Өнер-білім бар жұрттар...
Қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды,айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды...» деген жыр шумақтары күні бүгін де маңызын жоймақ емес. Қазақстанның болашағы жан-жақты білімді де өнерлі жастардың қолында екенін Елбасы жастармен әрбір кездесуінде қайталап айтудан жалыққан емес.
Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның базалық оқу-ғылыми мекемесі болып табылатын М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының табалдырығынан алғаш рет мыңнан астам мектеп түлектері аттады. 1 қыркүйек – Білім күнімен оларды академияның президент-ректоры Бақытжан Қуанышев құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
–Биыл академия және оның ұжымы үшін айтулы жыл. Білім ордасына биыл 85 жыл болса, академия студенттерінің саны да биыл ерекшеленіп, алғаш рет мыңнан асып отыр. Өйткені, былтырғы жылдармен салыстырғанда, мемлекеттік білім грантының иегерлері екі есе көбейіп отыр. Мәселен, былтырғы жылы 139 грант иегері болса, ал бүгінгі күні олардың саны 243-ке жетіп отыр. Соның ішінде, 93 грант иегері «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша студент атанып отыр. Сонымен қатар 2016 жылы академияны бакалавриат бағыты бойынша 956 жас маман, магистратура бағыты бойынша 139 түлек бітірген болатын. Академияда студенттерге терең білім алып, толыққанды маман болып шығуға барлық жағдай жасалған. Зертхана-аудиториялар заманауи құрылғы-жабдықтармен жабдықталып, қашықтан оқыту жүйесі де қарастырылған. Академия «ҚТЖ» компаниясының филиалы болып табылатындықтан, тығыз іскерлік байланыс орнатылған. Академия студенттеріне теориялық білімдерін өндірістің қайнаған ортасында практикамен ұштастыру мүмкіндігі қарастырылған. Біздің көптеген студенттеріміз темір жол мекемелерінде тәжірибе алып, өздерінің білімдерімен көзге түсіп, жұмысқа тұрып жатыр. Ендеше, оқимын, білім көкжиегін кеңейтемін, өз ісінің білгірі боламын деген жастарға жол ашық, бәріңізіге оқуда сәттілік, жемісті еңбек тілеймін, – деді Бақытжан Қуанышев өз сөзінде.
ҚазККА аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына әлеуметтік шәкіртақы тағайындап, әлеуметтік қоржын қарастырып отырған еліміздегі бірден-бір оқу орны табылады. Биыл академия студенттерінің көбеюіне тағы бір себеп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, академия президенті-ректорының арнайы гранты бөлінген. Бұл гранттар комиссияның егжей-тегжейлі сүзгісінен өтіп барып, лайықты деп танылған студенттерге беріледі. Қазір бұл байқауға қатысуға студенттер қажетті құжаттарын өткізуде екен.
Сондай-ақ, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы жүзден жүйрік шыққан студенттерін ынталандырып, олардың жарқын болашағын қалыптастыруына оң ықпалын тигізіп келеді. Оның жарқын көрінісін, әр семестр қорытындысы бойынша үздік шыққан студенттерді Білім министрлігінің қолдауымен Америкаға, Болгарияға, Латвияға бір семестрге, оқып жатқан мамандығы бойынша білімдерін жетілдіруге жіберетінінен көруге болады. Сонымен қатар, академияның 6 үздік магистранты бүгінде Мәскеуге доктарантураға оқуға түсіп, білімдерін тереңдетуде.
Алдағы қазан айында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА 85 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалуда. Осы мерейтой барысында академияның өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып, мыңдаған шәкірттер тәрбиелеген С.М.Бектебаев, А.Г.Акчурин, Қ.Д.Көпжасаров сынды аға ұстаздар есімдерімен зертханалық аудиториялар ашылады деп күтілуде.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар