«Темір адам» - теміржолда
Новости
19.06.2018, 14:36
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana триатлоны бойынша халықаралық жарысқа қатысып, «Темір адам» атағын алды.
Жарысты Қазақстандық триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде мұндай жарыс ТМД аумағында бірінші рет және Астананың 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқанын, бұл елорданың мерейтойына тамаша сыйлық болатынын атап өтті. Ауқымды шараға 47 елден 1300-ден артық спортшы қатысса, соның 700-ге жуығы қазақстандық екен.
IRONMAN 70.3 дистанциясы үш үздіксіз кезеңді қамтиды: жүзу (1,9 км), веложарыс (90 км), жүгіру (21 км) жалпы ұзындығы 113 км немесе 70,3 миль. Барлық дистанцияға 8 сағат 30 минут беріледі.
Бір күндік спорт жарысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев үздік нәтиже көрсетті. Оның дистанцияны бағындырудағы жалпы уақыты 5 сағат 40 минутты құрады. Ол 2100 метрді 39 минутта жүзіп өтіп, веложарыста 90 километрді 3 сағат 11 минутта бағындырды, ал 21,2 километрді 1 сағат 50 минутта жүгіріп өтті. Осылайша спортшы дистанция толық бағындырып, үздік нәтижесімен дараланып, «Темір адам» атағын жеңіп алды.
– Жүгіруге менің қызығушылығым, өткен жылы «ЭКО Марафон Run in the Dark» дистанциясын жүгіріп өткеннен кейін пайда болды. Бүгін мен IRONMAN 70.3. сияқты ауқымды спорттық оқиғаның бір бөлігі болып отырғаныма қуаныштымын. 10 ай дайындалуды қажет ететін нәтижеге мен 5 ай ішінде қол жеткіздім, – дейді Сағат Қабиев. – Біздің компанияда салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа үлкен көңіл бөлініп отыр, ал біз сияқты әуесқой желаяқтарды жеңілатлетшілерге арналған жалпы топ біріктіреді, біз онда жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз, келешек жоспарларын талқылаймыз және ортақ спорттық мақсаттарды алға қоямыз.
Өз кезегінде 6 сағат 4 минут нәтижесін «Қорғас-Сервис» ЖШС директоры Ардақ Нұғманов көрсетті. Триатлонда қатысу мақсаты мен Ironman атағын алуды ол өзінің қысқа және ұзақмерзімді жоспарларын жазып жүретін қойын дәптерінде 2012 жылы жазыпты.
Ардақ үшін ең үлкен сынақ су болыпты. Ол суда жүзіп үйренуді тек 40 жасында үйренген екен, оның үстіне бала кезде бір батқаны бар, міне осы үрейді де жеңу керек еді. Жұмыста оның спортқа құштарлығын әріптестері бірауыздан қолдапты. Ол Алтынкөл көлінде ашық суда жүзіп үйренгенде, әріптесі Мақсат Сағибеков резеңкелі қайықпен оның қасында ілесіп жүріпті. Велосипед тебу, жүгіру сияқты спорт түрлерімен айналысуды да ұмытпай, апта бойы Нұркенттегі жолды «тоздырыпты».
Бұлтарысы көп спорт жолының қиындығына қарамастан, көрсеткіш жақсы, нәтиже бар. Ардақ бұл жетістікке жетуіне тума-туыс, дос-жаран, әріптестерінің де үлкен рөл ойнағанын айтады. Олардың көбісі жарысқа келіп, ал енді біреулері интернет арқылы трансляцияны көріп, қолдау білдірген екен.
– Біз тамаша нәтиже, керемет сергектік қуатын алдық. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Астана спортшыларды жақсы қарсы алды, жолдары да керемет. Бұл керемет драйв. Армандар орындалады! – дейді Ардақ Нұғманов.
«Қорғас» ХШЫО» АҚ президенті Қахарман Джазин болса, фотографтың рөлінде болып, өз қызметкерінің финишке жеткен суретін тарихи оқиға ретінде түсіріп те алған көрінеді.
- Мұндай халықаралық жарыста ең бастысы – қатысу. Бірақ, жеңіске деген мұндай спорттық ерік-жігер еліктеуге лайықты өнеге болмақ, – деп түйіндейді өз ойын компания жетекшісі.
Мадина ТУРГУМБАЕВА,
Ирина БЕКТИЯРОВА
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык