Бес әлеуметтік бастама аясында

Новости
13.07.2018, 10:34
2 мин чтения
«ҚТЖ» ҰК» АҚ  әкімшілік ғимаратында  «Нұр Отан» ХДП Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымы және еңбек ұжымына Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылауға арналған іс-шара өткізді.  Кездесудің өтуіне «Нұр Отан» партиясының «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастауыш партия ұйымы мұрындық болды. Жиынға  партияның Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Алимғазина және «Нұр Отан» партиясының  Астана қалалық филиалы  саяси бөлімінің меңгерушісі Ерлан Ахмеди арнайы келіп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Биыл Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, онда нақты бағыттарды айқындап берген еді. Атап айтқанда, әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін салық жүктемені азайту,  сапалы, әрі жоғары білім алудың қолжетімділігі, жатақханаларды жөндеу, елді газбен қамту, сондай-ақ, қазір көпшіліктің басын қатырып, әбден қордаланған мәселенің бірегейі – несие жайы да назардан тыс қалмаған болатын. Партия өкілдері  бес әлеуметтік бастама аясында күн тәртібінде тұрған рухани жаңғыру, латын қарпіне көшу, Астананың болашағы сынды келелі мәселелерді де қаузап, ұтымды пікір айтылып, Елбасының салиқалы саясаты  сараланды. Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жолдары туралы ойларын ортаға сала келе, нақты қойылған тапсырманы жүйелі түрде жүзеге асыру жолдары, ол үшін «жұмыла көтерген жүк жеңіл» қағидаты маңызды екенін тілге тиек етіп, жарқын болашаққа сенімдерін білдірді.  Жиын соңында кездесуге  келген көпшілікке компания  атынан алғыс білдіріп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»  іске кірісетіндіктерін жеткізген бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Ақмарал Байғабылова басшылықтан елеулі еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Ардақ ЗҰЛҚАЖАПҚЫЗЫ
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ