Тау бөктеріндегі бекет
Көктерек – табиғаты көркем таулы өңірде орналасқан төртінші класты станция. Шымкент іргесіндегі Түлкібастан кейін осы Көктерек станциясы, әрі қарай Меңлібай, Састөбе, Ынтымақ бекеттері, барлығы дерлік таудан шығатын қиыршық тас пен әктас жөнелтеді.
Таудың бауырындағы аядай ғана Көктерек бекетінің бір өзі Қырғыз еліне ай сайын 40 вагон қиыршық тас жібереді. Бұл жердегі таудың тасы цементке емес, кәдімгі тұтынатын қант қоспасын кристалдандыру үшін керек. Қанттың өзі қоймалжың болғандықтан, әк тасты күйдіріп, соның буымен қантты қатыратын көрінеді. Бұрын Жамбыл облысындағы Меркедегі қант шығаратын зауытқа да ай сайын 20 вагон жүк тиелетін. Қазір зауыт жұмысы тоқтағалы тек қырғыздарға жөнелтілуде.
Көктеректе станция бастығы Қуаныш Оралұлының басшылығымен үш станция кезекшісі, бір тауар кассирі барлық жұмысқа жауапты. Жолшылар мен байланысшылар, электрмен жабдықтаушылар барлығы соңғы үлгіде салынған жақсы ғимаратта қатар отырып жұмыс істейді.
Жоғарыда айтқанымыздай, мұндағы теміржол таудың етегін ала орналасқан. Ауыл болса еңісте. Сондықтан, ілуде бір жоғалған малын іздеп жүрген немесе төрт-түлік жайып жүрген тұрғындар болмаса, ауылдағы 200-ден аса түтін иелеріне теміржолдан келер қауіп жоқ.
Көктерек бекеті орналасқан ауыл – алаштың арда азаматы, Түрксіб теміржолын салуға зор еңбегі сіңген мемлекет қайреткері Тұрар Рысқұловтың туған жері. Бұрынғы Ждановтан қазір Рысқұл ауылы болып өзгерген. Үш станция кезекшісі осы ауылда тұрады, қалғандары аудан орталығынан, көрші елді мекендерден жеке көлігімен қатынайды екен.
Аптаның бес күнінде станция кезекшісі өз міндетін атқарып отырады. Ал жүк азайған сенбі-жексенбіде табло орталықтандырылған диспетчерлік жүйемен басқарылады. Қыста қар қалың түсетіндіктен, бұл өңірде жолшылар үшін жұмыс жеткілікті. Жақында Түлкібас – Көктерек, Көктерек – Меңлібай аралығындағы бірінші жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, жол табаны сауықтырылған.
Тағы бір жақсысы, теміржол жиегіне мал жайыла алмайды. Төменде мал айдайтын көпір бар. Төрт-түлік ертелі-кеш өріске сол көпір арқылы келіп кететіндіктен, теміржолға малдан да қауіп жоқ. Бірақ, теміржолшылар халыққа теміржол бойы қашанда қауіпті екенін ұдайы ескертіп тұрады.
Динар МЕЙІРМАН, Көктерек
Суретті түсірген автор
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ