Аптап ыстықта да ағымдық күтім жасауда

Новости
16.07.2018, 20:47
Жосалы мен Түркістан станциялары арасындағы жол күтіміне жауапты Қызылорда жол дистанциясы ұжымы жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтап, телімдерден пойыздардың кідіріссіз өтуіне жағдай жасап, шілденің  аптап ыстығында да өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.   Ағымдағы жылдың алты айында  пойыздың құлап-соғылуы, апаттық жағдай мен оқыс оқиғаның орын алуына жол бермеген қызылордалық жолшылар өндірісте де  ақаусыз жұмыс жүргізген. Алайда жыл басынан бері 2 рет оқыс оқиға орын алған. Жол дистанциясының алты телімінде осы уақыт аралығында атқарған жұмыстар мен алдағы күндер жоспары жайлы техникалық бөлімнің басшысы Кенже Қойшыбаева мәлімет берді. Маман ұсынған ақпарлар жолшылардың кәсіби міндетін атқаруда барынша ыждаһаттылықпен жұмыс жасайтындығын аңғартады. Дегенмен, пойыздардың қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға жол жағалап жайылған иесіз мал мен кез келген жерден кесіп өтуге ұмтылатын бейсауыт жүргіншілерден келер қауіптің әлі де болса азаймай тұрғандығын байқауға болады. Мысалы, соның кесірінен өткен жылдың бір ғана мамыр айында 13 рет жедел тежегіш қолданған машинистер, биылғы мамыр айының ішінде 11 мәрте жедел тежегіш беріп тоқтауға мәжбүр болған. Оның үшеуінде жолға иесіз мал шықса, 8 мәрте адамның жолға шығып кетуіне байланысты. Бұл  дегеніміз, тепловоз машинисінің бір ай ішіндегі әрбір үшінші тәулікте тежегіш басатынын көрсетеді. Ал жыл басынан бері 2 рет адам басу оқиғасына байланысты пойыздың қалыпты жүрісі бұзылған. Міне, осындай себептерден өздерінің кәсіби міндеті жол күтімін жасап, ағымдық және күнделікті жол бабын жасауға міндетті жолшылар бұл жүктемелерге қоса айналадағы жергілікті тұрғындармен, жол өтпелерінен өтетін автокөлік иелеріне де, жол бойындағы оқу ошақтарында да жолдан өту ережелері мен насихат жұмыстарын жүргізуге мәжбүр. Жаз маусымы басталысымен жолшылардың жолдарды күтіп-баптау жұмыстарымен қатар жолды малдан қорғау шаралары да қолға алынуда. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы үшін қызылордалық жолшылар 34 км жол бойының сым қоршауларын жөндеп, қосымша бағаналар қағып, сым тартқан. – Темір жол бойында мал бағу ережесімен мамыр айында 2460 тұрғын таныстырылып, бес ай ішінде 7559 адамға ҚР Кодексінің 49-бабының 1-5 тармағынан үзінділер таратылса, 7559 тұрғын қатыстырылған 100 рет жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жасалды. Және де ЖІІБ қызметкерлерімен 57 рет рейд жүргізіліп, 3 құқық бұзушылық анықталды. Жол бойына жақын маңдағы 63 оқу орнында 8319 оқушы мен оқытушы және тұрғындармен түсіндіру, таныстыру жұмыстары өткізілді, – дейді дистанцияның техбөлім басшысы Кенже Қойшыбаева. Дистанция телімдеріндегі жолдың техталапқа сай болуын бақылап тексеру – күнделікті шаруа. Бұл жұмыстарға негізінен ақаутапқыш арбашалар жегіледі. Дистанцияда 28 ақаутапқыш бар, оның екеуі жолды екінші қайтара тексеруге арналған. Мамыр айында жоспарға сәйкес 1865 км негізгі, 131 км қабылдап-жөнелту жолдары және 791 жинақ жол бұрмалары және 2880 дана дәнекерленген түйіспе тексеріліп, бес айда ақаутапқыш арбаларды пайдалану тиімділігі 100 пайызға орындалған. Мамыр айында ақаутапқыш арбалардың көмегімен ауыр ақаулы рельс табылмағанмен, бес ай ішінде мұндай рельстің 5 данасы табылып жаңасымен ауыстырылған. Ал рельс тізбектерінің істен шығуы жағдайы тіркелмеген. Жыл басынан бергі уақытта АЛСН құрылғыларының ақаулығы тіркелмегенмен, мамыр айында Шиелі-Ақмая перегонында АЛСН құрылғысының 1 рет қалыпты жұмысының бұзылып, «ойнауы» тіркелген. Мамыр айында дистанция бойынша жол күтім жоспары 65 бірлікке белгіленсе, оның орындалуы 48 бірлікке жетіп, меже артығымен орындалған. Білікті басшы Дүйсенбай Әбдиев басқаратын жолшылар ұжымы бүгінгі шілденің ми қайнатар аптап ыстығында да ертеңгілік және кешкісін болатжолдарды жазғы ағымдық күтім жасау жұмыстарын жасап, күнделікті шаруаларымен айналысуда.  Биылғы жоспарға сәйкес 25 км жолды, 10 жинақ бағыттамалы бұрмаларды жөндеу жұмысын атқарған, 0,2 мың дана оқшаулы түйіспелерді іріктеп, 2,5 дана рельстік жалғағыштарды дәнекерлеген. Көне рельстерді ауыстыру жұмыстары 1,0 км жол бойында жүргізілді. 5 дана бұрманы қайрап жөндеу жасалып, 0,5 мың дана жаңа ағаш шпал төселді. 0,24 мың дана жарамды ағаш шпалдар салынды. Жер төсемінің техталапқа сай болуы тексеріліп, 5 дана айқаспа балқытып жапсырылды. – Сонымен қатар, аптап ыстықтан қорғаныш заттарымен қаруланған жолшылар  телімді аралап, жоспарға сай жолдарды жағалап тексеруден өткізуде,- дейді   дистанцияның техникалық бөлімнің бастығы.     Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык