Қазақстан – Қытай: ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан мен Қытай шекаралас темір жолдары аралас комиссиясының 25-ші кезекті кеңесі шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Қытай Халық Республикасының Үрімші темір жолдарының бастығы Шан Лицзюн екі ел темір жолдары арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бұл маңызды құжатқа қол қоюдағы мақсат – қазақ-қытай шекаралық темір жол ынтымақтастығын нығайту, шекаралық тасымалдарға қазіргі әлемдік экономиканың теріс ықпал етуіне бірлесе тойтарыс беру, сонымен қатар жүк тасымалында жаңа өнімдерді игеру саласында, жүк жөнелтуде бірлесе әрекет етуді жетілдіру, тұтас бағдар бойынша логистикалық тізбектерді құру, сондай-ақ, жолаушылар тасымалы нарығын кеңейту болатын.
Жеті күнге созылған Қазақстан мен Қытай шекаралас темір жолдары аралас комиссиясының 25-ші кезекті кеңесі барысында, қазақ және қытай темір жолдарының өкілдері көптеген мәселені талқылап, екі жаққа да тиімді ортақ шешімге келуге тырысты. Мәселен, жүк тасымалы көлемін арттыру мақсатында, тараптар Қытай – Еуропа, Қытай – Орталық Азия және кері бағдар бойынша «Жаңа Жібек жолының» контейнерлік пойыздарын ұйымдастыру ісінде ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты. Ал вагондардың уақытылы оралуы үшін екі жақ келесі уақыт айналымын белгіледі. Бұдан былай қазақ темір жолдарына тиесілі вагондар кең табанды жол бойынша 2,5 тәуліктен көп емес, тар табанды жол бойынша 5 тәуліктен артық емес, ал цистерналар 7 тәуліктен көп ұсталмауы керек. Ал қытайлық вагондар тар табанды жол бойында 2,5 тәуліктен артық ұсталмауы тиіс.
Сонымен қатар ҚР және ҚХР арасындағы шекаралық станциялардың географиялық орналасуын, станциялардың өңдеу қабілеттілігін, жүк жөнелтушілердің өтініш-тілектерін ескере отырып, тараптар Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдерінде басымдыққа ие жүктерді табыстау жұмыстарын барынша ұйымдастыратын болды.
Тараптар Алашанькоу – Достық және Қорғас – Алтынкөл арқылы өтетін кедендік процедуралардың тиімділігі мен тасымал бағасын ескере отырып, алайда, клиенттерге Алашанькоу – Достық арқылы жүк тасымалдау әдетке айналып кеткенін атап өтті. Осыған орай, Қорғас – Алтынкөл арқылы контейнердегі жүктерді қайта бағыттауды барынша жүзеге асыру үшін екі жақ Қорғас – Алтынкөл арқылы жүк тасымалы барысында кедергілерді жою, кедендік процедуралардан өту барысында қолайлы сервистік қызметтерді көрсету үшін бақылаушы органдармен өзара әрекет ету және үйлестіру жұмыстарын жүргізе отырып, аталған бағдар бойынша тасымал бағасын төмендететін болды, сондай-ақ, бұл бағдар бойынша жүк тасымалын жүзеге асыруға клиенттермен жұмыс істеу шаралары қабылданды.
Қытай жағы биылғы жылдың алдағы күндерінде Үрімші темір жолдарының жетекшілік етуімен жасақталатын Қытай – Қазақстан – Орталық Азия контейнерлік пойызының Қорғас – Алтынкөл арқылы өтетінін мәлімдеді. Тараптар осы өткел арқылы өтетін контейнерлік пойыздардың да кестесін келісті.
Сонымен қатар тараптар СМГС «Жүк тасымалы ережелері» қосымшаларындағы жүк түрлеріне қатысты талаптардың орындалуына да қатысты ойларын ортаға салды. Мысалы, Қазақстан тарапы қытай жағына контейнерлердегі пломбалар саны СМГС-тің тауар құжаттамасында көрсетілген санға сәйкес келмей, соның салдарынан Достық станциясында контейнерлік пойыздардың жаппай кідірісте болуына әкелетінінен хабардар етті.
Тараптар Қазақстаннан экспортталатын сұйытылған газ тасымалын да талқылады. Қытай тарапы, қазіргі кезде Алашанькоу станциясы тар табанды жол бойынша сұйытылған газ тиелген қазақстандық вагон-цистерналарды қабылдап, түсіру үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын мәлімдеді. Сұйытылған газды тасымалдау ерекшеліктері мен вагон-цистерналарды тасымалдау жағдайы мен қауіпсіздік стандарттары бойынша талаптардың айырмашылығын есепке ала отырып, қытай жағы қазақстандық вагон-цистерналардағы газ тасымалы жағдайлары мен қауіпсіздік стандарттарын қарастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы әрмен қарай кеңесуге ұсыныс жасап, осыған қатысты қазақстандық вагон-цистерналарға қойылатын техникалық параметрлер талаптарының тізімін ұсынды. Осы сияқты өзге де көп мәселе қазақ-қытай темір жолдары делегациялары тарапынан талқыланып, ҚР және ҚХР шекаралас темір жолдары аралас комиссиясының хаттамасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды. Келіссөздер жанға жайлы іскерлік жағдайда өтті. Кеңес хаттамасына ертең қол қойылады деп күтілуде.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар