Тасымалды басқарудың тиімді шешімдері

Новости
05.06.2018, 12:40
Әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау – мемлекет және акционерлер тарапынан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ алдына қойылып отырған басымдыққа ие мәселенің бірі. Сондықтан ұлттық тасымалдаушы компания жүк тасымалы бойынша жоспарды толық көлемде орындауға мүдделілік танытуда.  Әсіресе, қатты отын тасымалы биыл ерте басталып отыр.  «Биылғы жыл қорытындысы бойынша біз 106,5 млн тонна шамасында көмір тасымалдауды болжамдап отырмыз. Оның 72 млн тоннаға жуығы еліміздің тұтынушыларына бағытталмақ, қалған 34 млн тоннадан астамын экспортқа шығару көзделуде. Бұл болжамды көлем өткен жылдың тасымал көлеміне қарағанда 3,5% жоғары» деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк жұмыстары жөніндегі атқарушы директоры Айдар Исаков. Егер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өткен жылдағы өндірістік қызметіне қатысты жұмыс қорытындысына тоқталсақ, 103 млн тоннадан астам көмір тиеліп, алдыңғы жылға қарағанда бұл көрсеткіш 14%-ке жоғары болыпты. Ел ішіне коммунальдық-тұрмыстық қажеттіліктерді қосқанда 72 млн тоннадан артық көмір тасымалданса, қалған 31 млн тонна қатты отын шетел асқан. Ал биылғы төрт айда 34 млн тоннадан астам көмір тиелген. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 процентке төмен болып отыр. Қазақстандық тұтынушыларға бағытталып 24 млн тоннадан артық көмір тиелген. Ал жыл басынан бері көмір тиеліміне қатысты көлемнің төмендеп кеткенін атқарушы директор ТЭЦ-тарға бағытталған техникалық көмірге тапсырыстың азайып кеткенімен түсіндірді. «Қаңтар, ақпан айларында қатты отынның орта нормативтік қоры 25-30 тәулікті құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 тәулікке артық болып отыр. Сондай-ақ, қаңтар айында екі апта бойы қатты аяздың болуы да 500 мың тонна көмірдің тиелмей қалуына әсерін тигізді» деп жыл басында болған ахуалдан хабардар етті А.Исаков. Қазір жүк тасымалын ұйымдастырушылар  қыста жіберіп алған еселерін қайтаруға білек сыбана кіріскен сыңайлы. Осы ретте, «Көмір тасымалын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолға алынған? Жылжымалы құрам жеткілікте ме?» деген сұрақтарды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы-атқарушы директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары Марат Шакеновке қойған едік. «Біз көмір тасымалын тиімді жоспарлап, тасымал көлемін айларға теңдей бөліп тастау арқылы алдағы жылу маусымы кезінде қатты отынға қатысты туындайтын айғай-шу, дүрлігулердің алдын алмақпыз. Осы мақсатта көмір разъездері қожайындарымен, жүк жөнелтушілермен, әкімдіктермен кездесіп, жиындар өткізудеміз. Өткен аптада Қарағандыға барып қайттық. Бұған дейін Шығыс өңірінде, Өскемен, Семейде, сосын Павлодар, Екібастұзда, Ақмолада, оңтүстікте Жамбыл мен Алматыда  жиындар ұйымдастырдық. Көмірмен бұл күнде ТЭЦ-терді қамтамасыз етіп жатырмыз. Әкімдіктер көмір жеткізіліміне бөлген қаржыларын төртінші тоқсаннан екінші және үшінші тоқсандарға ауыстырды. Коммерциялық көмірдің жағдайын сараптаған тапсырыс беруші мекемелер жылу маусымы басталғанда көмірдің де, темір жол көлігі қызметінің де бағасы көтерілетінін түсініп, қазірден бастап көмір жеткізіліміне тапсырыс беріп отыр. Демек, алдағы жылу маусымында көмір жеткізілуімен қатысты дүрлікпе мәселелер туындамауы керек», – деген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өкілі, ұлттық тасымалдаушы компанияның елдің ішкі сұранысын қанағаттандыруға және әлеуметтік маңызға ие жүктерді діттеген жеріне жеткізуге жылжымалы құрамы жеткілікті екенін, қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ паркінде осы шаруаға 50 мыңнан астам ашық вагон жұмылдырылып отырғанын жеткізді.   Астық тасымалына қатысты ахуал қалай болмақ? Былтырғы жылдың статистикалық мәліметтеріне тоқталатын болсақ, 2017 жылы 8,9 млн тонна астық тасымалданып, бұл меже 2016 жылға қарағанда, 4%-ке жоғары болған. Ел ішіне 3 млн тоннадан астам астық жөнелтілсе, қалған 5,8 млн тонна экспортталған. Сондай-ақ, 3,2 млн тонна тартылған астық тиеліп, ол алдыңғы жылға қарағанда 12%-ке артық.  «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  жүк жұмыстары жөніндегі атқарушы директоры Айдар Исаков 2017-2018 жылдардың маркетингілік маусымында Ресей мен Украинада егіннің бітік шығып, сол себепті экспорттың Каспий және Қара теңіз порттарына, Италия, Түркия, Иран және Ауғанстан бағыттарына қарай өскенін, ал бұл бағыттар ұзаққайтарымды және инфрақұрылымдық мүмкіндігі, соның ішінде, терминалдық мүмкіндігі шектеулі болғанын, бұл өз кезегінде, Ақтау портында жүкті ауыстырып тиеу көлемінің көптігінен астық тасымалдаушы құрамдардың кідірісі мен жүктің түсірілуін күтіп тұрып қалуына әкелгенін еске салып өтті. «Портта өнімсіз кідіріп тұруды қысқарту мақсатында желілік сервис қызметі енгізіліп отыр, ол Ақтау порты арқылы астық тасымалдау үшін маусымдық мультимодальды кешенді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Аталған сервис тасымалдау үдерісіне қатысушылардың, мейлі ол өндірушілер, элеваторлар, вагон операторлары, трейдерлер, брокерлер және басқалары болсын, бәрін бірыңғай тізбекке шоғырландырады. Яғни, оның мағынасы неде дейтін болсақ, экспортталатын жүк тасымалы мерзімі белгіленген кесте бойынша жүк вагондарын кемелер арқылы жеткізетін болады. Мұндай жұмыс механизмі вагондар, кемелер айналымын жақсартып, Ақтау портындағы терминалдардың жүктемесін мейлінше азайтуға мүмкіндік бермек» дейді Айдар Исаков. Былтыр Ауғанстан мен Өзбекстанға астық экспорты көлемінің өсуі, өз кезегінде, Орталық Азия аймағының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін төмендеткен еді. Өйткені, Орталық Азия елдері инфрақұрылымының өткізу қабілеттілігі айына 600 мың тонна астық пен 200 мың тонна ұнды құрайды. Міне, осы мәселені шешу үшін Өзбек темір жолымен бірлескен жұмыс жүргізілген, нәтижесінде Сарыағаш-Келес шекаралық өткелінің өткізу қабілеттілігі тәулігіне 18-ден 28 жұп пойызға дейін ұлғайтылған. Айдар Исаков сонымен қатар Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне белгілі бір бекітілген кесте бойынша қатынап, тікелей баратын бағдарларды ұйымдастыру бойынша жұмыстардың жүргізілгенін, нәтижесінде, ұн тиелген құрамдар 3257 км қашықтықты 120 сағатта жүріп өтетінін жеткізді. «Бұдан бөлек Түркия бағытына жаңа темір жол дәліздері ашылды. Ол Құрық-Алят-Ахалкалаки-Карс арқылы Түркияның Мерсин портына шығады, бұл – Новороссийск порты арқылы жүретін бағдарға балама дәліз. Сондай-ақ, Ауғанстанға Имаманазар-Акина арқылы, ал Иранға Акяйла-Инчебурун арқылы астық тасымалдау қарастырылды»,  деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры. Оның айтуынша, қазақстандық астық пен ұнды экспорттаудың дәстүрлі бағыттары биыл да сақталып қалмақ. Яғни, Орталық Азия елдеріне аталған жүктің 33%, Иран мен Ауғанстанға – 43%,Қытайға – 7%, Ресей еліне – 10%, өзге елдерге 7% жөнелтілмек. Марат Шакенов «ҚТЖ» ұлттық компаниясының ұн мен астық жөнелтушілердің тасымалға қатысты сұранысын толық қанағаттандыруға қазірден бастап кіріскенін мәлімдеді. Бүгінде астық тасымалдаушы құрамдардың ірі отандық операторы болып табылатын «Астық Транс» АҚ 330 астықтасушы құрамға қызмет мерзімін ұзарта отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал осы жылдың соңына дейін 421 құрам сатып алу және де 1080 астық вагонын жөндеу көзделген. Яғни, 2018/2019 жылдардың астық тасымалының «Астық Транс» АҚ жұмыс паркінде 5810 вагон болады деп межеленуде. Жалпы Қазақстан бойынша болжамдағы астық құрамдарының паркі көмек ретінде алған вагондарды қоса есептегенде, 10-11 мың астық тасымалдаушыны құрамақ. Қазіргі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ отандық астық өнімдерін өткізетін жаңа нарықтарды іздеу жұмыстарын жүргізуде. Компания өкілдері Иран, Қытай, Ресей, Еуропада өтетін халықаралық көлік конференцияларынан тыс қалмайды. Сондай жиындардың жемісті бір нәтижесін, Жалтыр станциясынан қытайлық Ляньюньган порты арқылы вьетнамдық Хошимин портына қазақстандық астықтың тасымалдануын атауға болады.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Регионы / Спорт
26.07.2024
Турнир по бадминтону среди железнодорожников прошел в Усть-Каменогорске
Спорт
26.07.2024
Футбольное поле для железнодорожников открыли в Таразе
Регионы
26.07.2024
Более 30 экстренных торможений применили машинисты из-за вышедшего на ж/д пути скота в границах Павлодарской дистанции пути
Регионы
26.07.2024
Вопросы перевозок угля обсудили в Усть-Каменогорске
Новости
26.07.2024
Тарифы на парковку у железнодорожного вокзала «Астана» обновят с 5 августа
Новости
26.07.2024
Сотрудничество в сферах транспорта и логистики обсудили вице-премьеры Казахстана и России в Москве
Новости
26.07.2024
Алгоритм погрузки, доставки и выгрузки техники при ЧС поручили разработать Минтрансу
Новости / Архив
26.07.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №61 от 26 июля 2024 года
Регионы
25.07.2024
Железнодорожники Карагандинской и Акадырской дистанций пути продолжают работы по смене рельсовых опор
Новости
25.07.2024
Развитие сотрудничества в сфере железнодорожного транспорта обсудили страны ЕАЭС
Регионы
25.07.2024
Итоги отгрузки за первое полугодие 2024 года подвели в ВКО
КТЖ в лицах
25.07.2024
«Каждый день уникален и полон вызовов»: Поездной диспетчер рассказал о своей работе
Новости
25.07.2024
Транспортный контроль и лицензирование экспедиторской деятельности обсудили в Минтранспорта
Пассажирские перевозки
24.07.2024
В КТЖ выявили факт провоза безбилетного пассажира в Шымкенте
Регионы
24.07.2024
Итоги работы за первое полугодие подвели в Алматинском эксплуатационном локомотивном депо
Регионы
24.07.2024
Более 7 тысяч жителей ЗКО обратились к специалистам поезда «Саламатты Қазақстан»
Новости
24.07.2024
Более 600 железнодорожных подъездных путей переданы в доверительное управление АО «Центр транспортного сервиса»
Спорт
24.07.2024
Турнир по настольному теннису приурочили к 100-летию станции Павлодар
Регионы
24.07.2024
Фестиваль КВН прошел на станции Караганда-Сортировочная
Новости
23.07.2024
Повышение эффективности казахстанских морских портов обсудили в Актау