Төңкеріс – Шортанды:  21 км күрделі жөндеуден өтуде 

Новости
26.08.2016, 12:04
Солтүстіктің таңғы және кешкі салқыны күздің келе жатқанын сездірткенімен жаздың соңғы күндері әлі де шуақты, жылы болып тұр. Соны пайдаланып астаналық жолшылар  биылға жоспарланған 81 км темір жолдың күрделі жөндеуін 3 перегонда жүргізіп жатыр. Солардың бірі,  Төңкеріс – Шортанды аралығында «толаскез» алып, жұмыс жасап жатқан жолшыларға түскі ас ұйымдастырған кәсіподақ өкілдерімен бірге барып, сонау 1989 жылы салынғалы жөндеу көрмеген темір жолды жаңарту жұмыстарымен танысып қайттық. Астана – Бурабай теліміндегі Төңкеріс – Шортанды перегонында «Ағадыр» ПЧМ мен Астана УПЧ-17 мекемелерінің жолшылары қызу жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына куә болдық. 17 тамызда басталған алғашқы «толаскезден» кейінгі бұл үшіншісі. Таңғы алтыдан кешкі алтыға дейін 12 сағатқа созылатын «толаскез» уақытында ағадырлық  40 және жол дистанциясының 20 жолшысы осы бағыттағы екі тармақ күре жолдың жұп жолының 21 шақырымының ескі шпалдарын темір-бетон түріне ауыстырып, арнайы техникаларымен жолды көтеріп, әр толаскезде 1, 1,5 км жолды жаңартып келеді. Биыл бұл жолдардың өткізгіштік қуаты млрд бруттоға жетіп, арнайы нұсқаулық талаптарына сай жолды жаңарту керектілігі анықталған.    Қаптаған техника мен құжынаған адам жұмыс істеп жатқан жерден  барлық басшыларды кездестірдік. Ақмола жол бөлімшесі «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Жанат Әлжанов жөндеу жұмыстары өз мерзімінде, сапалы орындалып жатқанын жеткізді. Күн аралатып «толаскез» жарияланып тұр. Жөндеу жұмыстары келесі айдың аяғына дейін созылып, осы аралықта барлығы 27 «толаскез» болады. Сол уақытты ұтымды пайдаланудамыз. Мұнда әдеттегідей ескі жолды бұзу, жол төсемдерін төсеу, жаңа жол салу жұмыстарын «Ағадыр» ПЧМ жұмысшылары жасаса, қалған ескі жол материалдарын жинау, жолдан пойыз өткен кездегі қауіпсіздікті сақтау, жол сапасын тексеріп, қабылдап алу, жаңаланған жолдардан «толаскез» жабылғанда пойыздардың өту жылдамдығын нақтылау біздің мойнымызда. Жалпы біздің бөлімше бойынша үш жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, – дейді ол.         Жолдың бұл теліміне бір ауыл көшіп қонғандай. Күре жолдың ұзына бойы  мен айналасы сары жолақ формалы жолшылар, жол төсемдерін тегістеп, қиыршық тастарды төгетін 5 трактор, ескі жолды көтеретін және жаңа шпалдарды төсейтін, сонымен бірге жол төсемдерін нығыздайтын рельс үстіндегі алып техникалар, жұмысшыларды таситын көліктер қаптап кеткен. Пойыз астында адамдардың қалып қоймауын, жолды қоршау тәртібін, жолда бөгде заттардың болмауын, техниканың өз уақытында габаритке келтірілуін қадағалап, басқа да қауіпсіздік талаптарын сақтап отырмыз. Мұнда Астана ірілендірілген жол дистанциясының 20 жолшысы, рельстердің қисық жол бұрылыстарында дұрыс төселуін қадағалайтын 3 инженері, 2 жол шебері жұмылдырылған. Күрделі жөндеуге қажет материалдарды біз береміз. Темірбетон шпалдар мен барлық қыстырмалары Алматы жақтан «Магнетик» деген фирмадан келеді,  ал қиыршық тас Вишневка ауылынан жеткізіледі. Бұл телімге шамамен 52 мыңдай жаңа шпалдар кетеді. Ал ескі ағаш шпалдарды жинақтап, ішінен сәл жарамдыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына пайдаланамыз, – дейді Астана УПЧ-17 директорының орынбасары Серік Айқынбеков.  «Ағадыр» ПЧМ жұмысшылары өздерімен бірге жүретін жылжымалы құрам вагондарында тамақтанып, түнесе, УПЧ-17 жолшылары өздерімен ала барған түскі астарын ішіп, кешкі алтыдан кейін бірқатары Төңкеріс, Шортанды станцияларындағы өз үйлеріне, алыста тұратындары Төңкерістегі он адамдық модульдерде қонады. «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сарсекеевтің айтуынша, жолшыларға арналған жатын орын кешені – модульдер арнайы асханалық, жатын және жуынатын бөлмелерден тұрады.  Биылға барлығы 81 км жолды күрделі жөндеу жоспарланған болса, соның 21 км осы телімде, қалғандары Петропавл бағытындағы Теңіз – Тайынша перегонында және Атбасар жақта Астана – Жайнақ перегонында жасалуда. Осы үш бағыт бойынша бүгінде 81 шақырымның 9 км жөнделіп болды, жалпы барлық жұмыстарды келесі айдан қалмай аяқтау жоспарланған. 

 Райхан Рахметова,

Астана

КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics
Новости / Архив
21.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №66 от 21 августа 2026 года
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой