Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылмақ

Новости
10.07.2018, 12:31
2 мин чтения
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында  «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде   мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылмақ.  «Нұрлы жол» вокзал кешені  елорданы дамытудың заманауи инфрақұрылымдық нысаны болып табылады. Аумағы 126 мың шаршы метр болатын алты қабатты ғимаратта не керектің бәрі бар. Бірінші және екінші қабатта 740 көлікке арналған автотұрақ бар. Тәулігіне мыңдаған жолаушы келіп-кететін кешенде мамандандырылған ХҚКО филиалының ашылуы өте орынды екені сөзсіз. Орталықтың ашылуымен, әлбетте, қызмет алушылар мен жолаушылар ағыны бұрынғыдан да артатыны анық. Вокзал кешені үшін де қаржылай пайдасы өз алдына. – Қазір дайындық қарқынды жүруде.  Инженерлік және құрылыстық жұмыстар атқарылуда. Қайта жоспарлау бойынша да біраз шаруаның басын қайырдық, – дейді «Нұрлы жол» вокзал кешеніндегі маркетинг және сервис секторының басшысы  Жәмилә Кенжебекова. Бүгінде қаладағы бірден бір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тәулігіне үш мыңға жуық тұтынушы қызметке жүгінсе, «Нұрлы жол» вокзалындағы екінші орталықтың ашылуы – күн тәртібінде тұрған мәселе. Бұдан өзге де нотариус, сақтандыру, автоорталық және осы тектес біраз жобалар іске асырылмақ. Соңғы сәтті жүзеге асқан жобаның бірі – футуристік капсулдық қонақ үй.  Қызметін мамыр айының ортасынан бері бастап кеткен. Жапониядан бастау алып, әлемнің дамыған елдерінде кеңінен таралған қонақ үй жолда асығып келе жатқан жолаушыға өте ыңғайлы,  заманауи жабдықталған. «Жолаушы вокзал кешенінен алыстамай-ақ, осында тынығып, келесі сапарына аттанып кете беруіне қолайлы», – дейді вокзал қызметкері. Вокзал кешенінде бос аумақтар әлі де баршылық екен. Ғимаратта кәсібін дөңгелетсем  деген  ниеттілер байқау арқылы комиссияның іріктеуімен таңдап алынатын көрінеді. Кешен басшылары ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын ескеретіндіктен, әр жобаға қатаң талап қойып, талғаммен қарайды.   Ардақ  Зұлқажапқызы  
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ