалап, мұқият назарда ұстайды. Жаздың аңызақ аптабында да солай. Теміржолшылар үшін көлеңке боларлық панажайлар жасалынады. Биыл жауын-шашынның көп болуы  масаның жылдағыдан көп болуына себеп болыпты.  Қансорғыш жәндіктер әсіресе жаңбырдан кейін бұлт тәрізді қаптап, желі бойында қызметін атқарып жүрген теміржолшыларды шыдатпауға дейін барады екен. Шағандықтар олардан қорғану үшін жұқа дәкеден «маска» жасап алыпты.  Аймақта ірі қара мал ұстайтын шаруашылықтар көп орын тепкен. Сол себепті теміржолшылар атқа мініп, желі бойын төрт-түліктен қорғайды екен.  Қазіргі күні бұл бағытта бірқатар шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, жергілікті әкімдікпен бірлесіп, желі бойына шығып кеткен қараусыз малды арнайы орынға қамап, иесіне қомақты айыппұл салу ісі қарастрылуда. Одан бөлек желілік полиция бөлімімен бірлесіп, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылады әрі жұртшылықпен кездесулер өткізіледі. Міне, осынау шаралардың барлығында станция қызметкерлері де жүруге мәжбүр. Бәлкім соның нәтижесі болар, соңғы кездері станцияға қарасты аумақ бойынша шұғыл тежелу оқиғалары мүлдем орын алмапты. Осыдан біраз бұрын күрделі жөндеу жұмыстары өткізілгендіктен станция ғимараты барлық талапқа сай. Биылғы ағымдық шараларды да өз күштерімен жүргізіп, ұядай ғимаратта жастардың белсенді қызмет етуі осындағы аға буын өкілдерін де риза етіп отыр екен. «Жас келсе іске деген, келешек сендердікі» деп жастарға жігер береді аға буын.  Қорыта айтқанда, Шаған станциясы сенімді қолда... 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар