Жауапкершілік бәріне бірдей

Новости
22.06.2018, 15:50
2 мин чтения
Жүк тасымалын арттыру үшін теміржолшылар жүк жөнелтуші тараппен үнемі тығыз байланыста, бірлікте жұмыс істейді. Дегенмен, кейде кедендік тексеруді күтіп,  жүк жөнелтушілер мен алушылар жауапсыздығынан станциядағы жұмыс кестесіне кедергі келетін жағдайлар да орын алады.  Мысалы, Қазығұрт станциясында тек вагондар сұрыпталмайды, сонымен қатар он шақты кәсіпорынның жүктері жан-жаққа жөнелтіледі. – Өзбекстаннан сода өнімі келгенмен, уақытылы кедендік тексеруден өте алмай, 2-3 күн тұрып қалады. Бұл жерде кінәлі кедендік бекет емес, жүк алушы. Яғни, соданың негізгі иесі Алматыда отырып, Шымкенттегі өкілін жұмсайды. Ал ол болса қағаздары тура болмай, жүкті алу үшін 2-3 күн жүреді. Кеше тыңайтқыш келіп, тағы бірнеше күн тұрды. Жүк алушыларда жауапкершілік аз. Уақытында қаржысын төлеп, құжатын дайындап қойса, бізге де кедергі болмас еді. Кейбір клиенттердің жүк түсіретін кірме жолы болмағандықтан, басқаның кірме жолын пайдалану үшін сол кірме жолдың иесі, біз және жүк тиеуші арасында үш жақты келісім жасалады. Сондай қағазды дер кезінде дайындамаған соң кедендік бөлімнен уақытымен өтпей, екі-үш тәуліктеп тұрады. Бұның кесірі біздегі жүк айналымына тиеді. Мысалы, бізге жергілікті вагондардың айналымына 16 сағат беріледі. Ал осы себептен жүк үш күн тұрса, 72 сағатты құрайды. Содан келіп станцияның көрсеткіші өзгереді. Сондықтан, тараптар жауапкершілік жүгі бәріне бірдей екенін ескеруге тиіс, – дейді Қазығұрт станциясының бастығы Тоқтасын Қалмырзаев. Станция бастығының айтуынша, кеден бекетінің бес күндік жұмысы да жүктің тұрып қалуына кедергі. Мәселен, жұма күні кешкі 16.00-де келген вагондар алдыңғы вагонның көптігінен сол бойы кезек күтіп, дүйсенбі таңертең өтеді. Ең болмаса, кеденшілер сенбі күнгі 15.00-ге дейін жұмыс істесе, дүйсенбіге тек жексенбі күні келген жүктер ғана қалар еді. Станция басшылары кедендік тексеру бекетінде сенбі мен жексенбі күндері де бір маман отырып, жүктерді екі күн қаңтармай өткізе берсе деген ұсыныспен шыққан екен. Қазығұрт, Шымкент, Қорғасын, Қызылсайдағы теміржолмен жүк жөнелтетін клиенттер қосылып, кедендік бақылау комитетіне шығып, олардың сенбі күні түске дейін жұмыс істеуге көндірсе, кедендік тексеруді сенбі күнге де ауыстыруға болады. Сонда жүк алушылар мен жөнелтушілер уақыттан ұтып, артық тұрған вагондарға шығын шығармас еді деп болжам жасалмақ.  

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ