Алты айдағы ахуал
Алты ай ішінде Шымкент жол дистанциясының аумағында бес рет пойыздың адам басу дерегі тіркеліп, төртеуінде кісі өлімімен аяқталған. Бірінде құлағы естімейтін саңырау бала өзін-өзі өлімге тастаса, екіншісі құлаққаптың кесірінен қыршын кетті. Үшіншісінің періштесі қағып аман қалды.
Бес оқиғаның үшеуі Манкент – Ынтымақ, екеуі Шымкент – Қорғасын телімінде орын алған. Қайғылы жағдай сол баяғы белгіленбеген жерден өтуден шығып отыр. Манкент – Ынтымақ арасына сым тартылып, малдан қоршау жүргізілген. Қорғасын – Шымкент, Шымкент – Қызылсай бойы темірмен қоршалған. Осы оқиға болған жердің бәрінде адамдар қоршауды сындырып, майыстырып кеткен. Өкініштісі сол, бұл маң қиылыс жолға жатады. Бұрылыс жерлерден өткенде машинистер алдынан бірден шыққан адамды байқамай қалады. Манкент – Ынтымақ бойындағы қайғылы жағдай орын алған жерде малға жасалған қоршау бұзылыпты. Теміржолдың арғы бетінде 500 метр қашықта тұрғын үйлер орналасса, бергі жағы жайылымдық жер. Құлағына құлаққап таққан бала мал айдап өтпекші болып, пойыздың даусын естімеген. Машинист баланы қиылыс жолдан шыға бере 150 метр жерден байқаған, кемі 500 метр барып тоқтайтындықтан, әрине үлгермейді. Жантүршігерлік бұл жағдай маусымның 21 күні болса, 22 күні тал түсте тағы бір баланы пойыз қағады. Анасы, інісі үшеуі қатар жолдан өтіп бара жатқан. №89 «Астана–Қызылорда» бағытындағы Тальго жүрдек пойызының машинисі ададмдарды бұрылыс жолдан өте байқапты. Анасы өтіп үлгеріп, баласын тартқанша пойыздың екпіні ұшырып түсірген. Тальго пойызының даусы қатты естілмейтіндіктен, анасы да пойыз келе жатқанын аңғармаса керек. Аман қалған баланы жедел жәрдем әкеткен. Жақын тұста жер асты өткелі бар екен. Анасы қанша асықса да, балалардың қауіпсіздігін ойламағаны қынжылтады.
– Біз айтудан кенде емеспіз. Бірақ, оқиға қайталанып, еңбегімізді еш етуде. Жыл басынан бері дистанция аумағындағы барлық мектептерде 29 рет оқушылармен жиын өткіздік. ЖІІб тәртіп сақшыларымен станцияларға барып, тұрғындармен 124 рет кездесіп, 18 рет рейдке шықтық. Қысқасы, 30 мың адамды құлақтандырдық. «Он күн алдын ғана келіп кеттіңдер ғой» деп наразы болатындар да, «міндеттерің жол жөндеу ма, соны істеңдер, біздің амандығымыз үшін алаң болмаңдар» дейтіндер де бар. Қоршау жасағанмен жұрттың санасы өзгермейтіндіктен, үгіт-насихатты үзбейміз. Жақында теміржол бойында қауіпсіздікті сақтау жиыны өтті. Қаладағы үш аудан әкімі орынбасарлары қатысып, жергілікті БАҚ беттеріне теміржолдың өткенде сергек болу жайлы мақала жариялатуға уәде етті. Біз 5-10 минуттық бейнеролик дайындап береміз. Мүмкіндігінше теледидардан кешкі ас пен таңғы шайдың үстінде көрсетсе деген өтінішпен шықпақпыз, – дейді еңбек қорғау инженері Ақберен Абдрахманов.
Маманның пікірінше, айыппұл салуды қатаңдату керек. Кеше, мысалы, электровоз тоқтап, баспалдағы қисайғанынан 128 мың теңге шығын келіпті. Электровоздың тежегішті басып тоқтағаны 3-тен 30 минутқа созылса, 28 мың теңге, өсімпұлымен 34 мыңға айналады. Ол дистанцияның жылдық кірісінен ұсталады.
– Сондықтан, ЖІІб қызметкерлерімен айыппұлды пойызды тоқтатқан адам мен мал иесіне салуды қатаңдатуды сұрап жатырмыз. Тәртіп сақшылары бұл жағдайда сот арқылы өндіріп алуға болатынын айтуда. Өмірден өткен марқұмға айыппұл салу қиын. Дегенмен, тірі қалғандарын солай жазалайтын уақыт келді. Осы арқылы халықтың санасында «адам өлсе де пойыз жолдан өткені үшін айыппұл төлейді» деген түсінік қалыптасса, өздері үшін сақ жүрер еді, – деп ой айтады еңбек қорғау инженері.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ