Үшінші мегаполис қақпасы

Новости
13.07.2018, 09:59
Биылғы 19 маусым – Шымкент қаласы үшін тарихта қалатын күн. Себебі, дәл осы күні Елбасы шырайлы Шымқалаға  республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді. Осыған орай, қос астанадан кейінгі үшінші мегаполис статусына ие болған қаланың бас қақпасы – Шымкент станциясының бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталғанды жөн көрдік.   Тәулігіне 50 пойыз қабылдап, 50 пойыз жөнелтетін Шымкент станциясы кластық дәрежеден тыс. Осы жылы жүк түсіру 6 айға орта есеппен 101,2 пайызды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 114,2% көрсетіп отыр. Станция ұжымын 2013 жылдан бері тәжірибелі теміржолшы  Бердіхан Абдуллаев басқарып келеді. Еңбек жолын 1980 жылы жоғары оқуды бітіріп келіп осы станцияда пойыз құрастырушы болып бастап, маневр диспетчері, станция кезекшісі сатыларынан өткен ол, 17 жыл Шымкент станциясы бастығының орынбасары болып мол тәжірибе жинақтаған.  Аймаққа белгілі Абдуллаевтар династиясынан шыққан Бердіхан Жұманұлы, міне, соңғы алты жыл үздіксіз станцияны басқарып қана емес, оның жұмысын өрге сүйреп келеді. Станция аумағындағы барлық құрылымдық мекемелер басшыларының қатысуымен апта сайын өтетін дәстүрлі «Станция бастығы күні» апта ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, келесі аптаға жоспар түзіледі. Ал қандай да бір туындаған мәселелер ешкімге зияны тимейтіндей бірлесе отырып шешіледі. Станция бастығының ұйымдастырушылық және нақты жоспар құра алатын қабілетінің арқасында пайдалану көрсеткіштері жоспарға сай орындалып жатыр екен. Мәселен, 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент станциясында барлық пайдалану көрсеткіштері жүз пайыздан асыра орындалған. Алты айдың қорытындысына сәйкес Шымкент станциясында қауіпсіздік толық сақталып, ешқандай жазатайым оқиға орын алмаған. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында станцияда профилактикалық іс-шаралар кестеге сай жүргізіліп отырады. Жазатайым оқиға жөнінде келіп түскен ақпараттармен жұмысшылар дер кезінде таныстырылып, жоспардан тыс нұсқамалар, практикалық сабақтар жүргізіледі. – Шымкент станциясында жүк түсіріп-тиейтін 60 шақты кірме жол бар, қазіргі таңда соның 56-сы жұмыс істеп тұр. Бүгінде станцияда тұрақты түрде 3 маневр тепловозы жұмыс істейді. Бұрын 5 маневр тепловозы болса, қазір жүктің азаюына байланысты көктемнен бастап 4 тепловозға лайық есептелген. Төртінші тепловоз жергілікті жүктер көбейген кезде шығарылады. Бірақ, Шымкенттің үшінші мегаполис атануымен байланысты ендігі жерде құрылыс пен көші-қонның көбеюімен байланысты жүк артады деп күтілуде. Станцияда еңбек ететін 179 адам үшін бұл жағымды жаңалық болып отыр, – дейді Бердіхан Абдуллаев. Станция басшысы орынбасарларымен бірге жұмыс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы, жұмыс тәртібін технологияға сәйкес жүргізуіне байланысты жоспардан тыс арнайы тексерулер жүргізіп отырады. Осы алты айда барлығы 32 тексеру жүргізіліп, 7 жұмысшыға тәртіптік жаза түрі қолданылыпты. Оның үшеуі сөгіс, төртеуі ескерту.   Қаланың қақ ортасында орналасқан Шымкент станциясы бүгінде халқының саны миллионға жеткен мегаполистің теміржол көлігіне деген сұранысын өтеуге тырысып жұмыс істеуде. Станция паркінде 23 жол бар, 1-7 қабылдау-жөнелту жолдары болса, 8-20 сұрыптап жөнелту паркі, 21-23 жолдарда – вагондарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал бірінші, екінші, үшінші жолдар, әрине, жолаушы құрамдарына арналған, яғни  жолаушылар жөнелтіледі.   Еңбек қорғауға байланысты, жыл басынан бері станция аумағында жұмыс орындарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осыған сәйкес сайыс ұйымдастырылыпты. Қорытындысы бойынша «Үздік жұмыс орны» номинациясы бойынша  3 жұмыс орны арнайы сыйлықтармен марапатталған.  Жұмысшылар арнайы киіммен дер кезінде қамтамасыз етіліп отырады. Оның ішінде жұмысқа алғаш келген жұмысшылар бірінші кезекте қамтылады екен. Шымкент станциясы қала аумағында орналасқандықтан теміржол арқылы өтетін халықпен профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізіліп отырады. Жолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен, жақын аймақтағы орналасқан мектеп оқушыларымен «Темір жол – қауіпті аймақ» деген тақырыпта ай сайын түсініктеме, арнайы қауіпсіздік сабақтары өтеді. Станция аумағы толықтай қоршалған, десе де бөгде адамдардың темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі жиі кездесетіндіктен,  арнайы темір жол әскери күзеті мен желілік ішкі істер басқармасымен бірлесе рейдтік тексерулер ұйымдастыру да жолға қойылған.   Станциядағы қым-қуыт тірліктен, оның ішкі «асханасындағы» сан тараулар мен тармақтардан былайша көпшілік хабардар емес. Сіз бен біздің сәтті сапарымыз үшін,  жүктердің діттеген жеріне шашаусыз жетуі жолында тынымсыз тер төгіп жатқан теміржолшылар тірлігімен танысқыңыз келсе, түннің жарымында да жылт-жылт еткен бағдаршамдары жанып-өшіп, вагондар мен локомотивтер дүрсілі бір тынбай жұмысы қайнап жатқан Шымкент станциясына  келіңіз.   Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент
Регионы / Спорт
26.07.2024
Турнир по бадминтону среди железнодорожников прошел в Усть-Каменогорске
Спорт
26.07.2024
Футбольное поле для железнодорожников открыли в Таразе
Регионы
26.07.2024
Более 30 экстренных торможений применили машинисты из-за вышедшего на ж/д пути скота в границах Павлодарской дистанции пути
Регионы
26.07.2024
Вопросы перевозок угля обсудили в Усть-Каменогорске
Новости
26.07.2024
Тарифы на парковку у железнодорожного вокзала «Астана» обновят с 5 августа
Новости
26.07.2024
Сотрудничество в сферах транспорта и логистики обсудили вице-премьеры Казахстана и России в Москве
Новости
26.07.2024
Алгоритм погрузки, доставки и выгрузки техники при ЧС поручили разработать Минтрансу
Новости / Архив
26.07.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №61 от 26 июля 2024 года
Регионы
25.07.2024
Железнодорожники Карагандинской и Акадырской дистанций пути продолжают работы по смене рельсовых опор
Новости
25.07.2024
Развитие сотрудничества в сфере железнодорожного транспорта обсудили страны ЕАЭС
Регионы
25.07.2024
Итоги отгрузки за первое полугодие 2024 года подвели в ВКО
КТЖ в лицах
25.07.2024
«Каждый день уникален и полон вызовов»: Поездной диспетчер рассказал о своей работе
Новости
25.07.2024
Транспортный контроль и лицензирование экспедиторской деятельности обсудили в Минтранспорта
Пассажирские перевозки
24.07.2024
В КТЖ выявили факт провоза безбилетного пассажира в Шымкенте
Регионы
24.07.2024
Итоги работы за первое полугодие подвели в Алматинском эксплуатационном локомотивном депо
Регионы
24.07.2024
Более 7 тысяч жителей ЗКО обратились к специалистам поезда «Саламатты Қазақстан»
Новости
24.07.2024
Более 600 железнодорожных подъездных путей переданы в доверительное управление АО «Центр транспортного сервиса»
Спорт
24.07.2024
Турнир по настольному теннису приурочили к 100-летию станции Павлодар
Регионы
24.07.2024
Фестиваль КВН прошел на станции Караганда-Сортировочная
Новости
23.07.2024
Повышение эффективности казахстанских морских портов обсудили в Актау