Кеңес жұмысын қорытындылады
Новости
07.08.2018, 11:48
ҚТЖ Консультативтік кеңес мүшелері көлік саласы қызметкерлері күні қарсаңында Компания басшысы Қанат Алпысбаевпен кездесіп, Бурабайда өткен кеңес жұмысын қорытындылады.
2018 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша компания қызметінің нәтижелерін баяндаған Басқарма төрағасына ардагерлер «Еншілес ұйымдар мен филиалдар жұмысын тыңдау нәтижелері» бойынша теміржолдың барлық шаруашылықтарына қатысты сын-ескертпе, ұсыныс-тілектерін білдірді.
– Кеңес мүшелері Бурабайда өткен Кеңес отырысында теміржолдың құрылымдық бөлімшелері басшыларының жұмыс есебін тыңдай келе негізінен жүргізілген жұмысқа, жүк және жолаушылар тасымалы мен транзит көлемінің артуына, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына, осы жағынан халықаралық теміржолдар ішінде жоғары орындарда тұрғанына, байланыс белгілерінің жұмысына, электрмен жабдықтау қызметіне жалпы оң баға берді. Сонымен бірге кеңес мүшелері жол жағдайына бақылаудың төмендігіне, қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне, жолаушылар пойыздарындағы билет тапшылығына, локомотив паркі жетіспеушілігі мен жағдайына, сонымен қатар еңбек қорғау және қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдірді. Осы тақырыптар бойынша кеңес отырысында іскерлік пікір алмасулар болды. Ұсыныстар айтылды, – деді Консультативтік кеңес хатшысы, ардагер Қуаныш Котырев.
Ардагер теміржолшы Аби Сарқыншақов ең бір өзекті мәселе Екібастұз жағдайына, яғни осы өңірдегі жолаушылар тасымалына назар аудартса, Құрметті Қалтай Сәмбетов: «Бізде қалай? Техникалық үдеріс алға кетті, жылдам дамуда, ал кейбір салалар соған ілесе алмай жатыр, мысалы, әрине біздің жаңа америкалық тепловоз жинақтағанымыз жақсы, алайда онда бөлек техникалық саясат болу керек, бізде маневрлік тепловоздар түрлері сан алуан, кеңестік те, чештік де, қытайлық да тепловоздар бар, араласып кеткен. Соның біреуіне ғана тоқтау керек. Тіпті жолдардың бекітпелері, жолаушылар вагондарында да сондай жан-жақты жинақ. Мұндай жағдайда оларды жөндеу де, сервис те қиындық туғызады, бұл үлкен шығындарға әкеледі», – деп ой білдірді. Ардагерлер тарапынан айтылған осындай ұсыныс-пікірлерді зейін қоя тыңдаған Басқарма төрағасы алдыңғы буын ақсақалдардың бұл өзекті мәселелерді қозғауының жөні бар екенін және олардан нәтиже шығарылатынын жеткізді.
Тағы бір назар аударатыны – бүгінгі теміржолдың келбеті, имиджі көңіл толтырмайтындығы, яғни, кейбір сұрықсыз станция, бекеттер, тіпті станция атауларының жазуларында бірізділіктің жоқтығы сынға алынды. Оған қоса ардагерлер жолаушылар тасымалындағы кейбір маңызды мәселелерді ерекше бөліп айтты. Бұл салада көп оң жұмыстар бар, жасалуда, дегенмен халықтың сұранысын қанағаттандыратын кей тұстары осал болып тұрғаны сөз болды.
Компания басшысы мерекелік көңіл-күймен басталған кездесуде тарлан теміржолшыларды құттықтап, «Құрметті ардагер теміржолшы» төсбелгісімен марапаттады.
– Консультативтік кеңес – теміржол саласының дәстүрін сақтаушы алқалы жиын алаңы. Өткенсіз болашақ жоқ, сондықтан компания теміржолдағы ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән береді. Бүгінгі таңда компанияда 16 өңірлік ардагерлер кеңесі жұмыс істейді. Сіздердің салаға сіңірген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Теміржол саласындағы зор жетістіктердің бәрі, осы белеске жетуі өз ісіне берілген, өздеріңіз секілді сала тарландарының арқасы деп білеміз, – деді компания басшысы.
Жиын соңында екі буын теміржолшылар естелікке суретке түсті.
Ұлан ОРАЗ
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО
Новости
14.08.2026
Представители ВМС Казахстана посетили порт Курык